Жаңалықтар

Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана

Оқырмандардың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыратын, оларды білімнің алуан салалары бойынша ақпаратпен байытатын және өскелең ұрпақтың әдеби талғамын қалыптастыратын кітапханалар мәдениеттің қазынасына баға жеткісіз үлес қосады. Солтүстік Қазақстан облысында барлық ведомстволарға қарайтын 815, соның ішінде 13 аудандық орталықтандырылған және 270 селолық кітапхана жұмыс істейді. Тіпті, зағип және нашар көретін азаматтардың кітапханасы да бар. Облыстың жалпы кітапхана қоры 5 миллион кітаптан асып түседі. 1934 жылы Петропавл қалалық орталық кітапханасының негізінде облыстық әмбебап ғылыми кітапхана құрылып, оның бастапқы қоры 12 мың кітапты құрады. Облыстың өмірінде кітапхана Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында айтарлықтай рөл атқарды. Бұл жылдары оқырмандар саны айтарлықтай өсті. Оларға қызмет көрсету жұмысы белсенді жүргізілді. Кітапхана "Оқырман үні" газетін шығарды, қала мекемелері мен госпитальдерінде жатқа айтқан оқушылар бригадалары ұйымдастырылды. 50-ші жылдары шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кітапхана ұйымдастырылды. Ол орақ науқанында дала қостарына барып отырды. 50-ші жылдардың аяғында кітапхана оқырмандары 20 мың адамға жетті. Сөйтіп, ол ғылыми кітапхана мәртебесін алды. 1973 жылы академик-жазушы С.Мұқановтың араласуымен кітапханаға аумағы 3,2 мың шаршы метрді алып жатқан жаңа ғимарат бөлінді. Ол сол жылдары Қазақстандағы таңдаулылардың бірі болды. Сол жылдың 23 мамырында оған жазушы есімі берілді. 1980 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай бөлмесі ашылып, 1996 жылы кітапхана ғимаратының алдында жазушының бюсті орнатылды. Бүгіндері С.Мұқанов атындағы кітапхана өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени орталығы, басты кітап қоймасы және облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталық, Қазақстанның таңдаулы кітапханаларының бірі болып табылады. Ол өз қызметінде баршаның қолы жетімді, жалпы ғылыми, салааралық және өлкетану сипатындағы сұраныстарды қанағаттандыратын көпшілік кітапхана саналады. Билік органдарымен, түрлі мекемелермен және үұйымдармен, халықаралық қорлармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық ынтымақтастық орнатып, қоғамдық байланыстардың жүйесіне белсене қосылған С.Мұқанов атындағы кітапхана ақпарат ағымының, мәдени бастамалар орталығының торабына айналып отыр. Ол – он екі халықаралық гранттың иегері.
12.04.2013 10:17 5586

Оқырмандардың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыратын, оларды білімнің алуан салалары бойынша ақпаратпен байытатын және өскелең ұрпақтың әдеби талғамын қалыптастыратын кітапханалар мәдениеттің қазынасына баға жеткісіз үлес қосады. Солтүстік Қазақстан облысында барлық ведомстволарға қарайтын 815, соның ішінде 13 аудандық орталықтандырылған және 270 селолық кітапхана жұмыс істейді. Тіпті, зағип және нашар көретін азаматтардың кітапханасы да бар. Облыстың жалпы кітапхана қоры 5 миллион кітаптан асып түседі.

1934 жылы Петропавл қалалық орталық кітапханасының негізінде облыстық әмбебап ғылыми кітапхана құрылып, оның бастапқы қоры 12 мың кітапты құрады.

Облыстың өмірінде кітапхана Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында айтарлықтай рөл атқарды. Бұл жылдары оқырмандар саны айтарлықтай өсті. Оларға қызмет көрсету жұмысы белсенді жүргізілді. Кітапхана "Оқырман үні" газетін шығарды, қала мекемелері мен госпитальдерінде жатқа айтқан оқушылар бригадалары ұйымдастырылды. 50-ші жылдары шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кітапхана ұйымдастырылды. Ол орақ науқанында дала қостарына барып отырды. 50-ші жылдардың аяғында кітапхана оқырмандары 20 мың адамға жетті. Сөйтіп, ол ғылыми кітапхана мәртебесін алды.

1973 жылы академик-жазушы С.Мұқановтың араласуымен кітапханаға аумағы 3,2 мың шаршы метрді алып жатқан жаңа ғимарат бөлінді. Ол сол жылдары Қазақстандағы таңдаулылардың бірі болды. Сол жылдың 23 мамырында оған жазушы есімі берілді. 1980 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай бөлмесі ашылып, 1996 жылы кітапхана ғимаратының алдында жазушының бюсті орнатылды.

Бүгіндері С.Мұқанов атындағы кітапхана өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени орталығы, басты кітап қоймасы және облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталық, Қазақстанның таңдаулы кітапханаларының бірі болып табылады. Ол өз қызметінде баршаның қолы жетімді, жалпы ғылыми, салааралық және өлкетану сипатындағы сұраныстарды қанағаттандыратын көпшілік кітапхана саналады.

Билік органдарымен, түрлі мекемелермен және үұйымдармен, халықаралық қорлармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық ынтымақтастық орнатып, қоғамдық байланыстардың жүйесіне белсене қосылған С.Мұқанов атындағы кітапхана ақпарат ағымының, мәдени бастамалар орталығының торабына айналып отыр. Ол – он екі халықаралық гранттың иегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға