Жаңалықтар

Ағайынды Нобельдер серіктестігі

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Ағайынды Нобельдер серіктестігі, А ғ а й ы н д ы Н о б е л ь д е р д і ң м ұ н а й ө н д і р у с е р і к те с т і г і — ағайынды швед кәсіпкерлері Роберт, Альфред және Людвиг Нобельдер Бакуде құрған (1879 ж.) мұнай өндіру және сатумен айналысатын кәсіпорын. Бакуде мұнай өндіретін зауыт ашып, тез байыған ағайынды кәсіпкерлер Каспийдің шығыс алабына, Қазақстан мен Түркіменстанға көз сала бастады. Жайық пен Жем, Маңғыстау өңірлерінің қазақтары жер бетіне шығып жатқан, тайыз құдықтарға жиылатын мұнайды сонау ерте замандардан бері білетін. Геологтар мен инж-лердің нақты есебіне сүйенген Нобельдер қазақ даласын бұрғылап, зерттеу жұмысын қолға алды. Қазақстандағы мұнайды бұрғылау алғаш 1892 ж. Жайық-Жем алабынан басталды. 1899 ж. Қарашүңгіл кенінде бұрғыланған 7-скважинадан 40 м тереңдіктен тәулігіне 25 т мұнай беретін фонтан атқылады. 1911 ж. 29 көкекте Доссорда бұрғыланған 3-скважинадан 226 м тереңдіктен мол мұнай ақтарылды. 1914 ж. Мақат кені пайдалануға берілді. А.Н.с-нің Қамысқалада (Новобогатта) 2/64 скважинасынан тәулігіне 50 т мұнай атқылауы Қазақстандағы мұнай кендерінің зор болашағын көрсетті. Н-дер осы өңірден “Ембі” мұнай қоғамын ашты. 1914 ж. Мақат пен Доссорда өндірілген мұнай көлемі 272746 т-ға жетті. Мұнайдың басым көпшілігі А.Н.с-нің Бакудегі мұнай өңдеу зауытына жөнелтіліп, одан керосин, парафин және басқа да өнімдер алынды. Жастайынан Ресейде (Петербугта) өсіп, Кавказ өңірін, Қазақстан мен Орта Азияны жетік білетін Нобельдер Каспий өңірінде мұнай өнеркәсібін өркендетуге елеулі үлес қосты. Олар өз заманының білімді де білікті адамдары еді. Станок конструкторы, Орыс тех. қоғамының мүшесі Людвиг Нобель Петербургте әкесі негізін салған “Людвиг Нобель” (“Руский дизель”) зауытын машина жасайтын ірі кәсіпорынға айналдырды. Оның қаржыландыруымен Швецияда жасалып, Каспийге алып келінген “Зороастр” кемесі дүние жүзіндегі тұңғыш мұнай таситын танкер еді. Людвигтің інісі әрі кәсіптесі, Лондондағы корольдік қоғамның және Швеция ҒА-ның мүшесі Альфред Бернхард Нобель (21.10.1833 — 10.12.1896) жарылғыш динамитті ойлап тауып, оны өндіретін кәсіпорын ұйымдастырған дарынды өнертапқыш болатын. Қазіргі хим., физ., мед., экон., әдебиет саласында аса көрнекті жетістіктерге жыл сайын берілетін халықаралық Нобель сыйлығының қоры сол кісінің қаржысына құрылған. А.Н.с-н жиырма жылдай басқарған Эммануэль Нобель (Людвиг Нобельдің баласы) оны 1920 ж. “Стандарт ойл” (АҚШ) мұнай компаниясына 11,5 млн долларға сатты. З.Сақиұлы
09.11.2012 02:57 3744

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Ағайынды Нобельдер серіктестігі, А ғ а й ы н д ы Н о б е л ь д е р д і ң м ұ н а й ө н д і р у с е р і к те с т і г і — ағайынды швед кәсіпкерлері Роберт, Альфред және Людвиг Нобельдер Бакуде құрған (1879 ж.) мұнай өндіру және сатумен айналысатын кәсіпорын. Бакуде мұнай өндіретін зауыт ашып, тез байыған ағайынды кәсіпкерлер Каспийдің шығыс алабына, Қазақстан мен Түркіменстанға көз сала бастады. Жайық пен Жем, Маңғыстау өңірлерінің қазақтары жер бетіне шығып жатқан, тайыз құдықтарға жиылатын мұнайды сонау ерте замандардан бері білетін. Геологтар мен инж-лердің нақты есебіне сүйенген Нобельдер қазақ даласын бұрғылап, зерттеу жұмысын қолға алды. Қазақстандағы мұнайды бұрғылау алғаш 1892 ж. Жайық-Жем алабынан басталды. 1899 ж. Қарашүңгіл кенінде бұрғыланған 7-скважинадан 40 м тереңдіктен тәулігіне 25 т мұнай беретін фонтан атқылады. 1911 ж. 29 көкекте Доссорда бұрғыланған 3-скважинадан 226 м тереңдіктен мол мұнай ақтарылды. 1914 ж. Мақат кені пайдалануға берілді. А.Н.с-нің Қамысқалада (Новобогатта) 2/64 скважинасынан тәулігіне 50 т мұнай атқылауы Қазақстандағы мұнай кендерінің зор болашағын көрсетті. Н-дер осы өңірден “Ембі” мұнай қоғамын ашты. 1914 ж. Мақат пен Доссорда өндірілген мұнай көлемі 272746 т-ға жетті. Мұнайдың басым көпшілігі А.Н.с-нің Бакудегі мұнай өңдеу зауытына жөнелтіліп, одан керосин, парафин және басқа да өнімдер алынды.

Жастайынан Ресейде (Петербугта) өсіп, Кавказ өңірін, Қазақстан мен Орта Азияны жетік білетін Нобельдер Каспий өңірінде мұнай өнеркәсібін өркендетуге елеулі үлес қосты. Олар өз заманының білімді де білікті адамдары еді. Станок конструкторы, Орыс тех. қоғамының мүшесі Людвиг Нобель Петербургте әкесі негізін салған “Людвиг Нобель” (“Руский дизель”) зауытын машина жасайтын ірі кәсіпорынға айналдырды. Оның қаржыландыруымен Швецияда жасалып, Каспийге алып келінген “Зороастр” кемесі дүние жүзіндегі тұңғыш мұнай таситын танкер еді. Людвигтің інісі әрі кәсіптесі, Лондондағы корольдік қоғамның және Швеция ҒА-ның мүшесі Альфред Бернхард Нобель (21.10.1833 — 10.12.1896) жарылғыш динамитті ойлап тауып, оны өндіретін кәсіпорын ұйымдастырған дарынды өнертапқыш болатын. Қазіргі хим., физ., мед., экон., әдебиет саласында аса көрнекті жетістіктерге жыл сайын берілетін халықаралық Нобель сыйлығының қоры сол кісінің қаржысына құрылған. А.Н.с-н жиырма жылдай басқарған Эммануэль Нобель (Людвиг Нобельдің баласы) оны 1920 ж. “Стандарт ойл” (АҚШ) мұнай компаниясына 11,5 млн долларға сатты.

З.Сақиұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға