Жаңалықтар

Қасым ханның қасқа жолы

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 “Қасым ханның қасқа жолы” – қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде (1511–23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған “ярғу” заңынан (қазақша “жарғы” – хақиқат деген ұғымды білдіреді)  алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этн. аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге  жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мыс., жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық “жарғыны” жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықар. қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері). Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен “Қасым ханның қасқа жолы” деп аталып кетті. “Қасқа жолдың” қағидалары өзгерусіз 17 ғ-ға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 – 1645) “Есім ханның ескі жолы” деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 –1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл-шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезеңінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, “Жеті жарғы” (Жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосылған бұл екі тарау: жесір дауы; құн дауы. Бұл кезеңде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын өз алдына бөлектеп, қылмыс заңына айналдырған. 15 – 18 ғ-ларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер қалпында сақталған. Мыс., “Қара қылды қақ жару”; “Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру”, “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би”, “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”, т.б. Н. Өсерұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 04:16 10969

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қасым ханның қасқа жолы” – қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде (1511–23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған “ярғу” заңынан (қазақша “жарғы” – хақиқат деген ұғымды білдіреді)  алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этн. аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге  жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мыс., жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық “жарғыны” жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықар. қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері). Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен “Қасым ханның қасқа жолы” деп аталып кетті. “Қасқа жолдың” қағидалары өзгерусіз 17 ғ-ға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 – 1645) “Есім ханның ескі жолы” деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 –1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл-шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезеңінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, “Жеті жарғы” (Жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосылған бұл екі тарау: жесір дауы; құн дауы. Бұл кезеңде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын өз алдына бөлектеп, қылмыс заңына айналдырған. 15 – 18 ғ-ларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер қалпында сақталған. Мыс., “Қара қылды қақ жару”; “Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру”, “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би”, “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”, т.б.

Н. Өсерұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға