Жаңалықтар

Петропавл қалалық кітапханасы

Ақындардың әдеби кездесулері, "дөңгелек үстелдер", жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін өткізу дәстүрге айналды. 1976 жылы Петропавлда Орталық қалалық кітапхана ұйымдастырылды. Оған екі жылдан кейін танымал қазақстандық жазушы Иван Петрович Шуховтың есімі берілді. Ол бірден қалалық кітапхана жүйесінің орталығына айналып, 16 филиалды біріктірді. Сол жылдары әрбір шағын ауданда бұқаралық кітапхана, ал кәсіподақ кітапханалары жоқ кәсіпорындары мен мекемелерінде 42 кітапхана мүйісі ашылды. Орталық кітапхана филиалдардың жұмысын үйлестірді, олардың арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен кітапқұмарларға қолайлы болды. Олар өздернің кітапханасының ғана емес, сонымен бірге 400 мың данадан астам орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бүкіл қорын пайдалануға мүмкіндік алды. Оқырмандардың жалпы саны 32 мың адамға жетті. Сол кезде-ақ Орталық қалалық кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі – туған өлкені зерттеу қалыптасып, "Өлкетану" клубы құрылды. Оның мәжілістерінде жастар облыстың тарихымен, өнер мен мәдениеттегі жетістіктерімен танысты. Әдеби-саз қонақжайындағы кездесулер, дарынды жерлес жазушы И.П. Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық әңгімелер үлкен ықыласқа ие болды. Осы және кітапхананың басқа да көптеген шараларын өткізуге театр актерлері, филармонияның қызметкерлері, Солтүстік Қазақстанның суретшілері, жазушылары мен ақындары қатысты. Қазіргі уақытта И.П. Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметін 5 мыңнан астам тұрақты оқырман пайдаланады. Олар 55 мың данадан аса кітаптарды, альбомдарды, брошюраларды, мерзімдік басылымдарды кәдеге асыра алады. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиет қордың негізін құрайды. Күн сайын келушілерге оқырмандар залы, ересектер мен балалардың абонементі, әдеби қонақжай есіктерін айқара ашады. Алуан мамандықтардың, барлық әлеуметтік құрылымдардың және жас топтарының өкілдері кітапхананың тұрақты оқырмандары болып табылады. Десек те, оқырмандардың жалпы санының 75 пайызын студент-жастар, жасөспірімдер мен балалар құрайды. Қазіргі уақытта да әдеби өлкетану жөніндегі жұмыстар ойдағыдай өткізілуде. Кітапхананың қызметкерлері қаланың, облыстың, республиканың негізгі атаулы күндері мен әдеби өмірінің оқиғалары бойынша шаралар енгізілген кешенді жоспарларды жасап, жүзеге асыруда. Осы жоспарларды жүзеге асыруға өскелең ұрпақ үшін ұйымдастырылған "Мұра" клубы көмектеседі. Оқырмандармен бұқаралық жұмыстың түрлері жыл сайын жаңартылып отырады. Солардың ішінде ауызша журналдар, кештер, әдеби-поэтикалық және тарихи-танымдық сағаттар, әдеби-сазды композициялар, шежіре-сабақтар, жаңа кітаптардың түсаукесерлері, баспасөз клубтары және басқалары бар. 1963 жылы Петропавлда балалар мен жасөспірімдердің Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы ашылды. Ол ашылған сәтте 20 мың том кітап болса, бүгіндері кітапхана қоры қазақ, орыс және басқа тілдердегі 195 мың дана кітаптарды, құжаттарды, күйтабақтарды, слайдтарды, ноталар мен диафильмдерді құрайды. Сирек кездесетін кітаптар қорында төңкеріске дейінгі басылымдар: Ф.Брокгауз бен И.Евфронның энциклопедиялық сөздіктері. И.Тургеневтің, А.Чеховтың. В.Маяковскийдің және басқалардың тамаша кітаптары бар. С.Жүнісовтің, Р.Сейсенбаевтың, С.Шаймерденовтің, М.Сәрсекенің, М.Шахановтың, В.Козловтың және елімізге танымал басқа да әдебиетшілердің қолтаңбалары қойылған кітаптар аса құрметті басылымдар санатына жыл сайын осы мәдениет мекемесі 13 мыңнан аса оқырманға, соның ішінде кіші буын ғана емес, сонымен бірге одан ересектерге қызмет көрсетеді. Кітапханада 5 оқу залы, балаларға, жеткіншектерге және жасөспірімдерге арналған абонементтер, өнер жөніндегі әдебиеттер, қазақ әдебиеті бөлімдері, Ғ.Мүсіреповтің мұражайы, әдістеме-библиография, толықтыру, әдебиеттерді сұрыптау және сақтау бөлімдері, ойын бөлмесі бар. 1997 жылдан бері жұмыс істейтін қазақ әдебиеті бөлімінде қызмет мемлекеттік тілде көрсетіледі. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдар қоры 13 мың дана кітаптар мен мерзімдік басылымдарды біріктірген. Кітапхана қызметкерлері жергілікті зиялы қауым өкілдерінің көмегімен "Балапан", "Любознайка", "Жеткіншек", "Жас қаламгер" клубтары мен мүдде бірлестіктерін құрып, жүмыс істеуде. Жасөспірімдерге арналған "Қызықты кездесулер салоны" бар. Кітапхана компьютерлік техникамен, басып, көбейтетін аппараттармен, аудио және бейнежабдықтармен жарақтандырылған. Интернетке қосылған.
12.04.2013 10:22 6596

Ақындардың әдеби кездесулері, "дөңгелек үстелдер", жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін өткізу дәстүрге айналды.

1976 жылы Петропавлда Орталық қалалық кітапхана ұйымдастырылды. Оған екі жылдан кейін танымал қазақстандық жазушы Иван Петрович Шуховтың есімі берілді. Ол бірден қалалық кітапхана жүйесінің орталығына айналып, 16 филиалды біріктірді. Сол жылдары әрбір шағын ауданда бұқаралық кітапхана, ал кәсіподақ кітапханалары жоқ кәсіпорындары мен мекемелерінде 42 кітапхана мүйісі ашылды. Орталық кітапхана филиалдардың жұмысын үйлестірді, олардың арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен кітапқұмарларға қолайлы болды. Олар өздернің кітапханасының ғана емес, сонымен бірге 400 мың данадан астам орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бүкіл қорын пайдалануға мүмкіндік алды. Оқырмандардың жалпы саны 32 мың адамға жетті.

Сол кезде-ақ Орталық қалалық кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі – туған өлкені зерттеу қалыптасып, "Өлкетану" клубы құрылды. Оның мәжілістерінде жастар облыстың тарихымен, өнер мен мәдениеттегі жетістіктерімен танысты. Әдеби-саз қонақжайындағы кездесулер, дарынды жерлес жазушы И.П. Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық әңгімелер үлкен ықыласқа ие болды. Осы және кітапхананың басқа да көптеген шараларын өткізуге театр актерлері, филармонияның қызметкерлері, Солтүстік Қазақстанның суретшілері, жазушылары мен ақындары қатысты.

Қазіргі уақытта И.П. Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметін 5 мыңнан астам тұрақты оқырман пайдаланады. Олар 55 мың данадан аса кітаптарды, альбомдарды, брошюраларды, мерзімдік басылымдарды кәдеге асыра алады. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиет қордың негізін құрайды. Күн сайын келушілерге оқырмандар залы, ересектер мен балалардың абонементі, әдеби қонақжай есіктерін айқара ашады. Алуан мамандықтардың, барлық әлеуметтік құрылымдардың және жас топтарының өкілдері кітапхананың тұрақты оқырмандары болып табылады. Десек те, оқырмандардың жалпы санының 75 пайызын студент-жастар, жасөспірімдер мен балалар құрайды.

Қазіргі уақытта да әдеби өлкетану жөніндегі жұмыстар ойдағыдай өткізілуде. Кітапхананың қызметкерлері қаланың, облыстың, республиканың негізгі атаулы күндері мен әдеби өмірінің оқиғалары бойынша шаралар енгізілген кешенді жоспарларды жасап, жүзеге асыруда. Осы жоспарларды жүзеге асыруға өскелең ұрпақ үшін ұйымдастырылған "Мұра" клубы көмектеседі.

Оқырмандармен бұқаралық жұмыстың түрлері жыл сайын жаңартылып отырады. Солардың ішінде ауызша журналдар, кештер, әдеби-поэтикалық және тарихи-танымдық сағаттар, әдеби-сазды композициялар, шежіре-сабақтар, жаңа кітаптардың түсаукесерлері, баспасөз клубтары және басқалары бар.

1963 жылы Петропавлда балалар мен жасөспірімдердің Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы ашылды. Ол ашылған сәтте 20 мың том кітап болса, бүгіндері кітапхана қоры қазақ, орыс және басқа тілдердегі 195 мың дана кітаптарды, құжаттарды, күйтабақтарды, слайдтарды, ноталар мен диафильмдерді құрайды. Сирек кездесетін кітаптар қорында төңкеріске дейінгі басылымдар: Ф.Брокгауз бен И.Евфронның энциклопедиялық сөздіктері. И.Тургеневтің, А.Чеховтың. В.Маяковскийдің және басқалардың тамаша кітаптары бар. С.Жүнісовтің, Р.Сейсенбаевтың, С.Шаймерденовтің, М.Сәрсекенің, М.Шахановтың, В.Козловтың және елімізге танымал басқа да әдебиетшілердің қолтаңбалары қойылған кітаптар аса құрметті басылымдар санатына жыл сайын осы мәдениет мекемесі 13 мыңнан аса оқырманға, соның ішінде кіші буын ғана емес, сонымен бірге одан ересектерге қызмет көрсетеді.

Кітапханада 5 оқу залы, балаларға, жеткіншектерге және жасөспірімдерге арналған абонементтер, өнер жөніндегі әдебиеттер, қазақ әдебиеті бөлімдері, Ғ.Мүсіреповтің мұражайы, әдістеме-библиография, толықтыру, әдебиеттерді сұрыптау және сақтау бөлімдері, ойын бөлмесі бар.

1997 жылдан бері жұмыс істейтін қазақ әдебиеті бөлімінде қызмет мемлекеттік тілде көрсетіледі. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдар қоры 13 мың дана кітаптар мен мерзімдік басылымдарды біріктірген.

Кітапхана қызметкерлері жергілікті зиялы қауым өкілдерінің көмегімен "Балапан", "Любознайка", "Жеткіншек", "Жас қаламгер" клубтары мен мүдде бірлестіктерін құрып, жүмыс істеуде. Жасөспірімдерге арналған "Қызықты кездесулер салоны" бар. Кітапхана компьютерлік техникамен, басып, көбейтетін аппараттармен, аудио және бейнежабдықтармен жарақтандырылған. Интернетке қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға