Жаңалықтар

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шәкәрім Құдайбердіұлы (24.7.1858, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а. — 2.10.1931, сонда) — қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Ш-нің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Ол жастайынан орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиеттерін терең білді. Жеті жасынан өлең жазып, өмірінің соңына дейін ағартушылық бағыт ұстанды. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ш. шығарм. сан-салалығымен ерекшеленеді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық” (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, “Жастық туралы”, “Кәрілік туралы” (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адам өмірінің мән-мағынасы туралы толғанады. “Өмір”, “Сәнқойлар”, “Ызақорлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”, “Тойымсыз нәпсі” сияқты дидактик. өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп (“Анық асық әулие”, “Шын сырым”), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді (“Жастарға”, 1980). “Арман”, “Насихат” (1881) атты өлеңдерінде әр түрлі тап пен топ өкілдерінің ниет мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қо-йылмағанын сөз етеді. Ш. — қазақ поэзиясында оның филос. саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде (“Бай мен кедей”, “Бай мен қонақ”, т.б.) мәселенің әлеум. мәнін ашуға бара бермейді, “еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын” деп уағыздайды. Көпшілік өлеңдерінде ағартушылық көзқарасты насихаттады. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепатқа қарсы жазылған өлеңдері Ш-нің ой-толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады (“Патшалар сансыз шығыс қылады”, 1919; “Адам немене”, 1915). “Бостандық таңы атты”, “Бостандық туы жарқырап” (1917) өлеңдері Ақпан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеум. жағдайға байланысты тұңғыш рет “Шаттық” деген сөзді қолданғанымен, Ш-нің жаңа заманның өзгерістеріне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда болды. “Қош жұртым” өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанымен, халықтан қол үзбегені, болашаққа сеніммен қарайтыны айтылады. Бұл ойын ол С.Мұқановқа жазған хатында (3.2. 1931) да айқын білдірген. Ш. қазақ ауыз әдебиетінің, суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирик. жанр түрлерінің дамуына, өлең мазмұнының өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне өзі ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша “Қалқаман — Мамыр” дастанын жазды (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, орта ғасырлық қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. “Еңлік — Кебек” дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. “Айсұлу — Нартай” поэмасы жамандықты жазаласа, “Әділ — Мария” романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқталады. Ш. — “Қодардың өлімі”, “Кірез патша” дастандарының авторы. 1905 ж. Ш. қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде “Түрік, қырғыз, қазақ їәм хандар шежіресі” (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне үйлестіре түсіндіру мақсатымен “Мұсылмандық шарты” деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екені айқын танылады. Ол жаратушы Алланы ақылға салып түсінуге ұмтылады. Дін бұзушыларды қатты сынға алады (“Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа”, “Сопының бара қойман құрбанына”). Абай сияқты Ш. ескіліктің қайшылықтарын жек көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеум. жарықшақты тани білді. Ш. патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады (“Мен ұлтшыл емеспін, Жақыным мынау демеспін”). Орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығарм-н аса жоғары бағалап (“Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына”), өз халқын дүние жүзінің озат мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811 — 96) “Том ағайдың балағаны” романын, Толстойдың “Асрхадон патша”, “Үш сауал”, т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің “Боран”, “Дубровский” повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің “Ләйлі — Мәжнүн” дастанын назира үлгісімен жырлады (1907). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Ш. үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда ол 20 ғ-дың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпик. жанрдың дамуына үлкен үлес қос-ты. Шығармаларында демократ., халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, сөйтіп, қан төгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Ол “халық жауы” ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тыйым салынды. Тек 1988 ж. ғана ақын есімі толық ақталды. Семей қ-нда ақынға орт. көше аты берілген, “Семей” мемл. ун-ті Ш. атында. А. Мамашұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том    
09.11.2012 02:54 9649

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шәкәрім Құдайбердіұлы (24.7.1858, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а. — 2.10.1931, сонда) — қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Ш-нің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Ол жастайынан орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиеттерін терең білді. Жеті жасынан өлең жазып, өмірінің соңына дейін ағартушылық бағыт ұстанды. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ш. шығарм. сан-салалығымен ерекшеленеді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық” (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, “Жастық туралы”, “Кәрілік туралы” (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адам өмірінің мән-мағынасы туралы толғанады. “Өмір”, “Сәнқойлар”, “Ызақорлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”, “Тойымсыз нәпсі” сияқты дидактик. өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп (“Анық асық әулие”, “Шын сырым”), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді (“Жастарға”, 1980). “Арман”, “Насихат” (1881) атты өлеңдерінде әр түрлі тап пен топ өкілдерінің ниет мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қо-йылмағанын сөз етеді. Ш. — қазақ поэзиясында оның филос. саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде (“Бай мен кедей”, “Бай мен қонақ”, т.б.) мәселенің әлеум. мәнін ашуға бара бермейді, “еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын” деп уағыздайды. Көпшілік өлеңдерінде ағартушылық көзқарасты насихаттады. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепатқа қарсы жазылған өлеңдері Ш-нің ой-толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады (“Патшалар сансыз шығыс қылады”, 1919; “Адам немене”, 1915). “Бостандық таңы атты”, “Бостандық туы жарқырап” (1917) өлеңдері Ақпан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеум. жағдайға байланысты тұңғыш рет “Шаттық” деген сөзді қолданғанымен, Ш-нің жаңа заманның өзгерістеріне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда болды. “Қош жұртым” өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанымен, халықтан қол үзбегені, болашаққа сеніммен қарайтыны айтылады. Бұл ойын ол С.Мұқановқа жазған хатында (3.2. 1931) да айқын білдірген. Ш. қазақ ауыз әдебиетінің, суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирик. жанр түрлерінің дамуына, өлең мазмұнының өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне өзі ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша “Қалқаман — Мамыр” дастанын жазды (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, орта ғасырлық қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. “Еңлік — Кебек” дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. “Айсұлу — Нартай” поэмасы жамандықты жазаласа, “Әділ — Мария” романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқталады. Ш. — “Қодардың өлімі”, “Кірез патша” дастандарының авторы. 1905 ж. Ш. қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде “Түрік, қырғыз, қазақ їәм хандар шежіресі” (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне үйлестіре түсіндіру мақсатымен “Мұсылмандық шарты” деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екені айқын танылады. Ол жаратушы Алланы ақылға салып түсінуге ұмтылады. Дін бұзушыларды қатты сынға алады (“Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа”, “Сопының бара қойман құрбанына”). Абай сияқты Ш. ескіліктің қайшылықтарын жек көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеум. жарықшақты тани білді. Ш. патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады (“Мен ұлтшыл емеспін, Жақыным мынау демеспін”). Орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығарм-н аса жоғары бағалап (“Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына”), өз халқын дүние жүзінің озат мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811 — 96) “Том ағайдың балағаны” романын, Толстойдың “Асрхадон патша”, “Үш сауал”, т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің “Боран”, “Дубровский” повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің “Ләйлі — Мәжнүн” дастанын назира үлгісімен жырлады (1907). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Ш. үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда ол 20 ғ-дың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпик. жанрдың дамуына үлкен үлес қос-ты. Шығармаларында демократ., халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, сөйтіп, қан төгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Ол “халық жауы” ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тыйым салынды. Тек 1988 ж. ғана ақын есімі толық ақталды. Семей қ-нда ақынға орт. көше аты берілген, “Семей” мемл. ун-ті Ш. атында.

А. Мамашұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға