Жаңалықтар

Киіз үй

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Киіз үй – Орталық және орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Ол мәдни-тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй, жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма, сарай ртінде тігілетін үй. Ақ үй, ақ орда, боз үй деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілу жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау-жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді. Қазіргі біз көріп жүрген киіз үй бірден дәл осы қалпында пайда бола қалған жоқ. Ол, негізінен адамзат дамуының әр кезең, сатыларындағы тұрғын үйдің қарапайым түрлерін жетілдірудің нәтижесі болып табылады. Орманды далада өмір сүрген көшпелі халық әуелі бірнеше сырықтың басын қосып буып күрке жасады. Келесі сатыда сырықтардың басын қосып бумай, оны шығыршыққа өткізіп қойды. Одан беріректе сырықтың ұшын әр жерден арнаулы тесік жасалған дөңгелекке (қазіргі шаңырақтың қарапайым түрі) кигізетін болды. Мұндай күрке бұрынғыға қарағанда әрі кең, әрі биіктеу болатын. Ал төртінші сатыда күркенің сырықтары жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрды. Уық пен керегенің негізі осылай қаланды. Соңғы 7-8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгерістер енгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы – ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел-дауылға көп шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап-тігуі оңай. Осындай ерекше ыңғайлы қасиеттері үшін киіз үйді ертедегі жаугершілік дорықтарда сарбаздар да үнемі қолданып жүрген. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Қабығы аршылмай бабымен кептірілген үй ағаштарын морға төсеп, балқытқаннан кейін тезге салып, ысқаурынмен қысып түзетеді немесе керекті қалыпқа клтіріп иеді. Иілген киіз үй ағаштарын арнаулы үлгідегі ырғаққа салып қатырады. Ырғақтан шығарылған ағаштарды жоңғымен қабығын аршып, жонып, қырнауышпен қырнайды, уықтың бүгілі мен керегенің бас жағына сай-сай етіп сызық салады. Бұдан кейін кереге желісіне көк өткізілетін жерге белгі – дембі салып, үскімен тесіп, қайыспен көктейді, яғни түйенің иленбеген мойын терісінен жіңішке етіп тілген таспаны өткізіп түйіндейді. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.
09.11.2012 03:21 7571

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Киіз үй – Орталық және орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Ол мәдни-тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй, жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма, сарай ртінде тігілетін үй.

Ақ үй, ақ орда, боз үй деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілу жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау-жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді. Қазіргі біз көріп жүрген киіз үй бірден дәл осы қалпында пайда бола қалған жоқ. Ол, негізінен адамзат дамуының әр кезең, сатыларындағы тұрғын үйдің қарапайым түрлерін жетілдірудің нәтижесі болып табылады. Орманды далада өмір сүрген көшпелі халық әуелі бірнеше сырықтың басын қосып буып күрке жасады. Келесі сатыда сырықтардың басын қосып бумай, оны шығыршыққа өткізіп қойды. Одан беріректе сырықтың ұшын әр жерден арнаулы тесік жасалған дөңгелекке (қазіргі шаңырақтың қарапайым түрі) кигізетін болды. Мұндай күрке бұрынғыға қарағанда әрі кең, әрі биіктеу болатын. Ал төртінші сатыда күркенің сырықтары жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрды. Уық пен керегенің негізі осылай қаланды.

Соңғы 7-8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгерістер енгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы – ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел-дауылға көп шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап-тігуі оңай. Осындай ерекше ыңғайлы қасиеттері үшін киіз үйді ертедегі жаугершілік дорықтарда сарбаздар да үнемі қолданып жүрген.

Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Қабығы аршылмай бабымен кептірілген үй ағаштарын морға төсеп, балқытқаннан кейін тезге салып, ысқаурынмен қысып түзетеді немесе керекті қалыпқа клтіріп иеді. Иілген киіз үй ағаштарын арнаулы үлгідегі ырғаққа салып қатырады. Ырғақтан шығарылған ағаштарды жоңғымен қабығын аршып, жонып, қырнауышпен қырнайды, уықтың бүгілі мен керегенің бас жағына сай-сай етіп сызық салады. Бұдан кейін кереге желісіне көк өткізілетін жерге белгі – дембі салып, үскімен тесіп, қайыспен көктейді, яғни түйенің иленбеген мойын терісінен жіңішке етіп тілген таспаны өткізіп түйіндейді.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға