Жаңалықтар

Киіз үйдің бау-шулары

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Киіз үйдің бау-шулары. Киіз үйдің сыртқы жабындары күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады. Оларды пісірілген ақ шаңқан киізден пішіп, ою-өрнектермен безендіреді. Пішілген киізді таңдай өрнекті жіппен жиектеу, дөдегеге мақпал немесе шұғадан ою-өрнек бастыру киіз үйге салтанатты сипат береді. Туырлық керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңбріне дейінгі аралықты, түндік шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтан түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұштастыру, сыртқы әбзелдерді бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап, тағатын қыл арқан. Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуды және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шармалап байлайтын құр. Уық шалғыш, иық бау деп те атайды. Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік-жиһаздық сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Туырлық бау – туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау. Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен айқастыра тартып кереге байлайтын жалпақ терме бау. Бақан – бір ұшын (жоғарғы) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын, мықты, тұзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған. Уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.                     
09.11.2012 03:29 10576

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Киіз үйдің бау-шулары. Киіз үйдің сыртқы жабындары күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады. Оларды пісірілген ақ шаңқан киізден пішіп, ою-өрнектермен безендіреді. Пішілген киізді таңдай өрнекті жіппен жиектеу, дөдегеге мақпал немесе шұғадан ою-өрнек бастыру киіз үйге салтанатты сипат береді. Туырлық керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңбріне дейінгі аралықты, түндік шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтан түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұштастыру, сыртқы әбзелдерді бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап, тағатын қыл арқан. Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуды және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шармалап байлайтын құр. Уық шалғыш, иық бау деп те атайды. Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік-жиһаздық сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Туырлық бау – туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау. Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен айқастыра тартып кереге байлайтын жалпақ терме бау. Бақан – бір ұшын (жоғарғы) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын, мықты, тұзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған. Уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

                    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға