Жаңалықтар

Кереге

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісі, қысқалауын – балашық, ең қысқасын сағанақ деп атайды. Бір керегеде 14 ерісі, 9 балашық, 9 сағанақ болады. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді (екі-үш қанаттан бастап отыз қанатқа дейін). Қазіргі жасалып жүрген киіз үйдің кереге желісінің ерісі 2 м., балашығы 1 м. 80 см. (ең ұзыны), сағанағының ең кішісі 30 см. Кереге желісінің айқасып көктелген, уық байлайтын жері керегенің басы деп аталады. Киіз үйдің үлкен-кішілігі осы кереге санына байланысты. Кереге жасалу технологиясына қарай желкөз, торкөз кереге болып бөлінеді. Желкез кереге 11, 13, 15 көкті, 75, 80, 90 басты, торкөз керегі 17, 19, 21 көкті, 95, 110, 120 басты болып келеді. Керегенің бас санынан қарай уық саны да азайып, көбейіп отырады. Желкөз керегенің көзі үлкен, арасында бір желі көктелмей азат қалдырылады. Мұндай кереге жазылғыш келеді. Торкөз керегенің көзі тар, жұдырық симайтындай болады. Кереге желісін көктегенде азат қалдырмайды. Мұндай кереге аса көп жазылмайды, тұтынуға төзімді. Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Қазіргі үйлер уықтарының ұзындығы 2 м.-2 м. 20 см. Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері – 3-5 м. шамасында. Оны көбінесе тораңғыдан, сом қайыңнан иіп, қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен құрсаулайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз – қаламдықтар теседі. Шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын-шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады. Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп-шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен оймышталып, есік беті нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.
09.11.2012 03:24 16090

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісі, қысқалауын – балашық, ең қысқасын сағанақ деп атайды. Бір керегеде 14 ерісі, 9 балашық, 9 сағанақ болады. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді (екі-үш қанаттан бастап отыз қанатқа дейін). Қазіргі жасалып жүрген киіз үйдің кереге желісінің ерісі 2 м., балашығы 1 м. 80 см. (ең ұзыны), сағанағының ең кішісі 30 см. Кереге желісінің айқасып көктелген, уық байлайтын жері керегенің басы деп аталады. Киіз үйдің үлкен-кішілігі осы кереге санына байланысты. Кереге жасалу технологиясына қарай желкөз, торкөз кереге болып бөлінеді. Желкез кереге 11, 13, 15 көкті, 75, 80, 90 басты, торкөз керегі 17, 19, 21 көкті, 95, 110, 120 басты болып келеді. Керегенің бас санынан қарай уық саны да азайып, көбейіп отырады. Желкөз керегенің көзі үлкен, арасында бір желі көктелмей азат қалдырылады. Мұндай кереге жазылғыш келеді. Торкөз керегенің көзі тар, жұдырық симайтындай болады. Кереге желісін көктегенде азат қалдырмайды. Мұндай кереге аса көп жазылмайды, тұтынуға төзімді.

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Қазіргі үйлер уықтарының ұзындығы 2 м.-2 м. 20 см.

Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері – 3-5 м. шамасында. Оны көбінесе тораңғыдан, сом қайыңнан иіп, қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен құрсаулайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз – қаламдықтар теседі. Шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын-шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады.

Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп-шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен оймышталып, есік беті нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға