Жаңалықтар

Ұлттық саясат

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ұлттық саясат — бір мемлекетте тұратын әр түрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұ. с. этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80%-дан астамы көп этн. және көп дінді. Сондықтан Ұ. с. әрбір мемлекеттегі әлеум. саясаттың маңызды сегменті болып табылады. Ұ. с. этн. татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды. Этносаясаттың мақсаты елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне, т.б. ерекшеліктеріне толеранттылық көрсетеді. Ұ. с. өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. Оның мақсаты ұлттық өмірді модернизациялау, ұлттық құндылықтарды сақтау және оның тынысын ашу. Тоталитарлық мемлекеттерде керісінше ұлттық ерекшеліктерді жою арқылы халықтарды бір орталыққа бағындыруды мақсат тұтады. Ұлы державалық ұлт саясаты аз санды халықтарды ассимиляциялаудың шараларын ашық немесе жасырын жүргізеді. Кейде халықтар достығы, халықтар теңдігі, этн. татулық туралы ұрандарды бүркемеленіп, тілдің, салт-дәстүрлердің сақталуына бөгет болатын шаралар жүйесі іске асырылады. Мұндай мемлекеттерде Ұ. с. шовинистік, империялық саясаттың қолшоқпарына айналады. Кеңес Одағында ұлт саясаты коммунистік идеологияның талаптарына сәйкес жүргізілді. Оның негізгі принципі “ұлттардың гүлденуі және өзара жақындасуы” формуласына негізделді. Ұлттық тілдер, мәдениеттер гүлденеді, дамиды. Бірақ шешуші бағыт ұлттардың бірігу үрдісі қатарласа жүреді, келешекте кеңес халықтары бір тілді, бір мәдениетті болуы заңдылық және объективті шындық деп көрсетілді. Ортақ бір тіл рөлін орыс тілі атқарды. Синтезделген жалпыкеңестік “түрі ұлттық, мазмұны социалистік” мәдениет кеңес халқының ортақ игілігіне айналады, — деп уағыздалды. Осының нәтижесінде ондаған аз санды этн. топтар тілдерінен де, мәдениеттерінен де айрылып, басқа ұлттарға сіңіп кетті. Ондай халықтар өз ұлттық белгілерінен айрылып, кеңес халқының ортақ формуласын қабылдауға мәжбүр болды. Кеңес Одағындағы Ұ. с. қазақ этносына да өте ауыр рухани соққы жасады. 1970 — 80-жылдары Қазақстандағы қазақ ұлты өкілдерінің 40%-ы ана тілін білмейтін халге жетіп, халықтар достығы саясатының толық құрбаны болуға аз қалды. Қазақ халқына қарсы геноцидтік саясат жасалды. 1916 ж. 6 млн-ға жеткен қазақтар 1959 ж. 3 млн-ға дейін азайды. Қазан төңкерісінен кейін басталған шаруашылық және саяси реформалар салдарынан 3 млн-ға жуық қазақ қырылды немесе шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазіргі Қазақстандағы Ұ. с-тағы кемшіліктер мен қателіктердің түп-тамыры осы процестерге байланысты. Қазақ тілінің дағдарысқа ұшырау мәселесі әлі де тиімді шешілмей отыр. Дербес мәдениеті мен дамыған тілі бар қазақ этносының орыс тіліне көшу үрдісі әлі де тоқтаған жоқ. Сондықтан қазіргі Ұ. с. кемшіліктерді жоюдың кешенді шараларын күн тәртібіне қойып, оларды шешудің жолдарын қарастыруы қа-жет. Елдегі ұлт саясаты қазақ этносының ұлттық мүдделерін шешумен шектелмейді. Этносаясаттың басымдылығы Қазақстандағы этн. татулықты сақтай отырып, басқа да этн. топтар мен диаспоралардың мұң-мұқтажын мемл. деңгейде шешуге, шиеленістер мен қайшылықтарды реттеуге ат салысу. Бұл ретте Қазақстан халықтары ассамблеясы ұйымының тәжірибесі пайдалы. Халықар. “Ана тілі” қоғамы мен “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалыстарының қазақ ұлтының этн. талаптарын шешудегі қызметтері қажетті. Әлемдік саясаттағы интернационализациялану, ортақ шаруашылық, нарықтық кеңістіктер талабымен жақындасу үрдісі қанша қуатты болғанымен әр этностың дамуы мен тәуелсіз мемлекетке бірігуге ұмтылыстары да сондай қуатты. Сондықтан ұлтаралық қатынастарды, ұлт мәселесін және ұлттардың өзін-өзі билеуі мәселесін шешуге, реттеуге бағытталған Ұ. с-қа деген зәрулік әлем мемлекеттерінің басым көпшілігіне тән. С. Борбасов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:07 51890

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ұлттық саясат — бір мемлекетте тұратын әр түрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұ. с. этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80%-дан астамы көп этн. және көп дінді. Сондықтан Ұ. с. әрбір мемлекеттегі әлеум. саясаттың маңызды сегменті болып табылады. Ұ. с. этн. татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды. Этносаясаттың мақсаты елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне, т.б. ерекшеліктеріне толеранттылық көрсетеді. Ұ. с. өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. Оның мақсаты ұлттық өмірді модернизациялау, ұлттық құндылықтарды сақтау және оның тынысын ашу. Тоталитарлық мемлекеттерде керісінше ұлттық ерекшеліктерді жою арқылы халықтарды бір орталыққа бағындыруды мақсат тұтады. Ұлы державалық ұлт саясаты аз санды халықтарды ассимиляциялаудың шараларын ашық немесе жасырын жүргізеді. Кейде халықтар достығы, халықтар теңдігі, этн. татулық туралы ұрандарды бүркемеленіп, тілдің, салт-дәстүрлердің сақталуына бөгет болатын шаралар жүйесі іске асырылады. Мұндай мемлекеттерде Ұ. с. шовинистік, империялық саясаттың қолшоқпарына айналады. Кеңес Одағында ұлт саясаты коммунистік идеологияның талаптарына сәйкес жүргізілді. Оның негізгі принципі “ұлттардың гүлденуі және өзара жақындасуы” формуласына негізделді. Ұлттық тілдер, мәдениеттер гүлденеді, дамиды. Бірақ шешуші бағыт ұлттардың бірігу үрдісі қатарласа жүреді, келешекте кеңес халықтары бір тілді, бір мәдениетті болуы заңдылық және объективті шындық деп көрсетілді. Ортақ бір тіл рөлін орыс тілі атқарды. Синтезделген жалпыкеңестік “түрі ұлттық, мазмұны социалистік” мәдениет кеңес халқының ортақ игілігіне айналады, — деп уағыздалды. Осының нәтижесінде ондаған аз санды этн. топтар тілдерінен де, мәдениеттерінен де айрылып, басқа ұлттарға сіңіп кетті. Ондай халықтар өз ұлттық белгілерінен айрылып, кеңес халқының ортақ формуласын қабылдауға мәжбүр болды. Кеңес Одағындағы Ұ. с. қазақ этносына да өте ауыр рухани соққы жасады. 1970 — 80-жылдары Қазақстандағы қазақ ұлты өкілдерінің 40%-ы ана тілін білмейтін халге жетіп, халықтар достығы саясатының толық құрбаны болуға аз қалды. Қазақ халқына қарсы геноцидтік саясат жасалды. 1916 ж. 6 млн-ға жеткен қазақтар 1959 ж. 3 млн-ға дейін азайды. Қазан төңкерісінен кейін басталған шаруашылық және саяси реформалар салдарынан 3 млн-ға жуық қазақ қырылды немесе шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазіргі Қазақстандағы Ұ. с-тағы кемшіліктер мен қателіктердің түп-тамыры осы процестерге байланысты. Қазақ тілінің дағдарысқа ұшырау мәселесі әлі де тиімді шешілмей отыр. Дербес мәдениеті мен дамыған тілі бар қазақ этносының орыс тіліне көшу үрдісі әлі де тоқтаған жоқ. Сондықтан қазіргі Ұ. с. кемшіліктерді жоюдың кешенді шараларын күн тәртібіне қойып, оларды шешудің жолдарын қарастыруы қа-жет. Елдегі ұлт саясаты қазақ этносының ұлттық мүдделерін шешумен шектелмейді. Этносаясаттың басымдылығы Қазақстандағы этн. татулықты сақтай отырып, басқа да этн. топтар мен диаспоралардың мұң-мұқтажын мемл. деңгейде шешуге, шиеленістер мен қайшылықтарды реттеуге ат салысу. Бұл ретте Қазақстан халықтары ассамблеясы ұйымының тәжірибесі пайдалы. Халықар. “Ана тілі” қоғамы мен “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалыстарының қазақ ұлтының этн. талаптарын шешудегі қызметтері қажетті. Әлемдік саясаттағы интернационализациялану, ортақ шаруашылық, нарықтық кеңістіктер талабымен жақындасу үрдісі қанша қуатты болғанымен әр этностың дамуы мен тәуелсіз мемлекетке бірігуге ұмтылыстары да сондай қуатты. Сондықтан ұлтаралық қатынастарды, ұлт мәселесін және ұлттардың өзін-өзі билеуі мәселесін шешуге, реттеуге бағытталған Ұ. с-қа деген зәрулік әлем мемлекеттерінің басым көпшілігіне тән.

С. Борбасов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға