«Баршаларыңды «Жас Отанның» ІІ Съезінің ашылуымен құттықтаймын! Жаңа ғана мінбеге шыққан жастар жалынды сөз бен жасампаз істің иесі екендіктерін танытты. Сендер күллі Қазақстан жастарының атынан көшелі ой мен өрелі пікір айттыңдар. Сендердің тың бастамаларыңды мен әрқашан қолдаймын!» - деп бастады өз сөзін «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезіне қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан қай мағынасынан алғанда да жас мемлекет, ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар екендігін атап өтті. «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр. Жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру соңғы 7 жылда 10 есеге артты. Тек биылдың өзінде жас мамандардың баспаналы болуына және оларды қолдау көмегіне 12 миллиард теңге жұмсалды. 2020-жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй салуды тапсырдым. Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен сендерге шексіз қамқорлық жатыр. Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін.», - деді Н.Назарбаев.
Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін –
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады