Жаңалықтар

Конституциялық сот

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ – бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғ. соттардан өзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мыс., Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мыс., Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда, Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табылады. К. с-тың мүшелерін не парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде К. с. мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды (мыс., Италияда К. с-ты президент, парламент және магистратура бірдей үлесте тағайындайды). Конституциялық бақылау жасаумен қатар К. с-тың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. құқығы бар. Қазақстан Республикасында К. с. 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 ж. 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен К. с. құрамы 11 адамнан жасақталды: М.Т. Баймаханов (төраға), И.И. Рогов (орынбасары), Л.И. Башаримова, Ж.Н. Бәйішев, К.Ж. Жалмұқанбетов, Г.В. Ким, С.А. Қасымов, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, С.Ф. Ударцев, О.Қ. Ықсанов. Тиісті заңға және 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес К. с. республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылды. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді және оның заңдар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп көрсетілді. “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Заңда анықталғанындай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Мин. Каб. мүшелерінің, Жоғ. сот пен Жоғ. Төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б жатты. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес К. с-тың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды. Ә. Жарболова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 03:30 7544

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ – бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғ. соттардан өзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мыс., Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мыс., Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда, Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табылады. К. с-тың мүшелерін не парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде К. с. мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды (мыс., Италияда К. с-ты президент, парламент және магистратура бірдей үлесте тағайындайды). Конституциялық бақылау жасаумен қатар К. с-тың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. құқығы бар.

Қазақстан Республикасында К. с. 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 ж. 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен К. с. құрамы 11 адамнан жасақталды: М.Т. Баймаханов (төраға), И.И. Рогов (орынбасары), Л.И. Башаримова, Ж.Н. Бәйішев, К.Ж. Жалмұқанбетов, Г.В. Ким, С.А. Қасымов, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, С.Ф. Ударцев, О.Қ. Ықсанов. Тиісті заңға және 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес К. с. республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылды. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді және оның заңдар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп көрсетілді. “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Заңда анықталғанындай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Мин. Каб. мүшелерінің, Жоғ. сот пен Жоғ. Төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б жатты. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес К. с-тың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.

Ә. Жарболова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға