Жаңалықтар

Қазақстан 2013-2015 жылдарға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі атанды

12 қарашада Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясы аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасы алғаш рет Кеңестің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Қазақстанның кандидатурасын жақтап 183 мемлекет дауыс берді. Бұл сайлауда БҰҰ АҚК-ге барлығы 18 жаңа мүше-мемлекет сайланды. БҰҰ АҚК 2006 жылдың 15 наурызында құрылды және Адам құқықтары жөніндегі комиссияны алмастыра отырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы жетекші халықаралық орган болып табылады. Кеңестің құрамына 47 мемлекет кіреді. Кеңеске мүше болуға БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері құқылы, оған тікелей және жасырын дауыс беру жолымен БҰҰ БА мүшелерінің басым дауысын жинаған ел үш жылға сайлана алады. Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді араласып, жеке тұлға құқығы мен еркіндігін қорғаушы және жүзеге асыратын құқық қорғау тетіктерімен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚК сессиясының жоғары деңгейлі сегментіне жыл сайын қатысып отырады. 2010 жылдың ақпанында Қазақстан БҰҰ АҚК-ның жаңа құқық қорғау тетігі - Әмбебап кезеңдік шолу аясында тұңғыш ұлттық баяндамасын жасап, оны сәтті қорғап шықты. БҰҰ-ның ірі құқық қорғау құрылымына біздің еліміздің сайлануы адамның әмбебап құқықтары мен еркіндіктерін бірізді нығайту мен қорғау мәселесінде Қазақстанның ілгерілеуін мойындау, сонымен қатар осы салада оның белсенді халықаралық ынтымақтастықты қатаң ұстанатындығының жарқын дәлелі болып табылады.
13.11.2012 08:42 3017

12 қарашада Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясы аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасы алғаш рет Кеңестің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Қазақстанның кандидатурасын жақтап 183 мемлекет дауыс берді. Бұл сайлауда БҰҰ АҚК-ге барлығы 18 жаңа мүше-мемлекет сайланды. БҰҰ АҚК 2006 жылдың 15 наурызында құрылды және Адам құқықтары жөніндегі комиссияны алмастыра отырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы жетекші халықаралық орган болып табылады.

Кеңестің құрамына 47 мемлекет кіреді. Кеңеске мүше болуға БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері құқылы, оған тікелей және жасырын дауыс беру жолымен БҰҰ БА мүшелерінің басым дауысын жинаған ел үш жылға сайлана алады. Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді араласып, жеке тұлға құқығы мен еркіндігін қорғаушы және жүзеге асыратын құқық қорғау тетіктерімен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚК сессиясының жоғары деңгейлі сегментіне жыл сайын қатысып отырады.

2010 жылдың ақпанында Қазақстан БҰҰ АҚК-ның жаңа құқық қорғау тетігі - Әмбебап кезеңдік шолу аясында тұңғыш ұлттық баяндамасын жасап, оны сәтті қорғап шықты.
БҰҰ-ның ірі құқық қорғау құрылымына біздің еліміздің сайлануы адамның әмбебап құқықтары мен еркіндіктерін бірізді нығайту мен қорғау мәселесінде Қазақстанның ілгерілеуін мойындау, сонымен қатар осы салада оның белсенді халықаралық ынтымақтастықты қатаң ұстанатындығының жарқын дәлелі болып табылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға