Жаңалықтар

Америкадағы азамат соғысы

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Америкадағы азамат соғысы (1861 — 65) — 19 ғ-дың ортасында АҚШ-тың солт-нде жалдама еңбек пен оңт. штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туған соғыс. Оңт-те құл иеленушіліктің сақталуы АҚШ экон-сының дамуына кедергі жасады. 1860 ж. Солт-тің қолдауымен АҚШ-та респ. партиядан А.Линкольннің президенттікке сайлануына байланысты Оңт-ті жақтап келген демократтар билігі (1829 — 60) аяқталды. Бұл жағдай Америка Одағының ыдырау қаупін тудырды. 1861 ж. қарсаңында Оңт. Каролина өзін тәуелсіз деп жариялады. Сол жылдың басында Оңт-тің 6 штаты Одақтан шықты. Одақ құрамынан бөлініп кеткен штаттар өздерінің Конфедерациясын құрды. Америка Одағы бір-біріне өш екі аймаққа бөлінді. 1861 ж. көкек айында Оңт. аймақ Оңтүстік Каролинадағы Федерациялық форт (қамал) — Самтерді басып алды. Солт. аймақ бүлікшілерге қарсы соғысқа кірісті. Линкольнның үндеуімен еріктілер жасақтары, жұмысшы полктары құрыла бастады. 1861 ж. шілде айында Вашингтон қ-на жақын жердегі Булл-Ран жылғасында болған алғашқы ұрыс Оңтүстік армиясының жеңісімен аяқталды. Осы кезде Конфедерация құрамында 11 штат, Одақта — 23 штат болды. Булл-Рандағы жеңілістен кейін Солтүстік өзінің әскери күшін қайта құруға белсене кірісті. Армия Мак-Клемон опасыз генералдар мен офицерлерден тазартылды. 1862 жылдың бастапқы айларында генерал Грант басқарған армия батыс Теннесидегі азат етіп, Миссисипидегі Мемфис қ-сын алды. 1862 ж. көкек айында адмирал Фаррагут эскадрасы Оңт-тің ірі порты Жаңа Орлеанды басып алды. 1862 ж. мамыр айында Линкольн Гомстад туралы (жер үлесі) заңды бекітті. Заң бойынша әр адамға 160 акр жер тегін берілетін болды. Армиядағы фермерлер мен жұмысшылар үшін бұл заң өте қолайлы еді. Маңызды шара ретінде құлдықтан босату туралы үндеу жарияланды. Оңт-тен солт. аудандарға зәңилер (негрлер) топ-тобымен қашып келе бастады. Олардың Одақтық армияда болуына рұқсат етілді. Гомстед Заңы мен құлдарды босату құл иеленушілікке қарсы соққы болды. 1863 ж. жаз айында Азамат соғысының екінші табысты кезеңі басталды. Солт. армиясын басқарған генерал Мид 1863 ж. шілде айында Пенсильваниядағы Геттисберг түбінде үш күнге созылған ірі шайқаста генерал Ли басқарған Оңтүстік армиясын ойсырата жеңді. Дәл осы кезде генерал Гранттың жауынгерлері Миссисипи бойындағы Биксберг қ-сын алды. Бүкіл Миссисипи жағалуы Солт-тің қолына көшті. Оңт-тің күші әлсірей бастады.  Тылда да наразылық күшейді. Жүз мыңдаған зәңгілер Солт. армиясына, флотына өз еріктерімен келіп қосылды. Генерал Шерманның армиясы 1864 ж. көктемде Оңтүстіктің маңызды тірегі саналатын Джорджия штатын, қыркүйек айында соғыс өнеркәсібі орталығы Атлантты, желтоқсанда Атлант мұхитындағы ірі порт Саваннаны басып алды. 1865 ж. 3-көкекте генерал Грант пен Шерманның біріккен күші конфедерация астанасы Ричмондты алды. Генерал Ли 9-көкекте тізе бүкті. 1861 — 65 жылдардағы АҚШ-та болған азамат соғысы Америка халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Оңт-те құлдықтың жойылуы АҚШ-та капиталистік қатынастардың дамуына зор мүмкіндіктер тудырды. Ә.Жұмақанов    
09.11.2012 03:04 15057

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Америкадағы азамат соғысы (1861 — 65) — 19 ғ-дың ортасында АҚШ-тың солт-нде жалдама еңбек пен оңт. штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туған соғыс. Оңт-те құл иеленушіліктің сақталуы АҚШ экон-сының дамуына кедергі жасады. 1860 ж. Солт-тің қолдауымен АҚШ-та респ. партиядан А.Линкольннің президенттікке сайлануына байланысты Оңт-ті жақтап келген демократтар билігі (1829 — 60) аяқталды. Бұл жағдай Америка Одағының ыдырау қаупін тудырды. 1861 ж. қарсаңында Оңт. Каролина өзін тәуелсіз деп жариялады. Сол жылдың басында Оңт-тің 6 штаты Одақтан шықты. Одақ құрамынан бөлініп кеткен штаттар өздерінің Конфедерациясын құрды. Америка Одағы бір-біріне өш екі аймаққа бөлінді. 1861 ж. көкек айында Оңт. аймақ Оңтүстік Каролинадағы Федерациялық форт (қамал) — Самтерді басып алды. Солт. аймақ бүлікшілерге қарсы соғысқа кірісті. Линкольнның үндеуімен еріктілер жасақтары, жұмысшы полктары құрыла бастады. 1861 ж. шілде айында Вашингтон қ-на жақын жердегі Булл-Ран жылғасында болған алғашқы ұрыс Оңтүстік армиясының жеңісімен аяқталды. Осы кезде Конфедерация құрамында 11 штат, Одақта — 23 штат болды. Булл-Рандағы жеңілістен кейін Солтүстік өзінің әскери күшін қайта құруға белсене кірісті. Армия Мак-Клемон опасыз генералдар мен офицерлерден тазартылды. 1862 жылдың бастапқы айларында генерал Грант басқарған армия батыс Теннесидегі азат етіп, Миссисипидегі Мемфис қ-сын алды. 1862 ж. көкек айында адмирал Фаррагут эскадрасы Оңт-тің ірі порты Жаңа Орлеанды басып алды. 1862 ж. мамыр айында Линкольн Гомстад туралы (жер үлесі) заңды бекітті. Заң бойынша әр адамға 160 акр жер тегін берілетін болды. Армиядағы фермерлер мен жұмысшылар үшін бұл заң өте қолайлы еді. Маңызды шара ретінде құлдықтан босату туралы үндеу жарияланды. Оңт-тен солт. аудандарға зәңилер (негрлер) топ-тобымен қашып келе бастады. Олардың Одақтық армияда болуына рұқсат етілді. Гомстед Заңы мен құлдарды босату құл иеленушілікке қарсы соққы болды. 1863 ж. жаз айында Азамат соғысының екінші табысты кезеңі басталды. Солт. армиясын басқарған генерал Мид 1863 ж. шілде айында Пенсильваниядағы Геттисберг түбінде үш күнге созылған ірі шайқаста генерал Ли басқарған Оңтүстік армиясын ойсырата жеңді. Дәл осы кезде генерал Гранттың жауынгерлері Миссисипи бойындағы Биксберг қ-сын алды. Бүкіл Миссисипи жағалуы Солт-тің қолына көшті. Оңт-тің күші әлсірей бастады.  Тылда да наразылық күшейді. Жүз мыңдаған зәңгілер Солт. армиясына, флотына өз еріктерімен келіп қосылды. Генерал Шерманның армиясы 1864 ж. көктемде Оңтүстіктің маңызды тірегі саналатын Джорджия штатын, қыркүйек айында соғыс өнеркәсібі орталығы Атлантты, желтоқсанда Атлант мұхитындағы ірі порт Саваннаны басып алды. 1865 ж. 3-көкекте генерал Грант пен Шерманның біріккен күші конфедерация астанасы Ричмондты алды. Генерал Ли 9-көкекте тізе бүкті. 1861 — 65 жылдардағы АҚШ-та болған азамат соғысы Америка халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Оңт-те құлдықтың жойылуы АҚШ-та капиталистік қатынастардың дамуына зор мүмкіндіктер тудырды.

Ә.Жұмақанов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға