Жаңалықтар

Алтай ескерткіштері

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Алтай ескерткіштері — көне дәуір ескерткіштері. 18 ғасырдың басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар (“бугровщиктердің”) ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы І Петрге жетіп, тұңғыш рет “І-ші Петрдің Сібір коллекциясы” аталған археол. коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық экспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы-ғалымдар Г.Ф. Миллер (1733 жылы және 1744 жылы), П.С. Паллас (1770 жыл) жетекшілік етті. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей мен Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог-ғалым В.В. Радлов Бұқтырма өз-нің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын “Берел” обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В. Андрианов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И. Руденко Катынқарағайда, 1956-1965 жылдары С.С. Сорокин Берел, Күрті, Катын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді. Алтай ескерткішін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ерекшеліктеріне қарай хронол. жағынан төрт кезеңге бөлуге болады: Күрті (б.з.б. 8-7 ғ.), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғ.), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғ.) және Құлажорға (б.з.б. 3 — б.з. 1 ғ.) кезеңдері. Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ-қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солт.-батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы қаңқалары табылды. Майәмір ( Нарын өз-нің жоғарғы жағы) обаларында өлік шалқасынан, аяқ-қолы созылып жерленген. Лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір а-ның тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы, жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 ж. ш. қайтыс болғаны дәлелденді. Оның бет әлпетінде еуропа және моңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар. Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғаның, зергерлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді. Құлажорға (Шығыс Қазақстан) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, тау-текенің бейнелері тартымды берілген. Алтай ескерткіші бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни-нанымдары ортақ этностар жайлағанын, Алтайдағы сақ мәдениетінің алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді. Әдеб.: Киселев С.В., Алтай в скифское время, ВДИ, 1947, №2; Сорокин С.С., Большой Берельский курган. Полное издание материалов раскопок 1965 и 1959 г. Труды Гос. Эрмитажа, т. 10, 1969; соныкі, Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы. Археол. сборник, М.-Л., 1966, с. 39-60; Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время, М., 1992. З.Самашев, Ә.Әбіласан Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж.    
09.11.2012 03:15 7746

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Алтай ескерткіштері — көне дәуір ескерткіштері. 18 ғасырдың басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар (“бугровщиктердің”) ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы І Петрге жетіп, тұңғыш рет “І-ші Петрдің Сібір коллекциясы” аталған археол. коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық экспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы-ғалымдар Г.Ф. Миллер (1733 жылы және 1744 жылы), П.С. Паллас (1770 жыл) жетекшілік етті. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей мен Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог-ғалым В.В. Радлов Бұқтырма өз-нің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын “Берел” обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В. Андрианов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И. Руденко Катынқарағайда, 1956-1965 жылдары С.С. Сорокин Берел, Күрті, Катын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.

Алтай ескерткішін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ерекшеліктеріне қарай хронол. жағынан төрт кезеңге бөлуге болады: Күрті (б.з.б. 8-7 ғ.), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғ.), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғ.) және Құлажорға (б.з.б. 3 — б.з. 1 ғ.) кезеңдері. Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ-қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солт.-батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы қаңқалары табылды. Майәмір ( Нарын өз-нің жоғарғы жағы) обаларында өлік шалқасынан, аяқ-қолы созылып жерленген. Лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір а-ның тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы, жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 ж. ш. қайтыс болғаны дәлелденді. Оның бет әлпетінде еуропа және моңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар. Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғаның, зергерлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді. Құлажорға (Шығыс Қазақстан) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, тау-текенің бейнелері тартымды берілген. Алтай ескерткіші бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни-нанымдары ортақ этностар жайлағанын, Алтайдағы сақ мәдениетінің алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.

Әдеб.: Киселев С.В., Алтай в скифское время, ВДИ, 1947, №2; Сорокин С.С., Большой Берельский курган. Полное издание материалов раскопок 1965 и 1959 г. Труды Гос. Эрмитажа, т. 10, 1969; соныкі, Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы. Археол. сборник, М.-Л., 1966, с. 39-60; Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время, М., 1992.

З.Самашев, Ә.Әбіласан

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға