Жаңалықтар

Көк Орда

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КӨК ОРДА – 13 – 14 ғ-ларда Батыс Сібір және Қазақстан территориясында құрылған мемлекет. Жошы қайтыс болған соң (1227) Шыңғыс хан Жошы ұлысының мұрагері етіп оның екінші ұлы Батуды тағайындады. Шығыс Дешті Қыпшақтан Орда Ежен мен Шибан (Шайбани), яғни Жошының бірінші және бесінші балалары да өз үлестерін иемденеді. Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өз-нің орталық бойы мен оңт-те Сырдария өз-нің орталық бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орт. және Оңт. Қазақстан территориясында орналасты. Шайбанидың иелігіне қазіргі Бат. Қазақстан мен Бат. Сібір территориясы енді. Бұған қоса оған Батыс жорығындағы ерліктері үшін Мажарстандағы батыс қыпшақ даласынан жайылым сыйланды, бірақ Шайбани кезінде әкесіне ұнаған Жайық бойына оралады. Ортағасырлық тарихи деректер Жошы ұлысының  осы үш бөлігіне әр түрлі атау қолданады. Көбінесе, бұл саяси құрылымдар билеушілерінің атымен Бату ұлысы, Шайбани ұлысы, Орда Ежен ұлысы, кейін олардың мирасқорларының атымен, Берке ұлысы, Бахадгур ұлысы, Қойшы (Коничи) ұлысы және т.б. аталады. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ол Ақ Орда Орда Еженнің иелігі деп санайды. Бірақ бұл жерде Шайбани ұлысы есепке алынбаған. Енді бір тарихшыларымыздың пікірінше, ортағасырлық шығармаларда Ақ Орда, Көк Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ территориясына қатысты айтылған. Оның батыс Жайыққа, яғни Бату мен оның ұрпақтары билік еткен территорияға мүлде қатысы жоқ. Алайда бұл мәселеде шығыстанушылар арасында ортақ көзқарас жоқ. Көк Орданы біреулер Орда Еженнің ұлысы десе, енді басқалары Шайбани ұлысы дейді. Тарихи деректердегі мәліметтерді салыстырып қарастырғанда, Көк Орда термині Жошының бесінші баласы Шайбани жерлерін білдіреді деген ұйғарымға әкеледі. Бұған, ең алдымен Көк Орда шығыста, Жайық сыртында орналасқан деп көрсетіп, Ақ Орда туралы ештеңе айта алмаған орыс жылнамаларын дәлел ретінде келтіруге болады. Осылайша, біз Көк Орда деп айтқанда Шайбани мен оның ұрпақтарының иелігіндегі ұлысты білдіреміз. Шайбанидің жазғы қонысы Орал мен Батыс Сібір территориясында да, Үстіртте және Маңғыстау, Арал-Каспий өңірінде де болды. К. о-ның құрылуы ұзақ уақытқа созылды. Бұл саяси бірліктің қалыптасуы 13 ғ-дың екінші ширегінде, яғни Дешті Қыпшақ Жошы ұлдарының арасында бөліне бастаған уақытқа сәйкес келеді. Орда Ежен мен Бату иеліктерінің арасындағы территория батыс жорығынан кейін Шайбани мемлекетінің құрылымына кірді. К. о-ның негізін салған және бірінші билеуші Шайбанидың өзі болды. Кейде бұл ұлыс оның атымен де аталады. Әкімш.-территориялық жағынан Шайбани ұлысы Жошы ұлысына кірді, ал оны билеуші (Бату ұрпақтары) шартты түрде Қарақорымда отырған Шыңғыс империясының ұлы ханына бағынды. Жошы ұлысы Менгу-Темір билігі тұсында (1260 ж.) жеке мемл. егемендігін алған соң, К. о. Сарай қ-нда билік жүргізіп отырған Алтын Орда ханына бағынды. Алтын Орда мемл. әскери құрылымы жағынан екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанат батыс бөлікте Бату әулеті ұлысы, екінші сол қанат шығыс бөлік Орда Ежен әулеті территориясы болды. Шайбани әулетінің К. о-сы Алтын Орданың бірінші қанатына, яғни Бату әулетіне бағынды. 13 ғ-дың ортасында Жошының екі ұлы Орда Ежен ұрпақтары мен Бату ұрпақтары үлес жерлерінің негізінде жекелеген әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Алайда Шайбани әулетінің К. о-сы өз бетінше жеке ұлыс бола алмады және жалпы саяси процестерде Бату ұлысына енді. Тек 15 ғ-дың 20-жылдарының аяғында Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр Шығыс Дешті Қыпшақтан билікті тартып алып, соның негізінде Шайбани әулеті мемлекетін құрды. Бірақ бұл уақытта өзінің мәнін жоғалтқан К. о. термині еш деректерде кездеспейді. 13 – 15 ғ-лардағы Шайбани ұлысындағы оқиғалардың көпшілігі белгісіз. Белгілісі: К. о-да Шайбанидан кейін Бахадүр, Сасы-Бұқа, Бодақұл, Меңгі Темір, Фулау (Пулау) билік жүргізген. Фулаудтың ұлдары Ибрагим мен Арабшаї әкелерінің иелігін өз араларында бөліседі. Ибрагимнің ұлы Дәулетшаї Әбілхайырдың әкесі Арабшаї және одан кейінгілер Алтын Ордадағы билік үшін болған күреске белсене қатысты, сөйтіп басқалардың көмегімен (Тоқта Темір) Бату ұрпақтары әулетінің билігін құлатады. 15 ғ-дың ортасында Шайбани орталығы Чимги-Тура (Ескер) болған Жаңа Сібір хандығын құрды; қ. Сібір хандығы. Қ. Өскенбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 02:53 30250

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КӨК ОРДА – 13 – 14 ғ-ларда Батыс Сібір және Қазақстан территориясында құрылған мемлекет. Жошы қайтыс болған соң (1227) Шыңғыс хан Жошы ұлысының мұрагері етіп оның екінші ұлы Батуды тағайындады. Шығыс Дешті Қыпшақтан Орда Ежен мен Шибан (Шайбани), яғни Жошының бірінші және бесінші балалары да өз үлестерін иемденеді. Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өз-нің орталық бойы мен оңт-те Сырдария өз-нің орталық бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орт. және Оңт. Қазақстан территориясында орналасты. Шайбанидың иелігіне қазіргі Бат. Қазақстан мен Бат. Сібір территориясы енді. Бұған қоса оған Батыс жорығындағы ерліктері үшін Мажарстандағы батыс қыпшақ даласынан жайылым сыйланды, бірақ Шайбани кезінде әкесіне ұнаған Жайық бойына оралады.

Ортағасырлық тарихи деректер Жошы ұлысының  осы үш бөлігіне әр түрлі атау қолданады. Көбінесе, бұл саяси құрылымдар билеушілерінің атымен Бату ұлысы, Шайбани ұлысы, Орда Ежен ұлысы, кейін олардың мирасқорларының атымен, Берке ұлысы, Бахадгур ұлысы, Қойшы (Коничи) ұлысы және т.б. аталады. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ол Ақ Орда Орда Еженнің иелігі деп санайды. Бірақ бұл жерде Шайбани ұлысы есепке алынбаған. Енді бір тарихшыларымыздың пікірінше, ортағасырлық шығармаларда Ақ Орда, Көк Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ территориясына қатысты айтылған. Оның батыс Жайыққа, яғни Бату мен оның ұрпақтары билік еткен территорияға мүлде қатысы жоқ. Алайда бұл мәселеде шығыстанушылар арасында ортақ көзқарас жоқ. Көк Орданы біреулер Орда Еженнің ұлысы десе, енді басқалары Шайбани ұлысы дейді. Тарихи деректердегі мәліметтерді салыстырып қарастырғанда, Көк Орда термині Жошының бесінші баласы Шайбани жерлерін білдіреді деген ұйғарымға әкеледі. Бұған, ең алдымен Көк Орда шығыста, Жайық сыртында орналасқан деп көрсетіп, Ақ Орда туралы ештеңе айта алмаған орыс жылнамаларын дәлел ретінде келтіруге болады. Осылайша, біз Көк Орда деп айтқанда Шайбани мен оның ұрпақтарының иелігіндегі ұлысты білдіреміз. Шайбанидің жазғы қонысы Орал мен Батыс Сібір территориясында да, Үстіртте және Маңғыстау, Арал-Каспий өңірінде де болды.

К. о-ның құрылуы ұзақ уақытқа созылды. Бұл саяси бірліктің қалыптасуы 13 ғ-дың екінші ширегінде, яғни Дешті Қыпшақ Жошы ұлдарының арасында бөліне бастаған уақытқа сәйкес келеді. Орда Ежен мен Бату иеліктерінің арасындағы территория батыс жорығынан кейін Шайбани мемлекетінің құрылымына кірді.

К. о-ның негізін салған және бірінші билеуші Шайбанидың өзі болды. Кейде бұл ұлыс оның атымен де аталады. Әкімш.-территориялық жағынан Шайбани ұлысы Жошы ұлысына кірді, ал оны билеуші (Бату ұрпақтары) шартты түрде Қарақорымда отырған Шыңғыс империясының ұлы ханына бағынды. Жошы ұлысы Менгу-Темір билігі тұсында (1260 ж.) жеке мемл. егемендігін алған соң, К. о. Сарай қ-нда билік жүргізіп отырған Алтын Орда ханына бағынды. Алтын Орда мемл. әскери құрылымы жағынан екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанат батыс бөлікте Бату әулеті ұлысы, екінші сол қанат шығыс бөлік Орда Ежен әулеті территориясы болды. Шайбани әулетінің К. о-сы Алтын Орданың бірінші қанатына, яғни Бату әулетіне бағынды.

13 ғ-дың ортасында Жошының екі ұлы Орда Ежен ұрпақтары мен Бату ұрпақтары үлес жерлерінің негізінде жекелеген әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Алайда Шайбани әулетінің К. о-сы өз бетінше жеке ұлыс бола алмады және жалпы саяси процестерде Бату ұлысына енді. Тек 15 ғ-дың 20-жылдарының аяғында Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр Шығыс Дешті Қыпшақтан билікті тартып алып, соның негізінде Шайбани әулеті мемлекетін құрды. Бірақ бұл уақытта өзінің мәнін жоғалтқан К. о. термині еш деректерде кездеспейді.

13 – 15 ғ-лардағы Шайбани ұлысындағы оқиғалардың көпшілігі белгісіз. Белгілісі: К. о-да Шайбанидан кейін Бахадүр, Сасы-Бұқа, Бодақұл, Меңгі Темір, Фулау (Пулау) билік жүргізген. Фулаудтың ұлдары Ибрагим мен Арабшаї әкелерінің иелігін өз араларында бөліседі. Ибрагимнің ұлы Дәулетшаї Әбілхайырдың әкесі Арабшаї және одан кейінгілер Алтын Ордадағы билік үшін болған күреске белсене қатысты, сөйтіп басқалардың көмегімен (Тоқта Темір) Бату ұрпақтары әулетінің билігін құлатады.

15 ғ-дың ортасында Шайбани орталығы Чимги-Тура (Ескер) болған Жаңа Сібір хандығын құрды; қ. Сібір хандығы.

Қ. Өскенбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға