Жаңалықтар

Қазақтардың 1812 – 1814 жылдары орыс-француз соғысына қатысуы

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚТАРДЫҢ 1812 – 1814 ЖЫЛДАРЫ ОРЫС-ФРАНЦУЗ СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ, 1812 ж. маусым айында Француз императоры Наполеон армиясының орыс шекарасын бұзып кіруімен орыс-француз соғысы басталды. Бұл соғысқа орыстардан басқа Ресей империясын мекендеген украин, беларусь, татар, кавказ халықтарының өкілдері, т.б. қатысты. Соның ішінде қазақтар орыс емес ұлттардан құралған әскери құрамаларға енгізіліп, башқұрт, қалмақ және басқа халықтар өкілдерімен бірге Наполеонға қарсы соғысқа қатысқан. 1812 ж. қазан – қараша айларында ауылдарда армия үшін азық-түлік, көлік, соғыс қажеттерін жинау басталды. Жүздеген қазақ жігіттері халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдер қатарына тіркелуге ерік білдірді. Соғыс қарсаңында Қазақстанның әкімш.-аумақтық бір бөлігі – Орынбор губерниясында 40 атты әскер полкі құрылды. Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2-тептяр полкі, т.б. бар еді. Қазақтар сан жағынан Орынбор полктерінде, әсіресе, Орал казактарының әскери топтарында көп болды. Өскемен, Оба және Крутоберезов болыстарында бірнеше әскери бөлімдер ұйымдастырылды. Қазақ жігіттері орыс әскерлері сапында соғыстың әуелгі кезінен бастап шет ел жорықтарына дейін қатысты. Соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты. Ертіс шебінің полктері 1812 жылғы қыркүйек айында Бородино түбіндегі қанды шайқасқа қатысты. Бұл орыс әскерлерінің орт. шебіне француздар тарапынан төнген қауіпті жойды. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбаев күміс медальмен, 1-тептяр полкінің старшыны Қарынбай Зиндәуітов (Шындәулетов) көгілдір ленталы медальмен марапатталған. 1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларында белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ Яков Беляков та болды. Орынбор қазақ полкінің жасауылы Яков Беляков одан бұрындары түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан болатын. Ол ерлігі үшін орыс қолбасшысы М.И. Кутузовтың қолынан награда да алды. 1812 жылғы 27 шілде күні Малаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда қатардағы жауынгер қазақтар Мұрат Құлшоранов, Еріш Азаматов айрықша көзге түсті, оларға хорунжий атағы берілді. Рамоново деген жерде болған шайқаста атты әскер жауынгер Боранбай Шуашбаев, жасауыл Ықсан Әубәкіров ерлікпен шайқасты. Вязьма түбінде болған ұрыста ерлік көрсеткен 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы 3-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Неміс ақпарат құралдары одақтастар мен Наполеон әскерлерінің арасында 1813 ж. күзде болған Лейпциг шайқасында аталған қаланың Гримма қақпасы мен Пробстхайд дер. аралығында Ресейдің азиялық бодандарынан жасақталған полктің шайқасқаны және оны жоғарыда аталған Яков Беляков деген қазақтың (“қырғыз”) басқарғанын жазған. Беляковтың 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылдың басында Беннигсеннің, Польша әскерінің алдыңғы шебінде болды, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында қимыл жасады. Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере түбіндегі ұрыстарға қатысты. Лейпциг және Глогау қ-ларына жасалған шабуылға қатысып, ерлік көрсеткен башқұрт полкі құрамындағы Орынбай Жанжігітов Георгий кресінің толық иегері атанса, ақын қазақ Аман Байбатыров күміс медальмен марапатталды. Кейін бұл жауынгерлер ген. Л.Л.Беннигсеннің бұйрығы  бойынша Эрфурт қ-на қарай шегінген француз әскерлері бөлімдерін талқандауға жіберілген орыс әскери бөлімдеріне қосылды. Олар башқұрт полкі құрамында атаман Пловтың казак әскеріне қосылып, Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қ-лары түбінде болған ұрыстарда ерлікпен шайқасты. Қазақтар осы башқұрт полкі құрамында Кобленц, Мангейм, Нанси, Сен-Диезье елді мекендері үшін ұрыстарға белсене қатысып, 1814 жылғы наурыздың 14-і күні император І Александрдың бұйрығымен құрметті жеңімпаздар ретінде Парижге кірген әскери күштер арасында қазақ жігіттері Амен Байбатыров пен Орынбай Жанжігітов те бар еді. ҚР-ның Орт. архивінде Мұхамет Әбдірахманов деген ақмолалық қазақтың 1814 ж. “Парижді алғаны үшін” медалімен марапатталғаны жайлы құжат бар. Башқұрт-қазақ әскери бөлімшелері құрамында Наполеон басқыншылығына қарсы негізгі шайқастарға қатысқан қазақтар Ресей мемлекетінің жеңісіне үлкен үлес қосты. Қ. Исабай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 04:38 19547

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

ҚАЗАҚТАРДЫҢ 1812 – 1814 ЖЫЛДАРЫ ОРЫС-ФРАНЦУЗ СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ, 1812 ж. маусым айында Француз императоры Наполеон армиясының орыс шекарасын бұзып кіруімен орыс-француз соғысы басталды. Бұл соғысқа орыстардан басқа Ресей империясын мекендеген украин, беларусь, татар, кавказ халықтарының өкілдері, т.б. қатысты. Соның ішінде қазақтар орыс емес ұлттардан құралған әскери құрамаларға енгізіліп, башқұрт, қалмақ және басқа халықтар өкілдерімен бірге Наполеонға қарсы соғысқа қатысқан. 1812 ж. қазан – қараша айларында ауылдарда армия үшін азық-түлік, көлік, соғыс қажеттерін жинау басталды. Жүздеген қазақ жігіттері халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдер қатарына тіркелуге ерік білдірді. Соғыс қарсаңында Қазақстанның әкімш.-аумақтық бір бөлігі – Орынбор губерниясында 40 атты әскер полкі құрылды. Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2-тептяр полкі, т.б. бар еді. Қазақтар сан жағынан Орынбор полктерінде, әсіресе, Орал казактарының әскери топтарында көп болды. Өскемен, Оба және Крутоберезов болыстарында бірнеше әскери бөлімдер ұйымдастырылды. Қазақ жігіттері орыс әскерлері сапында соғыстың әуелгі кезінен бастап шет ел жорықтарына дейін қатысты. Соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты. Ертіс шебінің полктері 1812 жылғы қыркүйек айында Бородино түбіндегі қанды шайқасқа қатысты. Бұл орыс әскерлерінің орт. шебіне француздар тарапынан төнген қауіпті жойды. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбаев күміс медальмен, 1-тептяр полкінің старшыны Қарынбай Зиндәуітов (Шындәулетов) көгілдір ленталы медальмен марапатталған. 1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларында белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ Яков Беляков та болды. Орынбор қазақ полкінің жасауылы Яков Беляков одан бұрындары түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан болатын. Ол ерлігі үшін орыс қолбасшысы М.И. Кутузовтың қолынан награда да алды. 1812 жылғы 27 шілде күні Малаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда қатардағы жауынгер қазақтар Мұрат Құлшоранов, Еріш Азаматов айрықша көзге түсті, оларға хорунжий атағы берілді. Рамоново деген жерде болған шайқаста атты әскер жауынгер Боранбай Шуашбаев, жасауыл Ықсан Әубәкіров ерлікпен шайқасты. Вязьма түбінде болған ұрыста ерлік көрсеткен 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы 3-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Неміс ақпарат құралдары одақтастар мен Наполеон әскерлерінің арасында 1813 ж. күзде болған Лейпциг шайқасында аталған қаланың Гримма қақпасы мен Пробстхайд дер. аралығында Ресейдің азиялық бодандарынан жасақталған полктің шайқасқаны және оны жоғарыда аталған Яков Беляков деген қазақтың (“қырғыз”) басқарғанын жазған. Беляковтың 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылдың басында Беннигсеннің, Польша әскерінің алдыңғы шебінде болды, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында қимыл жасады. Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере түбіндегі ұрыстарға қатысты. Лейпциг және Глогау қ-ларына жасалған шабуылға қатысып, ерлік көрсеткен башқұрт полкі құрамындағы Орынбай Жанжігітов Георгий кресінің толық иегері атанса, ақын қазақ Аман Байбатыров күміс медальмен марапатталды. Кейін бұл жауынгерлер ген. Л.Л.Беннигсеннің бұйрығы  бойынша Эрфурт қ-на қарай шегінген француз әскерлері бөлімдерін талқандауға жіберілген орыс әскери бөлімдеріне қосылды. Олар башқұрт полкі құрамында атаман Пловтың казак әскеріне қосылып, Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қ-лары түбінде болған ұрыстарда ерлікпен шайқасты. Қазақтар осы башқұрт полкі құрамында Кобленц, Мангейм, Нанси, Сен-Диезье елді мекендері үшін ұрыстарға белсене қатысып, 1814 жылғы наурыздың 14-і күні император І Александрдың бұйрығымен құрметті жеңімпаздар ретінде Парижге кірген әскери күштер арасында қазақ жігіттері Амен Байбатыров пен Орынбай Жанжігітов те бар еді. ҚР-ның Орт. архивінде Мұхамет Әбдірахманов деген ақмолалық қазақтың 1814 ж. “Парижді алғаны үшін” медалімен марапатталғаны жайлы құжат бар. Башқұрт-қазақ әскери бөлімшелері құрамында Наполеон басқыншылығына қарсы негізгі шайқастарға қатысқан қазақтар Ресей мемлекетінің жеңісіне үлкен үлес қосты.

Қ. Исабай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға