Елорда тұрғындарының саны 770 мыңнан асты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында елорда тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% артқан, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана тұрғындарының 397710 нәзік жандылар болса, ер-азаматтардың саны - 372713 болды. Бұл жалпы халықтың 51,62% және 48,38% құрайды. Елордада жасы 18-ден асқан азаматтардың үлесі басым, ересектер 574361 адам (74,55%), ал 14 жасқа дейінгі балалар саны 169639 (22%) құраған.
Елорда тұрғындарының жартысына жуығы, «Алматы» ауданында тұрады, мұнда 365594 адам тіркеуге алынған. Ал «Сарыарқа» ауданында халықтың 39,5% тұрады. «Есіл» ауданында халықтың 13,1% тұрады.
Бұл ақпарат Астана қалалық статистика департаментінің 2012 жылдың 1-ші қазанындағы мәліметі негізінде дайындалған.
Елорда тұрғындарының саны 770 мыңнан асты
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес