Vesti.kz спорттық порталы Қазақстанда доп теіп жүрген ең қымбат футболшылардың тізімін жасады.
Аталған тізімнің көшін "Астана" командасының бразилиялық легионері Зелао бастап тұр. 28 жасар футболшы үшін елордалық команда 1 миллион 300 мың евросын жұмсаған. Екінші орында Өзбекстаннан "Ақтөбе" командасына келген Александр Гйенрих және "Таразда" доп теуіп жүрген португалиялық жартылай қорғаушы Мануэль Курто. Олардың әр қайсысы қазақстандық клубтар үшін 800 мың евроға түскен. Ал, Молдовадан келген Игорь Цыгырлаш тағы сол "Астана" 600 мың евросын жұмсапты.
ҚР Премьер-линасында ойнап жүрген 11 бірдей ойыншы трансфер нарығында жарты миллион евроға бағаланған. Тізіп айтар болсақ, Дамир Кояшевич (Черногория), Танат Нөсербаев және Жамбыл Көкеев, Алексей Мулдаров пен Тимур Кападзе (Өзбекстан), Даниэль Аддо (Гана), Любомир Михалик (Словакия), Ненад Шливич және Вукасин Томич (Сербия), Микаэль Антуан-Курье (Франция), Эммануэль Обиора Одита (Нигерия).
Айта кетейік, Танат Нөсербаев пен Жамбыл Көкеев ең қымбат футболшылардың тізіміндегі жалғыз екң қазақ.
Қазақстанның ең қымбат футболшыларының арасында екі қазақ бар
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?