Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды BNews.kz.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік саясат» аталымы бойынша «Жыл адамы» атағына Ресей Федерациясының Президенті В.Путин мен Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко ие болды. Үш мемлекеттің көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін марапатталды.
Қазақстан Президенті Сарапшылар кеңесінің мүшелері мен лауреаттарға жолдаған жеделхатында Ұлттық сыйлықтың берілгені үшін алғысын білдірген және Кеден одағына мүше елдер көшбасшыларының жеңісі еуразиялық интеграцияның маңызды екенін тағы да көрсетіп бергенін атап өткен.
«Бұл бірлестік біздің мемлекеттеріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі ықпал ете отырып, өзінің тиімділігі жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді» делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының одан әрі дамуы Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқатының өсуіне ықпалын тигізетініне сенім білдіреді.
«Жыл адамы» ұлттық сыйлығын Орыс биографиялық институты 1993 жылы бекіткен және стратегиялық мәні бар – ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін беріледі.
Өткен жылғы сыйлықтың лауреаттары қатарында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий Екінші, жазушы Александр Солженицын, академик Жорес Алферов пен Лео Бокерия және өзге көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ірі кәсіпорындар басшылары бар.
Н.Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды
Оқи отырыңыз
12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті