Жаңалықтар

Әмір Темір

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ә. Т. алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Ә. Т-дің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемл. (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Ә. Т. 1370 — 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Ә. Т-дің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Ә. Т. мемл-нің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Ә. Т-дің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Ә. Т. Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид Қ) тұтқындады. Ә.Т-дің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті  құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Ә. Т. 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Ә. Т-дің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Ә. Т. өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемл. ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Ә. Т. есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Ә.Т-дің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Ә. Т. қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Ә. Т-дің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады. Әдеб.: Yenі Turk Ansіklopedіsі, 11-G, Қstanbul, 1985; Қазақстан тарихы, 2-т., А., 1998. Б. Көмеков  
09.11.2012 02:54 8304

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ә. Т. алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Ә. Т-дің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемл. (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Ә. Т. 1370 — 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Ә. Т-дің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Ә. Т. мемл-нің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Ә. Т-дің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Ә. Т. Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид Қ) тұтқындады. Ә.Т-дің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті  құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Ә. Т. 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Ә. Т-дің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Ә. Т. өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемл. ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Ә. Т. есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Ә.Т-дің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Ә. Т. қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Ә. Т-дің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

Әдеб.: Yenі Turk Ansіklopedіsі, 11-G, Қstanbul, 1985; Қазақстан тарихы, 2-т., А., 1998.

Б. Көмеков

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға