Жаңалықтар

Қамшы

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Қамшы – ат ер-тұрмандарының құрамына кіреді. Оны кейде «ат жүргізгіш» деп те атайды. Өйткені қамшыны негізінен көлікті жүргізу үшін қолданады. Ал керек болған жағдайда оны қару ретінде де пайдаланады. Ондай қамшының сабы салмақты, өрімі жуан және ұзын болып келеді. Қамшы бүлдіргі, сап, алақан және өрімнен тұрады. Оның әрқайсысы әр заттан жеке-жеке дайындалып біріктіріледі. Қамшының сабын тобылғыдан, ырғайдан, тау ешкі және ақбөкеннің мүйізінен немесе еліктің сирағынан жасайды. Қолға ұстайтын жрін былғарымен қаптап, білдірге тағады. Кейде қамшының сабын тұтастай былғарымен қаптап, күміспен әшекейлейді. Күміс сапты қамшы көбінесе әйелдерге арналады. Ал ерлер қамшысының сабына темірден бауыр салып, қайыспен немесе жезбен орап сақиналайды. Мұндай қамшыны «сарала қамшы» деп атайды. Қамшының өрімі жақсыиленген қайысан өріледі. Қамшы өрімін әр түрлі тіп жасау үшін таспа санын өзгертіп отырады. Қамыт – көлікті арбаға, шанаға жегі үшін пайдаланылады. Оның ат қамыт, түйе қамыт, өгіз қамыт сияқты түрлері бар. Қамыттың иек ағаштан жасалған қос құлағы болады. Олардың жоғарғы ұштарын қайыспен біріктіріп байлайды. Мұны желке бау деп атайды. Құлақ ағаштарының астына «шүһұжық» орнатылады. Қамыттың құлақтарына ілмектелген жалпақ қайыс өткізіледі. Оны құлақбау дейді. Құлақбау тәрте мен доғаның бастарынан бір-біріне қосады. Ал қамыттың төменгі бастарын қосатын жіңішке қайыс тамақбау деп аталады. Оны қатты тартып байлағанда доға бастары тәртеге мықты болып бекиді. Қамыттың сыртын былғарымен, ал ішкі жағын қалың киізбен қаптайды. Қанжыға – салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қайыс таспа. Ердің қапталының артқы алақанындағы тесікке өткізіліп бекітіледі. Ұзындығы 25-30 см. Қанжығаға мысалы, бұғалық арқан, шідер, тұсау, торсық, қоржын, атып алған аң, құс т.б. байлайды. Құйысқан – ер аттың мойнына кетпес үшін былғарыдан қайыспен астарлап қайып жасалатын әбзел. Кейде ердің артқы қапталына байланатын екі ұшын өрген өрмелі, түймелі құйысқандар да кездседі. Құйысқанды күміспен өрнектеп әсемдейді. Былғарыдан шашақ жасап, қымбат тастар қадайды. Құйысқанның ортасына былғары қайыстан дөңгелек тігіледі, осы дөңгелектің алдыңғы шеті ердің артқы қапталындағы шығыршыққа байланады, ал аттың құйрығының астына келетін артқы бөлігі ұзын тұтас қайыстан жасалып, ортасынан екіге иіліп, осы иілген жерін таспалап тіледі. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.
09.11.2012 03:16 6503

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Қамшы – ат ер-тұрмандарының құрамына кіреді. Оны кейде «ат жүргізгіш» деп те атайды. Өйткені қамшыны негізінен көлікті жүргізу үшін қолданады. Ал керек болған жағдайда оны қару ретінде де пайдаланады. Ондай қамшының сабы салмақты, өрімі жуан және ұзын болып келеді. Қамшы бүлдіргі, сап, алақан және өрімнен тұрады. Оның әрқайсысы әр заттан жеке-жеке дайындалып біріктіріледі. Қамшының сабын тобылғыдан, ырғайдан, тау ешкі және ақбөкеннің мүйізінен немесе еліктің сирағынан жасайды. Қолға ұстайтын жрін былғарымен қаптап, білдірге тағады. Кейде қамшының сабын тұтастай былғарымен қаптап, күміспен әшекейлейді. Күміс сапты қамшы көбінесе әйелдерге арналады. Ал ерлер қамшысының сабына темірден бауыр салып, қайыспен немесе жезбен орап сақиналайды. Мұндай қамшыны «сарала қамшы» деп атайды. Қамшының өрімі жақсыиленген қайысан өріледі. Қамшы өрімін әр түрлі тіп жасау үшін таспа санын өзгертіп отырады.

Қамыт – көлікті арбаға, шанаға жегі үшін пайдаланылады. Оның ат қамыт, түйе қамыт, өгіз қамыт сияқты түрлері бар. Қамыттың иек ағаштан жасалған қос құлағы болады. Олардың жоғарғы ұштарын қайыспен біріктіріп байлайды. Мұны желке бау деп атайды. Құлақ ағаштарының астына «шүһұжық» орнатылады. Қамыттың құлақтарына ілмектелген жалпақ қайыс өткізіледі. Оны құлақбау дейді. Құлақбау тәрте мен доғаның бастарынан бір-біріне қосады. Ал қамыттың төменгі бастарын қосатын жіңішке қайыс тамақбау деп аталады. Оны қатты тартып байлағанда доға бастары тәртеге мықты болып бекиді. Қамыттың сыртын былғарымен, ал ішкі жағын қалың киізбен қаптайды.

Қанжыға – салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қайыс таспа. Ердің қапталының артқы алақанындағы тесікке өткізіліп бекітіледі. Ұзындығы 25-30 см. Қанжығаға мысалы, бұғалық арқан, шідер, тұсау, торсық, қоржын, атып алған аң, құс т.б. байлайды.

Құйысқан – ер аттың мойнына кетпес үшін былғарыдан қайыспен астарлап қайып жасалатын әбзел. Кейде ердің артқы қапталына байланатын екі ұшын өрген өрмелі, түймелі құйысқандар да кездседі. Құйысқанды күміспен өрнектеп әсемдейді. Былғарыдан шашақ жасап, қымбат тастар қадайды. Құйысқанның ортасына былғары қайыстан дөңгелек тігіледі, осы дөңгелектің алдыңғы шеті ердің артқы қапталындағы шығыршыққа байланады, ал аттың құйрығының астына келетін артқы бөлігі ұзын тұтас қайыстан жасалып, ортасынан екіге иіліп, осы иілген жерін таспалап тіледі.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға