Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі – мемлекеттік басқару органы. Оған мемлекет қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, мемл. органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық тәртібін қолдау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеттері жүктелген. Кеңестік дәуірде ҚАКСР Әділет халкоматы (1919, шілде), Қырревком жанындағы Әділет бөлімі 1919, желтоқсан), Орт.  әділет бөлімі (1920, шілде) Қырғыз (Қазақ) АКСР Юстиция халкоматы (1920, қазан), ҚазКСР Әділет мин. (1946), ҚазКСР Мин. Кеңесінің жанындағы Юстиция комиссиясы (1960), ҚазКСР Әділет мин. (1971) деп аталды. Құрылымы: Заң актілері, Заң жобалау қызметін үйлестіру, жүйелеу, орт. және жергілікті мемл. органдардың нормалық құқықтық актілерін тіркеу және бақылау, Құқықтық насихат, мемл. тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс, Ішкі әкімш. департаменттері; Ішкі қауіпсіздік және әділет аттестац. комиссиясы, Заң қызметтерін ұйымдастыру, Халықар. құқық басқармалары; Тіркеу қызметі, Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі к-ттері. Әділет мин-нің қарамағында: “Сот сараптамасы орталығы” мемл. мекемесі; “ҚР әділет мин-нің Заң шығару ин-ты” ЖАҚ; “Респ. құқықтық ақпарат орталығы” РМК; “ҚР Әділет органдары, мемл. және өзге ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ин-ты” ЖАҚ; “Заң” акцион. компаниясы ААҚ жұмыс істейді. Министрліктің міндеттері заңдарды жетілдіру, нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу, оған ресми түсіндірме беру; халықар. шарттарды құқықтық қамтамасыз ету және шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру, сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру, сот сарапшыларына заңда белгіленген тәртіппен лицензиялар беру, сот сараптамасы саласындағы ғыл-зерт. жұмыстарын үйлестіру, әкімш. құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; орт. мемл. органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемл. тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемл. тіркеу, бөлімшелер мен өкілеттіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемл. тіркелімін және бөлімшелер мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемл. тіркеу, құқықтық кадастр жүргізу, мемл. нотариат кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату, мемл. нотариат кеңселерінің жұмысына басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау, азаматтық хал заңдарына түсіндірме беруге қатысу, заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу, туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу, қазақстандық заңды тұлғалардың шет елдік несиегерлерге берешектерінің сипатын анықтау; есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласында – қызмет түрлерін лицензиялауды бақылау, нашақорлық ахуалының жай-күйін және даму процесін талдау, осы саладағы ғыл. зерттеулерді үйлестіру; бағалау қызметі субъектілерінің белгіленген әдістемелерді, нормативтерді, ережелерді және заңдарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау; сотталғандарды қылмыстық жазаны өтеу органдары мен мекемелеріне соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес орналастыруды ұйымдастыру, әділет органдары жүйесінің кадрларын даярлау және қайта даярлау; ҚР Үкіметі мен Премьер-министрінің тапсыруымен құқықтық мәселелер жөнінде мемлекет мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету; орт. және жергілікті мемл. органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау. С. Бекбосынов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 04:05 10689

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі – мемлекеттік басқару органы. Оған мемлекет қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, мемл. органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық тәртібін қолдау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеттері жүктелген. Кеңестік дәуірде ҚАКСР Әділет халкоматы (1919, шілде), Қырревком жанындағы Әділет бөлімі 1919, желтоқсан), Орт.  әділет бөлімі (1920, шілде) Қырғыз (Қазақ) АКСР Юстиция халкоматы (1920, қазан), ҚазКСР Әділет мин. (1946), ҚазКСР Мин. Кеңесінің жанындағы Юстиция комиссиясы (1960), ҚазКСР Әділет мин. (1971) деп аталды. Құрылымы: Заң актілері, Заң жобалау қызметін үйлестіру, жүйелеу, орт. және жергілікті мемл. органдардың нормалық құқықтық актілерін тіркеу және бақылау, Құқықтық насихат, мемл. тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс, Ішкі әкімш. департаменттері; Ішкі қауіпсіздік және әділет аттестац. комиссиясы, Заң қызметтерін ұйымдастыру, Халықар. құқық басқармалары; Тіркеу қызметі, Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі к-ттері. Әділет мин-нің қарамағында: “Сот сараптамасы орталығы” мемл. мекемесі; “ҚР әділет мин-нің Заң шығару ин-ты” ЖАҚ; “Респ. құқықтық ақпарат орталығы” РМК; “ҚР Әділет органдары, мемл. және өзге ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ин-ты” ЖАҚ; “Заң” акцион. компаниясы ААҚ жұмыс істейді. Министрліктің міндеттері заңдарды жетілдіру, нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу, оған ресми түсіндірме беру; халықар. шарттарды құқықтық қамтамасыз ету және шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру, сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру, сот сарапшыларына заңда белгіленген тәртіппен лицензиялар беру, сот сараптамасы саласындағы ғыл-зерт. жұмыстарын үйлестіру, әкімш. құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; орт. мемл. органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемл. тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемл. тіркеу, бөлімшелер мен өкілеттіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемл. тіркелімін және бөлімшелер мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемл. тіркеу, құқықтық кадастр жүргізу, мемл. нотариат кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату, мемл. нотариат кеңселерінің жұмысына басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау, азаматтық хал заңдарына түсіндірме беруге қатысу, заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу, туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу, қазақстандық заңды тұлғалардың шет елдік несиегерлерге берешектерінің сипатын анықтау; есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласында – қызмет түрлерін лицензиялауды бақылау, нашақорлық ахуалының жай-күйін және даму процесін талдау, осы саладағы ғыл. зерттеулерді үйлестіру; бағалау қызметі субъектілерінің белгіленген әдістемелерді, нормативтерді, ережелерді және заңдарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау; сотталғандарды қылмыстық жазаны өтеу органдары мен мекемелеріне соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес орналастыруды ұйымдастыру, әділет органдары жүйесінің кадрларын даярлау және қайта даярлау; ҚР Үкіметі мен Премьер-министрінің тапсыруымен құқықтық мәселелер жөнінде мемлекет мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету; орт. және жергілікті мемл. органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау.

С. Бекбосынов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға