Жаңалықтар

Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер. Бірақ, бұл саладағы еңбектердің зерттелу деңгейіне шолу жасамай-ақ, өзекті мәселелер шоғырының біріне назар аудартайын. Ол тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселесі. Осы кезге дейінгі зерттеулерде тарихи оқиғалардың этнодемографиялық салдарлары басты назарда болып, оның әлеуметтік процестермен байланысты өзгерістерге ұшырауы арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Әлеуметтік процесс дегеніміз – кез-келген бір әлеуметтік құбылыстың белгілі бір мерзім ішіндегі дамуы. Әлеуметтік жүйенің интеграциясы мен дезинтеграциясы, топтардың тұтасталуы мен дағдарыстарға ұшырауы, эмиграция мен иммиграция; еңбекпен қамтылуы мен жұмыссыздық, тіпті ұйымдардағы мамандардың сақталуы мен тұрақтанбауы да әлеуметтік процестердің қатарына жатады. Ал, қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы әлеуметтік өзгерістер қоғамның жай-күйін өзгертеді, оны жаңа сатыға көтереді немесе керісінше, түсіреді. Былайша айтқанда, зерттеу нысанының белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген қозғалысы, өзгерісі, эволюциясы, оның сандық және сапалық, түр өзгерісі – осының бәрі әлеуметтік процесс болса, оның халықтану саласындағы нәтижелерін зерттеу тарихи демографияның еншісіне тиесілі. Бірнеше ғылымның қиылысында тұрған тарихи демография ғылымы үшін  қазіргі кезеңдегі әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста өрбудегі халықтың ұлттық, әлеуметтік, мамандықты-біліми, кәсіби, демографиялық көрсеткіштердегі өзгерістерін, олардың өзара байланысын, эволюциясы мен нәтижесін зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда қажет және әлі зерттелмегеніне орай өзекті болып табылады. Әлеуметтік процестерді туындататын әлеуметтік өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан, олардың ішіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің (әлеуметтік жіктеліс, әлеуметтік және мамандықты бейімделудің) сандық және сапалық көрсеткіштері мен қалыптасқан немесе қалыптасудағы тарихы алдағы зерттеу тақырыптарының бірі болатынына күмән жоқ.  Себебі, тарихи демографияның қарастыратын мәселелерінің қатарына адамдардың әлеуметтік жағдайына, мамандықты, таптық белгілеріне қарай бөлінуі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының қай бөлігіне жататындығына байланысты өзгешеліктерді зерттеу де жатады. Кеңестік дәуірдегі көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберсе, оның әлеуметтік құрылым динамикасындағы орны мен рөлін және олардың даму заңдылықтарын анықтау мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік процестердің халықтану саласындағы барысы тіпті де қарастырылмады деп айтуға болады. Жалпы, өзекті мәселелер жеткілікті. Мен соның ішінде, арнайы зерттеу нысаны ретінде алуға болатын өзекті мәселенің бірі – тәуелсіз Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тақырыбына тоқталайын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы трансформациялық процестер қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де қатынастарды жаңа арнаға салды. Республикадағы әлеуметтік құрылымның қалыптасу эволюциясында екі процесті бөліп алуға болады: 1. Инновацияның қалыптасу процесі (жаңа әлеуметтік құрылымның тууы, қалыптасуы, оның жаңа сапалық қасиеттерінің бекуі); 2. Инновацияны таңдау процесі (бұл бір топтардың сақталуы мен екіншілерінің жойылуы). Мұндай сапалық өзгерістердің қазақстандық қоғамдағы түрлі таптар, топтар мен әлеуметтік қабаттардың түбегейлі мүдделерімен тоқайласатын  тұстары өте көп: меншік қатынастары мен еңбекті ұйымдастырудың нарықтық жолға түсуі, әлеуметтік қабаттарға жіктелуде жаңа элементтердің туындауы және т.б. Қоғамдағы осындай түбегейлі әлеуметтік-экономикалық процестердің бірі – Қазақстан халқының экономикалық жағынан белсенді әрі анағұрлым басым бөлігі ретінде орнығатын орта таптың қалыптасуымен де тығыз байланысты. Республикадағы әлеуметтік саланың трансформациялануын, жалпы алғанда, стратификация жүйесіндегі жаңа қабаттардың (бір жағынан, ірі және орташа меншік иелері болып табылатын «жаңалар», екінші жағында - әлеуметтік қамсыздандырылмаған және нарықтық сұранысқа сай келмейтін топтар) туындауы мен олардың қалыптасқан мәртебелік-рөлдік қызметтерге бейімделуі, әлеуметтік және жеке тұрғыдағы жаңаша бағдарға икемделуі ерекшелейді.  Әлеуметтік құрылымда жүріп жатқан өзгерістердің тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі болып табылатын нарықтық қатынастар тудыратын процестерге тығыз байланысты. Сондай-ақ, еліміздегі экономикалық, әлеуметтік қатынастардың бос жерде қалыптасып жатпағаны тағы да белгілі. Олай болса, қоғамдық дамудың әлеуметтік саласын қамтитын өзгерістерге Кеңес дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік құрылымында өткен ғасырдың ортасында жүрген өзгерістердің байланысы бар ма, жоқ па ? - деген сұрақтарға да жауап іздеген жөн. Кеңес билігі жылдарында барлық Кеңес Одағы үшін екі таптан (жұмысшы және шаруа-колхозшылар) және интеллигенция қабатынан құралған біртекті әлеуметтік құрылым қалыптасты. 1989 ж. тұрғылықты халықтың әлеуметтік құрамы келесі түрде болды: жұмысшылар - 63,0 %, қызметкерлер - 32,3 %, колхозшылар - 4,6 %, жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар, табыну қызметшілері мен әлеуметтік топтарын көрсетпеген тұлғалар - 0,1 % [1].  Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында қоғам дамуының негізгі салаларында елдің қазіргі кезеңін ғана емес, болашағын да ұзақ мерзімге белгілеген терең, шын мәнінде тарихи әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық өзгерістер болды. Қазақстанның әлеуметтік құрылымының нарықтық қатынасқа көшу жағдайындағы түп-тамырымен өзгеруінің негізгі себебі меншік нысандарының өндіріс құралдарына ауысуы болды - біртекті социалистік (мемлекеттік және колхоз-кооперативтік) меншіктің орнына меншіктің көп түрлілігі келді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары мен кепілдігін анықтайтын, еркіндігін қамтамасыз ететін алғашқы заң 1990 ж. 11 желтоқсанда, тәуелсіздік жарияланғанға дейін қабылданған Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР шаруашылық әрекетінің еркіндігі және кәсіпкерлік туралы» заңы* болды. Осы заңда «Қазақ КСР-де кәсіпкерлік қолданыстағы заң шеңберіндегі бастамашыл, щаруашылық және өзінің жекеменшік, несиеге алған және басқа да мүлік пен қаржы есебінен кәсіпкерлік әрекетке қатысушылардың өзара тиімді нәтижеге жетуі мен табыс табуы» делінген. Осы заңның 2 бабында республикадағы кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілері (бұдан ары қарай кәсіпкерлер) бола алатындар – Қазақ КСР мен өзге одақтас республикалардың заңды тұлғалары, сондай-ақ, орнатылған заң тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген шетел азаматтары деп көрсетілді [2]. Осы заң жаңа страталардың қалыптасуының мемлекеттік саясатының негізін қалады. Келесі құқықтық акт 1992 ж. 4 шілдесінде «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заң болды. Республикада мемлекеттік, бұрынғы социалистік, меншіктен басқа меншіктің жеке және шетелдік сияқты жаңа нысандары пайда болды. Жеке меншіктің үш түрі болды: 1) азаматтардың меншігі; 2) мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз); 3) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен). 1991-2000 жж. жекешелендіру процесі жүргізілді. Нарықтық экономиканың мызғымас шарты – жеке меншіктің пайда болуы жекешелендіру жылдам қарқынмен жүрді. Мысалы, 1996 ж. 4056 нысан жекешеленсе, 1997 ж. – 6777, 1998 ж. – 3073, 1999 ж. 2318 нысан жекешелендірілді [3, 196]. Бұның нәтижесін меншік нысандарында қамтылған еңбеккерлер үлесінің арақатынасының өзгерісінен байқайық: 1996 ж. 6518,9 мың еңбекпен қамтылған адамның мемлекеттік меншік нысандарында 36,6%-ы  немесе 2386,7 мыңы, жеке меншік нысандарында 47,0%-ы немесе 3066,0 мыңы, шетелдік компаниялардың қатысуынсыз бірлескен меншік нысандарында 14,7%-ы немесе 956,2 мыңы, шетелдіктермен ортақ меншік нысандарында 0,4%-ы немесе 29,0 мыңы, шетелдіктердің иелігіндегі нысандарда 1,2%-ы немесе 81,0 мың адам еңбек етті. Енді осындай көрсеткіштердің 2000 жж. мәліметтеріне келсек, 2002 ж. еңбекпен қамтылғандар 6708,9 мың адамның мемлекеттік меншік нысандарында қызмет ететіндерінің үлесі 25,0%-ға төмендеді. Жеке меншік нысандарында қызмет ететіндер үлесі 72,6%. Аймақтар бойынша бұл көрсеткіштердіің өзгешеліктері анық көрінді. Республика бойынша еңбекпен қамтылу деңгейі Астана, Алматы, қалаларымен бірге Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоғарылау болды. Осы облыстардағы мемлекеттік меншік нысандарда жұмыс істейтіндер үлесі де 32,3%-38,1% аралығында анағұрлым жоғары болды. Бұдан кейінгі жылдардағы меншік нысандарында қамтылғандар үлесінің өсу қарқындылығы жағынан 1 орында шетелдік меншіктерде, сонан соң жеке меншік нысандарында қамтылғандар тұрды [4, 105]. Республика бойынша 2006 ж. 1 қаңтарында мемлекеттік меншіктің үлесіне  - 12,1 %, жеке меншіктің үлесіне - 83,1 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен), шетел қатысуынсыз - 0,46 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 3,8 %, шетел меншігіне - 4,72 % да келді. Енді осы көрсеткіштерді өндіріс салалары бойынша қамтысақ, онда оның үлттық факторды ескере отырғандағы динамикасы тереңдей анықталары сөзсіз. Тау-кен өндірісіндегі мемлекеттік меншіктің құрамы бар болғаны барлығы - 0,27 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі - 92,8 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен, шетел қатысуынсыз) - 0,66 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 10,26 %, шетел меншігі - 6,92 %-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде меншік нысандарының басқа ара қатынасы байқалды - мұнда мемлекеттік меншіктің үлесі аздап жоғары болды және 1,84 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 1 %-ға жоғары - 93,8 %-ды құрады, шетел меншігі бірқатар төмен - 4,36 %-ды құрады. Құрылыста: мемлекеттік меншіктің үлесі 0,5 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 95,76 %-ды құрады, шетел меншігі 3,72 %-ды құрады, көлік пен байланыста мемлекеттік меншіктің үлесі 1,38 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 94,23 %-ды құрады, шетел меншігі 4,37 %-ды құрады. Сонымен Қазақстан экономикасының индустриялық салаларында қазіргі кезеңде жеке (92 %-дан 96 %-ға дейін) және шетелдік (3%-дан 7 %-ға дейін) меншік үстем орындарды алып отыр. Мемлекеттік меншіктің үлесіне бар болғаны 0,2 %-дан 2 %-ға дейін ғана келеді [5, 183-184]. Меншік нысандарының осындай көптүрлілігі негізінде жұмыспен қамтылған тұрғылықты халықтың жаңа әлеуметтік құрылымы туындады. Ресми статистикада халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік көзқарастары негізінде тұрғылықты халық экономикалық белсенді (жұмыс күші) және экономикалық белсенді емес (пассив) болып бөлінеді. Қазақстанның белсенді халқының (15 жастағы және одан жоғары) экономикасының құрылымыэкономикалық қызметтің барлық түрінде жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұлғалардан құралады. Өз кезегінде жұмыспен қамтылған халық өз мәртебесі бойынша жалдамалы және «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен» жұмыскерлер болып жіктеледі. Жалдамалы жұмыскерлер - жалдау шарты бойынша жұмыс істеп жүрген, жалақы, сыйақы, үстемақы, т.б. түріндегі немесе заттай нысандағы ақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер [6]. «Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен» жұмыскерлер төрт түрге бөлінеді: тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және жалдамалы жұмыскерлері бар жұмыс беруші-кәсіпорын меншік иелері және дербес жұмыскерлер (дербес жұмыспен қамту негізінде қызметпен айналысады және тұрақты негізде жұмыскерлерді жалдамайды), ақы төленбейтін отбасылық жұмыскерлер - туысқан тұлға басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) ақысыз жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшелері (кооператив мүшелері бола отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады) [7]. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыскерлер елдегі индустрияландыру мен инновациялау бағытын жүзеге асыруға қажетті еңбек қолдарының үлкен резерві болып табылады. Жаңарған елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді: әлеуметтік құрылым дамуындағы теріс ағымдар дезинтеграция сатысында артып, негізгі экономикалық факторлармен қатар әлеуметтік құрылымның басты тежегіш ауысымына айналды. Сөйтіп, кеңестік кезеңнен кейінгі әлеуметтік құрылымның дамуындағы теріс ағымдардың негіздемесі 1991-1997 жж. өндірістің құлдырауы, әлеуметтік саланың төмендеуіне байланысты болды. Нарықтық экономикаға көшудің бас кезінде жаңа әлеуметтік топ - жұмыссыздар пайда болды, ал жұмыссыздық ең қиын әлеуметтік мәселелердің біріне айналды, бірақ 1994 ж. бастап, жұмыссыздар саны ресми статистика бойынша алғаш рет 536,4 мың адам ретінде көрсетіліп, оның деңгейі 7,5%-ға белгіленгенде (92,5 % жұмыспен қамтылғанда) оны өмірде бар фактор ретінде мойындау басталды. 1999 ж. дейінгі жұмыссыздықтың тоқтаусыз өсуі ерекше көрінеді: жұмыссыздар саны 950 мың адамды құрады, ал оның деңгейі - 13,5 %-ды құрады. Бірақ кейінгі жылдарда Қазақстанның экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты ресми түрде жұмыссыздықтың жаппай қысқару үрдісі жүріп жатыр - 2005 ж. 640,7 мың адамға дейін, ал оның деңгейі - 8,1 %-ға дейін. Әрине, ресми статистика жұмыссыздар саны туралы соншалықты дұрыс мәліметтер бермейді, себебі жұмыссыздардың көпшілігі жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелмейді, кейбір деректер бойынша бюрократтық пікірлер мен жұмыс не жәрдемақы алуға сенімділігі болмағандықтан және т.б. себептермен тек қана әрбір төртінші адам ғана барады. Көптеген жұмыстан шығарылған тұлғалар, әрине, дербес жұмыскерлердің санын толтырады, олардың көп бөлігі әлеуметтік жағынан қорғалмаған, кейде немесе ұзақ уақыт жұмыссыз жүреді, бірақ жұмыспен қамту қызметтеріне тіркеуге тұрмайды және т.б. Сондықтан ресми статистикада жұмыссыздар екі топқа жіктеледі: жұмыспен қамту қызметтерінде ресми тіркеуде тұрғандар (олар 1996 ж. – 282,4 мың – жұмыссыздық деңгейі – 4,2%) және шын мәніндегі жұмыссыздар (1996 ж. – 970,6 мың, ал ресми жұмыссыздықтың деңгейі тек қана 4,2% бен белгіленді, ал шын мәніндегісі 10,6% ға жетті) [8]. Осы мәліметтерден келесі қорытындыларды жасауға болады. Біріншіден, кеңестік уақыт үшін дәстүрлі екі тап (жұмысшылар мен колхозшылар) пен интеллигенция қабатынан тұратын біртекті әлеуметтік құрылым өмір сүруін тоқтатып, тарих қойнауына енді. Екіншіден, жаңа таптар, әлеуметтік топтар және қабаттардың пайда болуымен ерекшеленетін жаңа құрылым қалыптасты. Үшіншіден, осы жаңа құрылымның басында жаңа тап – жұмыс берушілер деп аталатын, яғни ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс және көлік ұйымдарының, фермерлік қожалықтардың, қызмет көрсету салалары қожайындарының және т.б. таптары [6]. Жалдамалы жұмыскерлердің өз әлеуметтік жағдайлары бойынша біртектес емес қана екендігін ерекше айта кету қажет. Оларды тек қана олардың – жалдамалы жұмыс күші екендігі, «жалдау шарты бойынша жұмыс істейтіндігі, жалақы, сыйақы, үстемақы, т.б. түріндегі немесе заттай нысандағы ақы алатындығы» ғана біріктіреді. Жалдамалы еңбеккерлер екіге бөлінеді: 1) жұмысшылар; 2) қызметкерлер. Қызметкерлер саны жағынан жұмысшылардан ғана артта қалған көптігі бойынша да, Республика экономикасында алып отырған жағдайымен де лайық). Нарықтық жағдайда жұмысшы табының жағдайы түп-тамырымен өзгерді, олар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін бұрынғы қоғам гегемонынан, коммунистер партиясының негізгі әлеуметтік базасынан елдің әлсіз және бөлектелген кәсіподақтары бар жеке және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін, осыдан әлеуметтік қорғалуы әлсіз көптеген әлеуметтік топтарының біріне айналды, осы туралы Қарағанды көмір бассейнінде, Жаңа Өзен және Республиканың мұнай өндіретін батыс өңірлеріндегі бірнеше рет орын алған жағдайлар куәлендіреді. Өкінішке орай, бізде Қазақстанның қазіргі кезеңдегі жұмысшы табының  жалпы құрамындағы біліктілігі жоғары, білікті, біліктілігі аз және қара жұмысшылардың саны мен үлестік салмағы туралы азды-көпті дұрыс мәліметтер жоқ. Қызметкерлер табының әлеуметтік қарқынының ерекшелейтін белгісі тек қана санының азаюы ғана емес, жұмыспен қамтылған халық құрамында үлестік салмағының артуы болды. Өзінің ішкі әлеуметтік құрылымында қызметкерлер бірнеше қабаттан тұрған. Ресми статистика бойынша, қызметкерлер үш топқа бөлінді: 1) басшылар; 2) мамандар; 3) басқалар (нақтысы – қатардағы) қызметкерлер. Ауыл шаруашылығы еңбекшілеріне келсек, олар нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында және совхоздар мен колхоздарды жою кезінде ауыр жағдайда қалып, өздерінің кеңес кезеңі үшін дәстүрлі шаруа – колхозшы немесе совхоз жұмысшысы не қызметкері әлеуметтік дәрежесінен айрылып қалды. Олардың көбі негізінде жалдамалы жұмыскерлердің санын толтырды, көбінесе жұмысшы және аз дәрежеде қатардағы қызметкерлердің, ішінара – жұмыс берушілердің, ал нашар жағдайда – жұмыссыздар қатарына қосылды. Көптеген ауыл еңбекшілері ақша табу үшін жақын маңдағы қалалар мен елдің басқа өңірлеріне, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерге тартты. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығында өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендерді сәйкесінше төрт әлеуметтік топқа бөлу туралы мәліметтер жоқ: жұмыс берушілер (меншік иелері), дербес еңбеккерлер, өндірістік кооперативтер мүшелері және отбасылық жұмыскерлер. Сонымен бірге, Қазақстанда табыну қызметшілері, халық емшілері, т.б. сияқты кейбір әлеуметтік топтар дамып келе жатыр. Басында генералитет пен офицерлік отырған әскери қызметкерлер әлеуметтік қабаты ерекше назарға ие болуға лайықты. Әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді қысқаша талдау төмендегідей қорытындылар жасауға негіз береді: 1. Қазақстан Республикасы халқының осы жылдардағы әлеуметтік қабаттарға бөлінуі жылдам қарқынмен жүрді, қоғамның аса бай, ауқатты, орта ауқатты және кедей қабаттары пайда болды, халықтың бір бөлігі жұмыссыздар қатарында және кедейлік шегінің арғы жағында қалды. 2. Меншік иелері табы, яғни жұмыс берушілер табы қалыптасты, олар өз қатарларында оннан астам олигархтармен қатар бай бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, банкирлердің, жер иелерінің және т.б. елеулі топтары бар. 3. Жұмысшы табы өзінің жетекші орнынан айрылып қалды, бөлектеніп кетті, кәсіподақтық қозғалыс әлсіз, оның өзінің жалақыны көтеру, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту бойынша заңды құқықтары үшін күресі көптеген жағдайларда мақсаттарына жетпейді. Жергілікті жұмысшылар шетелден келгендерге қарағанда өте аз жалақы алады, ол әлеуметтік жанжалдарға әкеп соғады. 4. Қызметкерлер арасында жұмыста ғана емес, қоғамда да артықшылық орын алатын басшылар түріндегі жоғары шенеуніктер элитасы, сонымен қатар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандар әлеуметтік тобы пайда болды. Қатардағы қызметкерлер, әсіресе біліктілігі жоқ жұмысшылар сияқты әлеуметтік қорғауды қажет етеді. 5. Дербес жұмыскерлердің саны көп әлеуметтік тобы өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ететін халықтың табысы аз бөлігі болып табылады, олар ертеңгі күніне сенімді бола алмайды, себебі тұрақты жұмысы, жеке кәсіпкерлігі т.б. болмағандықтан қажетті табыс көзі жоқ. Осының барлығын жоғары мемлекеттік органдар жалдамалы жұмыскерлердің төменгі қабаттарының, сонымен қатар дербес жұмыскерлердің, әсіресе ауылдық желерде жағдайын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, елдің әр түрлі қабаттары арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нығаюы және Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтылған халқының қатарында жанжалдық жағдайларды жою бойынша тиісті әлеуметтік саясатты әзірлеу мен жүргізу кезінде назарға алуда қажет. Сонымен, Кеңес дәуіріндегі біркелкі (жұмысшы, колхозшы және интеллигенциядан тұратын) әлеуметтік құрылым орнына көптеген әлеуметтік топтар, страттар жүйесі қалыптасты. Міне, осы мәселенің тарихи демографиялық қырын анықтау өзекті мәселенің бірі болып табылады. Одан бөлек, халықтың денсаулығы, білім деңгейі, некеге тұру, ажырасу, табиғи өсім, еңбек ресурстары, оны пайдалану, жұмыссыздық көздері және т.б. жаңа көзқараспен зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер қатарында. Сондай-ақ, ірі және кіші қалалардың даму ерекшеліктеріне келейік. Мысалы, кеңестік дәуірде қала тұрғындары табиғи өсімнен гөрі сырт көші-қон есебінен өсті. Алматы сияқты ірі-ірі мегаполистердің табиғи өсімінен сырт көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығының қала халқының әлеуметтік топтарының ұлттық құрамын қалыптасуындағы, осы ұлттар өкілдерінің  эмиграциялануының да көптеген қиыншылықтар туғызғаны мәлім. Одан бөлек, сырттан жұмысшылар әкелуді шектеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, техникалық мамандықтарға үйрету және басқа шаралар арқылы қазақ жастарының жұмыссыздықтан құтқару – өкімет үшін өте өзекті мәселе деп санау керек. Бір сөзбен айтқанда, тарих ғылымының тарихи демография саласының алдында зерттеуді қажет етіп тұрған өзекті мәселелер баршылық.   Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Статистический ежегодник. 1990 г. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1991. – 33 б. 2 Қазақ ССР-нде шаруашылық әрекет пен кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы. 1990 ж. 11 желтоқсанындағы ҚССР-ның Заңы // Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. – 1990. – № 51. – 483 б. 3 Статистический ежегодник. 2000. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – 466. 4 Регионы Казахстана. 2003. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2003. – 496 с. 5 Статистический ежегодник. 2006. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006. – 488 с.  6 Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О социальной структуре населения Республики Казахстан (1991-2007) // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – С. 86-95. 7 Статистический ежегодник. 1999. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1999. – 392 с.; Статистический ежегодник. 2001.  – Алматы: Агентство РК по статистике, 2001. – 572 с. 8 Труд и занятость населения в Республике Казахстан. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1998. – С. 23, 233.; Асылбекова Ж.М. Национальные индустриальные кадры Казахстана в конце ХІХ – начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект): автореф. ... д.и.н. – Алматы, 2007. А.И. Құдайбергенова  
09.11.2012 03:31 25820

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер

Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер.

Бірақ, бұл саладағы еңбектердің зерттелу деңгейіне шолу жасамай-ақ, өзекті мәселелер шоғырының біріне назар аудартайын. Ол тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселесі. Осы кезге дейінгі зерттеулерде тарихи оқиғалардың этнодемографиялық салдарлары басты назарда болып, оның әлеуметтік процестермен байланысты өзгерістерге ұшырауы арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.

Әлеуметтік процесс дегеніміз – кез-келген бір әлеуметтік құбылыстың белгілі бір мерзім ішіндегі дамуы. Әлеуметтік жүйенің интеграциясы мен дезинтеграциясы, топтардың тұтасталуы мен дағдарыстарға ұшырауы, эмиграция мен иммиграция; еңбекпен қамтылуы мен жұмыссыздық, тіпті ұйымдардағы мамандардың сақталуы мен тұрақтанбауы да әлеуметтік процестердің қатарына жатады. Ал, қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы әлеуметтік өзгерістер қоғамның жай-күйін өзгертеді, оны жаңа сатыға көтереді немесе керісінше, түсіреді. Былайша айтқанда, зерттеу нысанының белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген қозғалысы, өзгерісі, эволюциясы, оның сандық және сапалық, түр өзгерісі – осының бәрі әлеуметтік процесс болса, оның халықтану саласындағы нәтижелерін зерттеу тарихи демографияның еншісіне тиесілі.

Бірнеше ғылымның қиылысында тұрған тарихи демография ғылымы үшін  қазіргі кезеңдегі әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста өрбудегі халықтың ұлттық, әлеуметтік, мамандықты-біліми, кәсіби, демографиялық көрсеткіштердегі өзгерістерін, олардың өзара байланысын, эволюциясы мен нәтижесін зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда қажет және әлі зерттелмегеніне орай өзекті болып табылады.

Әлеуметтік процестерді туындататын әлеуметтік өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан, олардың ішіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің (әлеуметтік жіктеліс, әлеуметтік және мамандықты бейімделудің) сандық және сапалық көрсеткіштері мен қалыптасқан немесе қалыптасудағы тарихы алдағы зерттеу тақырыптарының бірі болатынына күмән жоқ.  Себебі, тарихи демографияның қарастыратын мәселелерінің қатарына адамдардың әлеуметтік жағдайына, мамандықты, таптық белгілеріне қарай бөлінуі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының қай бөлігіне жататындығына байланысты өзгешеліктерді зерттеу де жатады.

Кеңестік дәуірдегі көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберсе, оның әлеуметтік құрылым динамикасындағы орны мен рөлін және олардың даму заңдылықтарын анықтау мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік процестердің халықтану саласындағы барысы тіпті де қарастырылмады деп айтуға болады. Жалпы, өзекті мәселелер жеткілікті. Мен соның ішінде, арнайы зерттеу нысаны ретінде алуға болатын өзекті мәселенің бірі – тәуелсіз Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тақырыбына тоқталайын.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы трансформациялық процестер қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де қатынастарды жаңа арнаға салды. Республикадағы әлеуметтік құрылымның қалыптасу эволюциясында екі процесті бөліп алуға болады: 1. Инновацияның қалыптасу процесі (жаңа әлеуметтік құрылымның тууы, қалыптасуы, оның жаңа сапалық қасиеттерінің бекуі); 2. Инновацияны таңдау процесі (бұл бір топтардың сақталуы мен екіншілерінің жойылуы). Мұндай сапалық өзгерістердің қазақстандық қоғамдағы түрлі таптар, топтар мен әлеуметтік қабаттардың түбегейлі мүдделерімен тоқайласатын  тұстары өте көп: меншік қатынастары мен еңбекті ұйымдастырудың нарықтық жолға түсуі, әлеуметтік қабаттарға жіктелуде жаңа элементтердің туындауы және т.б. Қоғамдағы осындай түбегейлі әлеуметтік-экономикалық процестердің бірі – Қазақстан халқының экономикалық жағынан белсенді әрі анағұрлым басым бөлігі ретінде орнығатын орта таптың қалыптасуымен де тығыз байланысты.

Республикадағы әлеуметтік саланың трансформациялануын, жалпы алғанда, стратификация жүйесіндегі жаңа қабаттардың (бір жағынан, ірі және орташа меншік иелері болып табылатын «жаңалар», екінші жағында - әлеуметтік қамсыздандырылмаған және нарықтық сұранысқа сай келмейтін топтар) туындауы мен олардың қалыптасқан мәртебелік-рөлдік қызметтерге бейімделуі, әлеуметтік және жеке тұрғыдағы жаңаша бағдарға икемделуі ерекшелейді. 

Әлеуметтік құрылымда жүріп жатқан өзгерістердің тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі болып табылатын нарықтық қатынастар тудыратын процестерге тығыз байланысты. Сондай-ақ, еліміздегі экономикалық, әлеуметтік қатынастардың бос жерде қалыптасып жатпағаны тағы да белгілі. Олай болса, қоғамдық дамудың әлеуметтік саласын қамтитын өзгерістерге Кеңес дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік құрылымында өткен ғасырдың ортасында жүрген өзгерістердің байланысы бар ма, жоқ па ? - деген сұрақтарға да жауап іздеген жөн.

Кеңес билігі жылдарында барлық Кеңес Одағы үшін екі таптан (жұмысшы және шаруа-колхозшылар) және интеллигенция қабатынан құралған біртекті әлеуметтік құрылым қалыптасты. 1989 ж. тұрғылықты халықтың әлеуметтік құрамы келесі түрде болды: жұмысшылар - 63,0 %, қызметкерлер - 32,3 %, колхозшылар - 4,6 %, жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар, табыну қызметшілері мен әлеуметтік топтарын көрсетпеген тұлғалар - 0,1 % [1].

 Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында қоғам дамуының негізгі салаларында елдің қазіргі кезеңін ғана емес, болашағын да ұзақ мерзімге белгілеген терең, шын мәнінде тарихи әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық өзгерістер болды.

Қазақстанның әлеуметтік құрылымының нарықтық қатынасқа көшу жағдайындағы түп-тамырымен өзгеруінің негізгі себебі меншік нысандарының өндіріс құралдарына ауысуы болды - біртекті социалистік (мемлекеттік және колхоз-кооперативтік) меншіктің орнына меншіктің көп түрлілігі келді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары мен кепілдігін анықтайтын, еркіндігін қамтамасыз ететін алғашқы заң 1990 ж. 11 желтоқсанда, тәуелсіздік жарияланғанға дейін қабылданған Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР шаруашылық әрекетінің еркіндігі және кәсіпкерлік туралы» заңы* болды. Осы заңда «Қазақ КСР-де кәсіпкерлік қолданыстағы заң шеңберіндегі бастамашыл, щаруашылық және өзінің жекеменшік, несиеге алған және басқа да мүлік пен қаржы есебінен кәсіпкерлік әрекетке қатысушылардың өзара тиімді нәтижеге жетуі мен табыс табуы» делінген. Осы заңның 2 бабында республикадағы кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілері (бұдан ары қарай кәсіпкерлер) бола алатындар – Қазақ КСР мен өзге одақтас республикалардың заңды тұлғалары, сондай-ақ, орнатылған заң тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген шетел азаматтары деп көрсетілді [2]. Осы заң жаңа страталардың қалыптасуының мемлекеттік саясатының негізін қалады. Келесі құқықтық акт 1992 ж. 4 шілдесінде «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заң болды. Республикада мемлекеттік, бұрынғы социалистік, меншіктен басқа меншіктің жеке және шетелдік сияқты жаңа нысандары пайда болды. Жеке меншіктің үш түрі болды: 1) азаматтардың меншігі; 2) мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз); 3) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен). 1991-2000 жж. жекешелендіру процесі жүргізілді. Нарықтық экономиканың мызғымас шарты – жеке меншіктің пайда болуы жекешелендіру жылдам қарқынмен жүрді. Мысалы, 1996 ж. 4056 нысан жекешеленсе, 1997 ж. – 6777, 1998 ж. – 3073, 1999 ж. 2318 нысан жекешелендірілді [3, 196]. Бұның нәтижесін меншік нысандарында қамтылған еңбеккерлер үлесінің арақатынасының өзгерісінен байқайық: 1996 ж. 6518,9 мың еңбекпен қамтылған адамның мемлекеттік меншік нысандарында 36,6%-ы  немесе 2386,7 мыңы, жеке меншік нысандарында 47,0%-ы немесе 3066,0 мыңы, шетелдік компаниялардың қатысуынсыз бірлескен меншік нысандарында 14,7%-ы немесе 956,2 мыңы, шетелдіктермен ортақ меншік нысандарында 0,4%-ы немесе 29,0 мыңы, шетелдіктердің иелігіндегі нысандарда 1,2%-ы немесе 81,0 мың адам еңбек етті. Енді осындай көрсеткіштердің 2000 жж. мәліметтеріне келсек, 2002 ж. еңбекпен қамтылғандар 6708,9 мың адамның мемлекеттік меншік нысандарында қызмет ететіндерінің үлесі 25,0%-ға төмендеді. Жеке меншік нысандарында қызмет ететіндер үлесі 72,6%. Аймақтар бойынша бұл көрсеткіштердіің өзгешеліктері анық көрінді. Республика бойынша еңбекпен қамтылу деңгейі Астана, Алматы, қалаларымен бірге Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоғарылау болды. Осы облыстардағы мемлекеттік меншік нысандарда жұмыс істейтіндер үлесі де 32,3%-38,1% аралығында анағұрлым жоғары болды. Бұдан кейінгі жылдардағы меншік нысандарында қамтылғандар үлесінің өсу қарқындылығы жағынан 1 орында шетелдік меншіктерде, сонан соң жеке меншік нысандарында қамтылғандар тұрды [4, 105].

Республика бойынша 2006 ж. 1 қаңтарында мемлекеттік меншіктің үлесіне  - 12,1 %, жеке меншіктің үлесіне - 83,1 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен), шетел қатысуынсыз - 0,46 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 3,8 %, шетел меншігіне - 4,72 % да келді. Енді осы көрсеткіштерді өндіріс салалары бойынша қамтысақ, онда оның үлттық факторды ескере отырғандағы динамикасы тереңдей анықталары сөзсіз. Тау-кен өндірісіндегі мемлекеттік меншіктің құрамы бар болғаны барлығы - 0,27 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі - 92,8 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен, шетел қатысуынсыз) - 0,66 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 10,26 %, шетел меншігі - 6,92 %-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде меншік нысандарының басқа ара қатынасы байқалды - мұнда мемлекеттік меншіктің үлесі аздап жоғары болды және 1,84 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 1 %-ға жоғары - 93,8 %-ды құрады, шетел меншігі бірқатар төмен - 4,36 %-ды құрады. Құрылыста: мемлекеттік меншіктің үлесі 0,5 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 95,76 %-ды құрады, шетел меншігі 3,72 %-ды құрады, көлік пен байланыста мемлекеттік меншіктің үлесі 1,38 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 94,23 %-ды құрады, шетел меншігі 4,37 %-ды құрады. Сонымен Қазақстан экономикасының индустриялық салаларында қазіргі кезеңде жеке (92 %-дан 96 %-ға дейін) және шетелдік (3%-дан 7 %-ға дейін) меншік үстем орындарды алып отыр. Мемлекеттік меншіктің үлесіне бар болғаны 0,2 %-дан 2 %-ға дейін ғана келеді [5, 183-184].

Меншік нысандарының осындай көптүрлілігі негізінде жұмыспен қамтылған тұрғылықты халықтың жаңа әлеуметтік құрылымы туындады. Ресми статистикада халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік көзқарастары негізінде тұрғылықты халық экономикалық белсенді (жұмыс күші) және экономикалық белсенді емес (пассив) болып бөлінеді. Қазақстанның белсенді халқының (15 жастағы және одан жоғары) экономикасының құрылымыэкономикалық қызметтің барлық түрінде жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұлғалардан құралады. Өз кезегінде жұмыспен қамтылған халық өз мәртебесі бойынша жалдамалы және «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен» жұмыскерлер болып жіктеледі. Жалдамалы жұмыскерлер - жалдау шарты бойынша жұмыс істеп жүрген, жалақы, сыйақы, үстемақы, т.б. түріндегі немесе заттай нысандағы ақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер [6]. «Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен» жұмыскерлер төрт түрге бөлінеді: тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және жалдамалы жұмыскерлері бар жұмыс беруші-кәсіпорын меншік иелері және дербес жұмыскерлер (дербес жұмыспен қамту негізінде қызметпен айналысады және тұрақты негізде жұмыскерлерді жалдамайды), ақы төленбейтін отбасылық жұмыскерлер - туысқан тұлға басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) ақысыз жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшелері (кооператив мүшелері бола отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады) [7]. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыскерлер елдегі индустрияландыру мен инновациялау бағытын жүзеге асыруға қажетті еңбек қолдарының үлкен резерві болып табылады.

Жаңарған елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді: әлеуметтік құрылым дамуындағы теріс ағымдар дезинтеграция сатысында артып, негізгі экономикалық факторлармен қатар әлеуметтік құрылымның басты тежегіш ауысымына айналды. Сөйтіп, кеңестік кезеңнен кейінгі әлеуметтік құрылымның дамуындағы теріс ағымдардың негіздемесі 1991-1997 жж. өндірістің құлдырауы, әлеуметтік саланың төмендеуіне байланысты болды.

Нарықтық экономикаға көшудің бас кезінде жаңа әлеуметтік топ - жұмыссыздар пайда болды, ал жұмыссыздық ең қиын әлеуметтік мәселелердің біріне айналды, бірақ 1994 ж. бастап, жұмыссыздар саны ресми статистика бойынша алғаш рет 536,4 мың адам ретінде көрсетіліп, оның деңгейі 7,5%-ға белгіленгенде (92,5 % жұмыспен қамтылғанда) оны өмірде бар фактор ретінде мойындау басталды. 1999 ж. дейінгі жұмыссыздықтың тоқтаусыз өсуі ерекше көрінеді: жұмыссыздар саны 950 мың адамды құрады, ал оның деңгейі - 13,5 %-ды құрады. Бірақ кейінгі жылдарда Қазақстанның экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты ресми түрде жұмыссыздықтың жаппай қысқару үрдісі жүріп жатыр - 2005 ж. 640,7 мың адамға дейін, ал оның деңгейі - 8,1 %-ға дейін.

Әрине, ресми статистика жұмыссыздар саны туралы соншалықты дұрыс мәліметтер бермейді, себебі жұмыссыздардың көпшілігі жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелмейді, кейбір деректер бойынша бюрократтық пікірлер мен жұмыс не жәрдемақы алуға сенімділігі болмағандықтан және т.б. себептермен тек қана әрбір төртінші адам ғана барады. Көптеген жұмыстан шығарылған тұлғалар, әрине, дербес жұмыскерлердің санын толтырады, олардың көп бөлігі әлеуметтік жағынан қорғалмаған, кейде немесе ұзақ уақыт жұмыссыз жүреді, бірақ жұмыспен қамту қызметтеріне тіркеуге тұрмайды және т.б. Сондықтан ресми статистикада жұмыссыздар екі топқа жіктеледі: жұмыспен қамту қызметтерінде ресми тіркеуде тұрғандар (олар 1996 ж. – 282,4 мың – жұмыссыздық деңгейі – 4,2%) және шын мәніндегі жұмыссыздар (1996 ж. – 970,6 мың, ал ресми жұмыссыздықтың деңгейі тек қана 4,2% бен белгіленді, ал шын мәніндегісі 10,6% ға жетті) [8].

Осы мәліметтерден келесі қорытындыларды жасауға болады. Біріншіден, кеңестік уақыт үшін дәстүрлі екі тап (жұмысшылар мен колхозшылар) пен интеллигенция қабатынан тұратын біртекті әлеуметтік құрылым өмір сүруін тоқтатып, тарих қойнауына енді. Екіншіден, жаңа таптар, әлеуметтік топтар және қабаттардың пайда болуымен ерекшеленетін жаңа құрылым қалыптасты. Үшіншіден, осы жаңа құрылымның басында жаңа тап – жұмыс берушілер деп аталатын, яғни ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс және көлік ұйымдарының, фермерлік қожалықтардың, қызмет көрсету салалары қожайындарының және т.б. таптары [6].

Жалдамалы жұмыскерлердің өз әлеуметтік жағдайлары бойынша біртектес емес қана екендігін ерекше айта кету қажет. Оларды тек қана олардың – жалдамалы жұмыс күші екендігі, «жалдау шарты бойынша жұмыс істейтіндігі, жалақы, сыйақы, үстемақы, т.б. түріндегі немесе заттай нысандағы ақы алатындығы» ғана біріктіреді. Жалдамалы еңбеккерлер екіге бөлінеді: 1) жұмысшылар; 2) қызметкерлер. Қызметкерлер саны жағынан жұмысшылардан ғана артта қалған көптігі бойынша да, Республика экономикасында алып отырған жағдайымен де лайық).

Нарықтық жағдайда жұмысшы табының жағдайы түп-тамырымен өзгерді, олар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін бұрынғы қоғам гегемонынан, коммунистер партиясының негізгі әлеуметтік базасынан елдің әлсіз және бөлектелген кәсіподақтары бар жеке және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін, осыдан әлеуметтік қорғалуы әлсіз көптеген әлеуметтік топтарының біріне айналды, осы туралы Қарағанды көмір бассейнінде, Жаңа Өзен және Республиканың мұнай өндіретін батыс өңірлеріндегі бірнеше рет орын алған жағдайлар куәлендіреді.

Өкінішке орай, бізде Қазақстанның қазіргі кезеңдегі жұмысшы табының  жалпы құрамындағы біліктілігі жоғары, білікті, біліктілігі аз және қара жұмысшылардың саны мен үлестік салмағы туралы азды-көпті дұрыс мәліметтер жоқ.

Қызметкерлер табының әлеуметтік қарқынының ерекшелейтін белгісі тек қана санының азаюы ғана емес, жұмыспен қамтылған халық құрамында үлестік салмағының артуы болды.

Өзінің ішкі әлеуметтік құрылымында қызметкерлер бірнеше қабаттан тұрған. Ресми статистика бойынша, қызметкерлер үш топқа бөлінді: 1) басшылар; 2) мамандар; 3) басқалар (нақтысы – қатардағы) қызметкерлер.

Ауыл шаруашылығы еңбекшілеріне келсек, олар нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында және совхоздар мен колхоздарды жою кезінде ауыр жағдайда қалып, өздерінің кеңес кезеңі үшін дәстүрлі шаруа – колхозшы немесе совхоз жұмысшысы не қызметкері әлеуметтік дәрежесінен айрылып қалды. Олардың көбі негізінде жалдамалы жұмыскерлердің санын толтырды, көбінесе жұмысшы және аз дәрежеде қатардағы қызметкерлердің, ішінара – жұмыс берушілердің, ал нашар жағдайда – жұмыссыздар қатарына қосылды.

Көптеген ауыл еңбекшілері ақша табу үшін жақын маңдағы қалалар мен елдің басқа өңірлеріне, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерге тартты. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығында өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендерді сәйкесінше төрт әлеуметтік топқа бөлу туралы мәліметтер жоқ: жұмыс берушілер (меншік иелері), дербес еңбеккерлер, өндірістік кооперативтер мүшелері және отбасылық жұмыскерлер.

Сонымен бірге, Қазақстанда табыну қызметшілері, халық емшілері, т.б. сияқты кейбір әлеуметтік топтар дамып келе жатыр. Басында генералитет пен офицерлік отырған әскери қызметкерлер әлеуметтік қабаты ерекше назарға ие болуға лайықты.

Әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді қысқаша талдау төмендегідей қорытындылар жасауға негіз береді:

1. Қазақстан Республикасы халқының осы жылдардағы әлеуметтік қабаттарға бөлінуі жылдам қарқынмен жүрді, қоғамның аса бай, ауқатты, орта ауқатты және кедей қабаттары пайда болды, халықтың бір бөлігі жұмыссыздар қатарында және кедейлік шегінің арғы жағында қалды.

2. Меншік иелері табы, яғни жұмыс берушілер табы қалыптасты, олар өз қатарларында оннан астам олигархтармен қатар бай бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, банкирлердің, жер иелерінің және т.б. елеулі топтары бар.

3. Жұмысшы табы өзінің жетекші орнынан айрылып қалды, бөлектеніп кетті, кәсіподақтық қозғалыс әлсіз, оның өзінің жалақыны көтеру, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту бойынша заңды құқықтары үшін күресі көптеген жағдайларда мақсаттарына жетпейді. Жергілікті жұмысшылар шетелден келгендерге қарағанда өте аз жалақы алады, ол әлеуметтік жанжалдарға әкеп соғады.

4. Қызметкерлер арасында жұмыста ғана емес, қоғамда да артықшылық орын алатын басшылар түріндегі жоғары шенеуніктер элитасы, сонымен қатар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандар әлеуметтік тобы пайда болды. Қатардағы қызметкерлер, әсіресе біліктілігі жоқ жұмысшылар сияқты әлеуметтік қорғауды қажет етеді.

5. Дербес жұмыскерлердің саны көп әлеуметтік тобы өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ететін халықтың табысы аз бөлігі болып табылады, олар ертеңгі күніне сенімді бола алмайды, себебі тұрақты жұмысы, жеке кәсіпкерлігі т.б. болмағандықтан қажетті табыс көзі жоқ.

Осының барлығын жоғары мемлекеттік органдар жалдамалы жұмыскерлердің төменгі қабаттарының, сонымен қатар дербес жұмыскерлердің, әсіресе ауылдық желерде жағдайын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, елдің әр түрлі қабаттары арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нығаюы және Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтылған халқының қатарында жанжалдық жағдайларды жою бойынша тиісті әлеуметтік саясатты әзірлеу мен жүргізу кезінде назарға алуда қажет.

Сонымен, Кеңес дәуіріндегі біркелкі (жұмысшы, колхозшы және интеллигенциядан тұратын) әлеуметтік құрылым орнына көптеген әлеуметтік топтар, страттар жүйесі қалыптасты. Міне, осы мәселенің тарихи демографиялық қырын анықтау өзекті мәселенің бірі болып табылады. Одан бөлек, халықтың денсаулығы, білім деңгейі, некеге тұру, ажырасу, табиғи өсім, еңбек ресурстары, оны пайдалану, жұмыссыздық көздері және т.б. жаңа көзқараспен зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер қатарында.

Сондай-ақ, ірі және кіші қалалардың даму ерекшеліктеріне келейік. Мысалы, кеңестік дәуірде қала тұрғындары табиғи өсімнен гөрі сырт көші-қон есебінен өсті. Алматы сияқты ірі-ірі мегаполистердің табиғи өсімінен сырт көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығының қала халқының әлеуметтік топтарының ұлттық құрамын қалыптасуындағы, осы ұлттар өкілдерінің  эмиграциялануының да көптеген қиыншылықтар туғызғаны мәлім. Одан бөлек, сырттан жұмысшылар әкелуді шектеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, техникалық мамандықтарға үйрету және басқа шаралар арқылы қазақ жастарының жұмыссыздықтан құтқару – өкімет үшін өте өзекті мәселе деп санау керек. Бір сөзбен айтқанда, тарих ғылымының тарихи демография саласының алдында зерттеуді қажет етіп тұрған өзекті мәселелер баршылық.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Статистический ежегодник. 1990 г. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1991. – 33 б.

2 Қазақ ССР-нде шаруашылық әрекет пен кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы. 1990 ж. 11 желтоқсанындағы ҚССР-ның Заңы // Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. – 1990. – № 51. – 483 б.

3 Статистический ежегодник. 2000. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – 466.

4 Регионы Казахстана. 2003. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2003. – 496 с.

5 Статистический ежегодник. 2006. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006. – 488 с. 

6 Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О социальной структуре населения Республики Казахстан (1991-2007) // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – С. 86-95.

7 Статистический ежегодник. 1999. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1999. – 392 с.; Статистический ежегодник. 2001.  – Алматы: Агентство РК по статистике, 2001. – 572 с.

8 Труд и занятость населения в Республике Казахстан. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1998. – С. 23, 233.; Асылбекова Ж.М. Национальные индустриальные кадры Казахстана в конце ХІХ – начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект): автореф. ... д.и.н. – Алматы, 2007.

А.И. Құдайбергенова

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға