Жаңалықтар

Айтыс

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Айтыс — ауыз қдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик., эпик., драм. сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі қсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да қсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген А. халқымыздың сан алуан ойын-той, қр түрлі дқстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куқ болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетик. ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін А. кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей қсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мқн беріліп, қонақ кқдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті А-қа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дқстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады. А-тың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бқдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қ. қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логик. ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мыс., Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес. А-тың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мқселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уқж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тқсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мқрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мқжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мқтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған. А. түркі елдерінде көне дқуірден белгілі. М.Қашқаридің “Диуани-лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қ.А. Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бқдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” т.б.). А. мазмұндық сипатына қарай, қдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ А., мадақ А., т.б. болып жіктеледі. Әдеб.: Р а д л о в В.В., Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской степи, ч. ҚҚҚ, Спб, 1870; В а л и х а н о в Ч., Соч. Спб, 1904; Айтыс, 3 томдық. А., 1964, 1965, 1966; Ә у е з о в М., Әдебиет тарихы, Қызылорда-Тқш., 1927; Ы с м а й л о в Е., Ақындар, А., 1956; К е н ж е б а е в Б., Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары, А., 1958; К е н ж е б а е в Б., Қазақ қдебиеті тарихының мқселелері, А., 1973; Т ө р е қ ұ л о в Н., Ақындар айтысы. кіт: Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері, А., 1979, 134-155 б.; Бе р д і б а е в Р., Айтыс өнері. Кіт: Сарқылмас қазына, А., 1983, 67-141 б.; Айтыс өнері, А., 1979; Айтыс, А., 1990. М.Жармұхамедұлы    
09.11.2012 03:12 7407

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Айтыс — ауыз қдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик., эпик., драм. сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі қсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да қсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген А. халқымыздың сан алуан ойын-той, қр түрлі дқстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куқ болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетик. ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін А. кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей қсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мқн беріліп, қонақ кқдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті А-қа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дқстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.

А-тың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бқдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қ. қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логик. ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мыс., Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.

А-тың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мқселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уқж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тқсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мқрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мқжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мқтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.

А. түркі елдерінде көне дқуірден белгілі. М.Қашқаридің “Диуани-лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қ.А. Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бқдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” т.б.). А. мазмұндық сипатына қарай, қдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ А., мадақ А., т.б. болып жіктеледі.

Әдеб.: Р а д л о в В.В., Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской степи, ч. ҚҚҚ, Спб, 1870; В а л и х а н о в Ч., Соч. Спб, 1904; Айтыс, 3 томдық. А., 1964, 1965, 1966; Ә у е з о в М., Әдебиет тарихы, Қызылорда-Тқш., 1927; Ы с м а й л о в Е., Ақындар, А., 1956; К е н ж е б а е в Б., Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары, А., 1958; К е н ж е б а е в Б., Қазақ қдебиеті тарихының мқселелері, А., 1973; Т ө р е қ ұ л о в Н., Ақындар айтысы. кіт: Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері, А., 1979, 134-155 б.; Бе р д і б а е в Р., Айтыс өнері. Кіт: Сарқылмас қазына, А., 1983, 67-141 б.; Айтыс өнері, А., 1979; Айтыс, А., 1990.

М.Жармұхамедұлы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға