Жаңалықтар

Арал-Каспий далаларының тайпалары

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Арал-Каспий далаларының тайпалары — ерте темір дәуірінде осы өңірде өмір сүрген жартылай отырықшы және көшпелі халық. Олардың қалдырған мәдени ескерткіштерін 1989 жылдан бастап Батыс Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) зерттеген. Бұл өңірде б.з.б. 8-7 ғ-дан б.з. 2-3 ғ-ына дейінгі кезеңде озық мәдениет нұсқалары мен жергілікті экол. ерекшеліктерге бейімделген шаруашылық жүйесін жасаған халықтар мен тайпалар өмір сүрген. Аймақтың солт-ін жайлаған скиф-сармат тектес тайпалар Еділ-Жайық өңірі, Орал өлкесі халықтарымен тығыз араласа, оңт-те — Хорезм, Парфия, Согдиана, Маргиана, Бактрия т. б. елдермен байланысқан. Кейбір жазба деректерде (Геродот, көне парсы жазулары) дах (дай, даг), каспи (гиркан), дербик деген тайпалардың аты жиі кездеседі, бірақ осы әдебиеттерде көптеген этник. топтардың аттары мен мекендеген жерлері шатасып та жатады. Грек жазбаларында Каспий теңізінің шығысын, Сырдария өңіріне дейінгі аймақты жайлаған дайлықтар — апарн (парн), ксанфий, писсур, т. б. ру-тайпаларға бөлінген. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың аяғында хорасми, дах, парн және массагет көшпелілерінің байлары Хорезмде жаңа әулеттің билікке келуіне, сол сияқты Кушан мемл-нің қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді. Бұл халықтардың тұрмысының негізі көшпелі мал ш. (қой, ешкі, ірі қара, түйе және жылқы өсіру) болды. Жылқы, мыс., массагеттерде киелі күн құдайына құрбандыққа шалатын, күнге баламаланатын жануар болып есептелген. Тұрмысқа және соғыс ісіне керекті заттарды жергілікті шеберлер жасаған немесе жаугершілікте олжалап алып отырған. Қолөнер ісі, металл, ағаш, тері, тас, сүйек, жүн өндеу, киім тігу, тоқу, әсіресе, зергерлік бұйымдар жасау (хайуанаттың нақышта) жақсы дамыған. Зергерлер мен ұсталардың ең көп шығаратын бүйымдары — қару-жарақ пен ат-әбзелдері, ер-тоқым болған. Арал-Каспий өңірінің халықтарының қоғамдық қарым-қатынастары, билік құрылымдары барлық көшпелілерге тән әлеум. сатылардан, яғни ру басыларынан, көсемдерден және патшалардан т.б. тұрады. Қоғамдық өмірде әйелдердің сонымен қатар діни адамдардың, абыз, бақсы, балгер, түс жорушы т.б. рөлі ерекше болған. Сақ-массагет тайпалары негізінен табиғи күштерге, аспан әлеміне табынған. Белгілі бір кезеңде олардың діни көзқарасына Заоратүштра ілімі де әсерін тигізген. Археол. деректер сақ-массагет тайпалары арасында жерлеу, еске алу, аруақтарға табыну жүйесінің қалыптасқанын дәлелдейді. Қайтыс болған бай адамдар мен көсем-қолбасылардың қару-жарақ, бағалы заттар қойылған бейіттерінің үстіне үлкен обалар тұрғызған. Мұндай ескерткіштер Үстіртте, Маңғыстауда және Атырау өңірлерінде көптеп кездеседі. Әдеб.: Самашев С.З., Ольховский В.С., Веселовская Е.В., Жетыбаев Ж.М., Население Арало-Каспийского региона в сарматскую эпоху. История исследований культуры Казахстана, А., 1997. З.Самашев  
09.11.2012 03:11 4305

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Арал-Каспий далаларының тайпалары — ерте темір дәуірінде осы өңірде өмір сүрген жартылай отырықшы және көшпелі халық. Олардың қалдырған мәдени ескерткіштерін 1989 жылдан бастап Батыс Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) зерттеген. Бұл өңірде б.з.б. 8-7 ғ-дан б.з. 2-3 ғ-ына дейінгі кезеңде озық мәдениет нұсқалары мен жергілікті экол. ерекшеліктерге бейімделген шаруашылық жүйесін жасаған халықтар мен тайпалар өмір сүрген. Аймақтың солт-ін жайлаған скиф-сармат тектес тайпалар Еділ-Жайық өңірі, Орал өлкесі халықтарымен тығыз араласа, оңт-те — Хорезм, Парфия, Согдиана, Маргиана, Бактрия т. б. елдермен байланысқан.

Кейбір жазба деректерде (Геродот, көне парсы жазулары) дах (дай, даг), каспи (гиркан), дербик деген тайпалардың аты жиі кездеседі, бірақ осы әдебиеттерде көптеген этник. топтардың аттары мен мекендеген жерлері шатасып та жатады. Грек жазбаларында Каспий теңізінің шығысын, Сырдария өңіріне дейінгі аймақты жайлаған дайлықтар — апарн (парн), ксанфий, писсур, т. б. ру-тайпаларға бөлінген. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың аяғында хорасми, дах, парн және массагет көшпелілерінің байлары Хорезмде жаңа әулеттің билікке келуіне, сол сияқты Кушан мемл-нің қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді. Бұл халықтардың тұрмысының негізі көшпелі мал ш. (қой, ешкі, ірі қара, түйе және жылқы өсіру) болды. Жылқы, мыс., массагеттерде киелі күн құдайына құрбандыққа шалатын, күнге баламаланатын жануар болып есептелген. Тұрмысқа және соғыс ісіне керекті заттарды жергілікті шеберлер жасаған немесе жаугершілікте олжалап алып отырған. Қолөнер ісі, металл, ағаш, тері, тас, сүйек, жүн өндеу, киім тігу, тоқу, әсіресе, зергерлік бұйымдар жасау (хайуанаттың нақышта) жақсы дамыған. Зергерлер мен ұсталардың ең көп шығаратын бүйымдары — қару-жарақ пен ат-әбзелдері, ер-тоқым болған. Арал-Каспий өңірінің халықтарының қоғамдық қарым-қатынастары, билік құрылымдары барлық көшпелілерге тән әлеум. сатылардан, яғни ру басыларынан, көсемдерден және патшалардан т.б. тұрады. Қоғамдық өмірде әйелдердің сонымен қатар діни адамдардың, абыз, бақсы, балгер, түс жорушы т.б. рөлі ерекше болған. Сақ-массагет тайпалары негізінен табиғи күштерге, аспан әлеміне табынған. Белгілі бір кезеңде олардың діни көзқарасына Заоратүштра ілімі де әсерін тигізген. Археол. деректер сақ-массагет тайпалары арасында жерлеу, еске алу, аруақтарға табыну жүйесінің қалыптасқанын дәлелдейді. Қайтыс болған бай адамдар мен көсем-қолбасылардың қару-жарақ, бағалы заттар қойылған бейіттерінің үстіне үлкен обалар тұрғызған. Мұндай ескерткіштер Үстіртте, Маңғыстауда және Атырау өңірлерінде көптеп кездеседі.

Әдеб.: Самашев С.З., Ольховский В.С., Веселовская Е.В., Жетыбаев Ж.М., Население Арало-Каспийского региона в сарматскую эпоху. История исследований культуры Казахстана, А., 1997.

З.Самашев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға