Жаңалықтар

Кітапхананың негізгі технологиялық үдерістеріне жаңа ақпарат технологияларын енгізу

Кітапхананың ақпарат қорының негізі — оның қорлары, бүтінде ол дәстүрлі және электронды негіздегі 505 мыңнан аса бірлікті құрайды. Соның ішінде 400-ден аса мерзімдік басылымдар бар. Кітапхана салалық бөлімдер жүйесі, оқырмандар залдары, ақпарат орталықтары арқылы 28 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. 1996 жылы кітапханада сирек кітаптар мұражайы ашылды. Онда XVII-XIX ғасырлардағы 2000 мыңнан аса сирек басылымдар сақтаулы. Соңғы жылдары құқықтық ақпарат орталығы және "Кітаптарда шекара жоқ" орталығы, америкалық мүйіс, сондай-ақ әлем әдебиетінің залы мен медиатека ашылды. Олар пайдаланушыларға ақпарат, білім және кітапхана қызметінің бүкіл жүйесін ұсынады. Бүгіндері кітапхананың негізгі технологиялық үдерістеріне жаңа ақпарат технологияларын енгізу кітапхананың басты бағыттарының бірі болып табылады. 2002 жылы оның негізінде "XXI ғасырдағы Евразия. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электронды ынтымақтастығы" деп аталған Қазақстан-Ресей семинары болып өтті. "Шекаралардағы кездесулер" деп аталған Ресей-Қазақстан электронды кітапханаларының жобасы осы шараның нәтижесі болды. Мұның үлгі кітапханасы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана мен Омбының А.С. Пушкин атындағы кітапханасы еді. Электронды кітапхана айрықша құнды басылымдарды жіберумен, оларды электронды таратушыларға аударумен айналысады, құжаттарды электронды жеткізу қызметтерін ұсынады. Оған келушілер облыстық кітапхананың сайтында орналасқан электронды катологтарды және ақпараттарды пайдалана алады. 2005 жылы осы сайтта "Библиографтан сұраңыз" деген аралық қашықтықтағы анықтама қызметі жұмыс істей бастады. Ақпарат сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру мақсатында Интернет қорлары кеңінен пайдаланыла-ды. Онда 11 Web-сайт жұмыс істейді. Қауымдастықтың Интернет-треннинг орталығы ақпарат қызметін жетілдіру саласындағы жобалардың бірі болып табылады. Ол "Интернетке тегін ену" ІКЕХ бағдарламасының аясында жұмыс істейді. 2005 жылы С.Мұқанов атындағы кітапханада "Электронды кітапхана — мәдени мұраны сақтау мен қолжетімділікті қамтамасыз ету high-tесһ" деп аталатын республикалық конференция өтіп, оған Қазақстанның ең ірі кітапханаларының өкілдері қатысты. 2006 жылы "Кітапхана инноватикасы" деген шығармашылық идеялар фестивалі, сондай-ақ облыстың таңдаулы аудандық және селолық кітапханаларының конкурсы болып өтті.
12.04.2013 10:19 4540

Кітапхананың ақпарат қорының негізі — оның қорлары, бүтінде ол дәстүрлі және электронды негіздегі 505 мыңнан аса бірлікті құрайды. Соның ішінде 400-ден аса мерзімдік басылымдар бар. Кітапхана салалық бөлімдер жүйесі, оқырмандар залдары, ақпарат орталықтары арқылы 28 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. 1996 жылы кітапханада сирек кітаптар мұражайы ашылды. Онда XVII-XIX ғасырлардағы 2000 мыңнан аса сирек басылымдар сақтаулы. Соңғы жылдары құқықтық ақпарат орталығы және "Кітаптарда шекара жоқ" орталығы, америкалық мүйіс, сондай-ақ әлем әдебиетінің залы мен медиатека ашылды. Олар пайдаланушыларға ақпарат, білім және кітапхана қызметінің бүкіл жүйесін ұсынады.

Бүгіндері кітапхананың негізгі технологиялық үдерістеріне жаңа ақпарат технологияларын енгізу кітапхананың басты бағыттарының бірі болып табылады. 2002 жылы оның негізінде "XXI ғасырдағы Евразия. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электронды ынтымақтастығы" деп аталған Қазақстан-Ресей семинары болып өтті. "Шекаралардағы кездесулер" деп аталған Ресей-Қазақстан электронды кітапханаларының жобасы осы шараның нәтижесі болды. Мұның үлгі кітапханасы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана мен Омбының А.С. Пушкин атындағы кітапханасы еді. Электронды кітапхана айрықша құнды басылымдарды жіберумен, оларды электронды таратушыларға аударумен айналысады, құжаттарды электронды жеткізу қызметтерін ұсынады. Оған келушілер облыстық кітапхананың сайтында орналасқан электронды катологтарды және ақпараттарды пайдалана алады. 2005 жылы осы сайтта "Библиографтан сұраңыз" деген аралық қашықтықтағы анықтама қызметі жұмыс істей бастады.

Ақпарат сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру мақсатында Интернет қорлары кеңінен пайдаланыла-ды. Онда 11 Web-сайт жұмыс істейді.

Қауымдастықтың Интернет-треннинг орталығы ақпарат қызметін жетілдіру саласындағы жобалардың бірі болып табылады. Ол "Интернетке тегін ену" ІКЕХ бағдарламасының аясында жұмыс істейді.

2005 жылы С.Мұқанов атындағы кітапханада "Электронды кітапхана — мәдени мұраны сақтау мен қолжетімділікті қамтамасыз ету high-tесһ" деп аталатын республикалық конференция өтіп, оған Қазақстанның ең ірі кітапханаларының өкілдері қатысты. 2006 жылы "Кітапхана инноватикасы" деген шығармашылық идеялар фестивалі, сондай-ақ облыстың таңдаулы аудандық және селолық кітапханаларының конкурсы болып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға