Жаңалықтар

Тынышбаев Мұхамеджан

Соңғы  редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тынышбаев Мұхамеджан (12.5.1879, бұрынғы Жетісу обл. Лепсі у. Мақаншы-Садыр болысы – 1938, Ташкент) – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш т. ж. инженері. 1900 ж. Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Т. өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 ж. Верный қ-нда өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу обл. әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Т-ты “тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі” екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұрады. 1900 ж. жол қатынасы ин-тына түсіп, 1906 ж. бітірді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Патша өкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысты. 1905 ж. қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етті. Ин-тты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия т. ж. құрылысына  жіберілді. 1907 ж. Екінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды және онда агр. комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Орта Азия т. ж. құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өз. арқылы өтетін көпірді салуға қатысты. 1911 ж. Урсатьевск – Әндіжан т. ж. құрылысының бастығы әрі бас инженері болды. 1914 ж. Арыс – Әулиеата т. ж. құрылысының бас инженері қызметін атқарды. Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлылыққа шақырды. Патша өкіметінің жергілікті билік орындарының көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды жазалауда жасаған озбырлығын әшкерелеуде белсенділік танытты. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Т. Уақытша үкіметтің Түркістан к-ті құрамына мүше болып тағайындалды. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съезіне қатысты. Уақытша үкіметтің Түркістан к-тінің мүшесі ретінде Жетісу обл-ндағы 1916 ж. Қытайға ауып кеткен қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан өлкесінде жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің билікті өз қолына алу жолындағы әрекетіне қарсылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің төрағасы және Қшкі істер министрі болып сайланды. Көп ұзамай ол бұл қызметтерінен бас тартты. Оның орнына Мұстафа Шоқай тағайындалды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. Алашорда үкімет құрамына сайланды. Т. алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, Ғ.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері к-тімен және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920 ж. 1 қазанда Ташкент қ-нда ашылған Қазақ халық ағарту ин-тына қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді. Ин-т үшін Т. ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды және осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинастырды. Т. халық ағарту ин-тында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Т. сонымен бірге ғыл. жұмыспен де белсене айналысты. Ол Орыс географ. қоғамының Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, “Талап” ұйымының мүшесі болды. “Түркістан ұлттық бірлігі” ұйымының қызметіне ат салысты. Т. халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғыл. тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазды. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Т. еңбектеріндегі “Қырғыз-қазақ руларының шежіресі”, “Қырғыз-қазақтың шығу тегі”, “Қазақ этнонимі туралы”, “Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы”, “Ақтабан шұбырынды” секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы, Т-тың өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Т. еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің ұстануын талап етті. Т. 1922 ж. Түркістан АКСР-і Су шаруашылығы басқармасында, 1924 ж. Ташкентте Жер суландыру бөлімінде, 1925 ж. Қызылорда қ-ның құрылыс-жөндеу жұмыстарында, 1926 ж. Жетісу губ. атқару к-тінің Жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-маман ретінде таныта білді. 1927 жылдан бастап Түркістан – Сібір темір жолы құрылысында қызмет етті. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі маманы болды. Т-тың кәсіби шеберлігі Түрксіб құрылысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Т. кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде 1930 ж. 3 тамызда тұтқынға алынды. Оған “тап жауы”, “буржуазияшыл-ұлтшыл” деген айып тағылды. Кейінгі жылдары да үнемі бақылауда болған ол, ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Алматы қ-ндағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына Т. есімі берілген. Алматы обл. Сарқант ауд-ндағы бір ауыл және Алматы қ-ндағы бір көше Т. есімімен аталады.   Шығ.: Материалы к истории киргиз-казахского народа, Таш., 1925; Великие бедствия и великие победы казахов, А., 1992; История казахского народа, А., 1993. М. Әбдешов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 10:29 7942

Соңғы  редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тынышбаев Мұхамеджан (12.5.1879, бұрынғы Жетісу обл. Лепсі у. Мақаншы-Садыр болысы – 1938, Ташкент) – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш т. ж. инженері. 1900 ж. Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Т. өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 ж. Верный қ-нда өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу обл. әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Т-ты “тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі” екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұрады. 1900 ж. жол қатынасы ин-тына түсіп, 1906 ж. бітірді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Патша өкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысты. 1905 ж. қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етті. Ин-тты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия т. ж. құрылысына  жіберілді. 1907 ж. Екінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды және онда агр. комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Орта Азия т. ж. құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өз. арқылы өтетін көпірді салуға қатысты. 1911 ж. Урсатьевск – Әндіжан т. ж. құрылысының бастығы әрі бас инженері болды. 1914 ж. Арыс – Әулиеата т. ж. құрылысының бас инженері қызметін атқарды. Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлылыққа шақырды. Патша өкіметінің жергілікті билік орындарының көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды жазалауда жасаған озбырлығын әшкерелеуде белсенділік танытты. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Т. Уақытша үкіметтің Түркістан к-ті құрамына мүше болып тағайындалды. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съезіне қатысты. Уақытша үкіметтің Түркістан к-тінің мүшесі ретінде Жетісу обл-ндағы 1916 ж. Қытайға ауып кеткен қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан өлкесінде жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің билікті өз қолына алу жолындағы әрекетіне қарсылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің төрағасы және Қшкі істер министрі болып сайланды. Көп ұзамай ол бұл қызметтерінен бас тартты. Оның орнына Мұстафа Шоқай тағайындалды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. Алашорда үкімет құрамына сайланды. Т. алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, Ғ.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері к-тімен және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920 ж. 1 қазанда Ташкент қ-нда ашылған Қазақ халық ағарту ин-тына қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді. Ин-т үшін Т. ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды және осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинастырды. Т. халық ағарту ин-тында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Т. сонымен бірге ғыл. жұмыспен де белсене айналысты. Ол Орыс географ. қоғамының Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, “Талап” ұйымының мүшесі болды. “Түркістан ұлттық бірлігі” ұйымының қызметіне ат салысты. Т. халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғыл. тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазды. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Т. еңбектеріндегі “Қырғыз-қазақ руларының шежіресі”, “Қырғыз-қазақтың шығу тегі”, “Қазақ этнонимі туралы”, “Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы”, “Ақтабан шұбырынды” секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы, Т-тың өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Т. еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің ұстануын талап етті. Т. 1922 ж. Түркістан АКСР-і Су шаруашылығы басқармасында, 1924 ж. Ташкентте Жер суландыру бөлімінде, 1925 ж. Қызылорда қ-ның құрылыс-жөндеу жұмыстарында, 1926 ж. Жетісу губ. атқару к-тінің Жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-маман ретінде таныта білді. 1927 жылдан бастап Түркістан – Сібір темір жолы құрылысында қызмет етті. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі маманы болды. Т-тың кәсіби шеберлігі Түрксіб құрылысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Т. кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде 1930 ж. 3 тамызда тұтқынға алынды. Оған “тап жауы”, “буржуазияшыл-ұлтшыл” деген айып тағылды. Кейінгі жылдары да үнемі бақылауда болған ол, ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Алматы қ-ндағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына Т. есімі берілген. Алматы обл. Сарқант ауд-ндағы бір ауыл және Алматы қ-ндағы бір көше Т. есімімен аталады.

 

Шығ.: Материалы к истории киргиз-казахского народа, Таш., 1925; Великие бедствия и великие победы казахов, А., 1992; История казахского народа, А., 1993.

М. Әбдешов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға