Бүгін әлемдік қауымдастық Халықаралық достар күнін атап өтуде.
Барлық уақытта барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп танып келсе де, «шынайы достықты» өте сирек деп санаған. Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.
Аристотельдің айтуынша, Дос - бұл екі адамда болатын - бір жан. Достық туралы халық мақал-мәтелдері де өте көп. Мысалға, «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын», «Дос - егіз, дұшпан - сегіз», «Жолдасы көптің - олжасы көп», «Қимас досың сұраса қимасыңды бересің», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» және көптеген тағы басқалар.
Мүмкін бұл мереке уақыт өте келе, ескі достарға қоңырау шалып, шулы компанияда кездесіп, көтеріңкі көңіл-күймен өткен-кеткенді тағы бір мәрте еске алуға жақсы себеп болар.
Бүгін әлемдік қауымдастық Халықаралық достар күнін атап өтуде
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?