Жаңалықтар

Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі — Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қ-нан 180 шақырым, аудан орталығы Қарауылдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 1945 ж. ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемл. комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы А. Ж. м.-ү-не айналды. 1970 ж. күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражай-үйдің бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол — терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіреберісте қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 ж. Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Кебеже үстіне оюлы поднос пен табақ қойылған. Көп заттардың ішінен қабырғадағы түс киіз ерекше назар аударады. Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі — суреттер. Мұнда Абайдың үй шаруасында болған Қорамжанұлы Қатпа мен оның бәйбішесі Мақым әженің, Рысқали Исақызының фотобейнелері көзге шалынады. Қонақ үйдің есігі дәлізден шығады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобановскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының суреттері қойылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бізге жеткен ең құнды заттың бірі — 1885 ж. П.Лобановский қарындашпен салған Абай суреті. Бұл — Абайдың өзіне қарап отырып салынғандықтан және Абайдың өзі қолына ұстап көрген суреті болғандықтан аса қымбат бейне. Абайдың Семейдегі мұражайға өткізген заттарының бірі — Шақар Жаманбалаұлы бақсының бүйірлі қобызы, М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша салынған Зере әже мен бала Абайға Байкөкше ақынның қисса айтып отырған сәті бейнеленген сурет те осында қойылған. Үйдің төргі бөлмесінде ақынның өзі отырған. Осында кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегі қойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Сүйек төсек алдында төрт қабаттап көрпе салынып, екі жастық қойылған. Оған Абайдың үш ішекті домбырасы сүйеулі тұр. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Үстел үстіндегі тағы бір мұрағат — Абайға шақша жасап берген шебердің қолтаңбасы. Абайдың өзі ойнап, кейін Семейдегі өлкетану мұражайына өткізілген тоғызқұмалақ, дойбы тақталары мен ақынның күмістелген белдігі де — бағалы қазыналар. Ақын ғұмырының соңғы күндеріне дейін рухани серігі болған араб, парсы, түрік және орыс тілдеріндегі кітаптар мен ескі басылымдар ұлы тұлғаның дүниетаным әлемінен сыр шертеді. Төргі бөлменің кіреберісінде, оң жақ қабырғада ілулі тұрған күміс белдік пен тақия Құнанбай қажынікі. Ауызғы бөлме ортасында дөңгелек үстел үстінде сыртында күмістен бердер салынған ошақ бұтындай үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл — Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек — Әйгерімдікі. Үлкен жез леген мен қаз мойынды жез шәйнек — Абайдың шешесі Ұлжан бәйбішенің дүниесі. Абайды нәресте кезінде анасының суға шомылдыратын ыдысы да осы болған. Оң жақ босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түкпірдегі бөлменің оң жағында тұрған сүйек төсек — Еркежандікі. Оның үстінде тұтылған шымылдық пен төсекжапқыш Еркежанның келіні Камалиядан алынған. Еркежан мен Камалияның білезіктері де осында. Солардың қатарында Абай үйіне келін боп түскендегі Камалияның киімдері, құндыз бөркі мен камзолы сақтаулы. Абай Камалияның қолында дүниеден қайтқан. Камалия Абайдың туғанына жүз жыл толған мерекесіне қатысып, мұражай-үйдегі заттардың көбін өз қолымен табыс етіп, кейбір дүдәмал жайттарды анықтап беруге жәрдемдескен. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы — Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Әсіресе, Абайдың күміс ер-тоқымы тарихи құндылығымен қымбат. Мұражай-үйдің шошала темп-сы жазы, қысы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. Айыр бұтақтары бар адалбақандарға бұрын ет ілінген. Шошаладағы тай қазан мен ағаш соқа, аң ұстайтын қақпан түрлері т.б. ақын заманының куәлары. Б.Сапаралы
09.11.2012 02:43 10541

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі — Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қ-нан 180 шақырым, аудан орталығы Қарауылдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

1945 ж. ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемл. комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы А. Ж. м.-ү-не айналды. 1970 ж. күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражай-үйдің бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол — терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіреберісте қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 ж. Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Кебеже үстіне оюлы поднос пен табақ қойылған. Көп заттардың ішінен қабырғадағы түс киіз ерекше назар аударады.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі — суреттер. Мұнда Абайдың үй шаруасында болған Қорамжанұлы Қатпа мен оның бәйбішесі Мақым әженің, Рысқали Исақызының фотобейнелері көзге шалынады. Қонақ үйдің есігі дәлізден шығады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобановскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының суреттері қойылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бізге жеткен ең құнды заттың бірі — 1885 ж. П.Лобановский қарындашпен салған Абай суреті. Бұл — Абайдың өзіне қарап отырып салынғандықтан және Абайдың өзі қолына ұстап көрген суреті болғандықтан аса қымбат бейне.

Абайдың Семейдегі мұражайға өткізген заттарының бірі — Шақар Жаманбалаұлы бақсының бүйірлі қобызы, М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша салынған Зере әже мен бала Абайға Байкөкше ақынның қисса айтып отырған сәті бейнеленген сурет те осында қойылған. Үйдің төргі бөлмесінде ақынның өзі отырған. Осында кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегі қойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Сүйек төсек алдында төрт қабаттап көрпе салынып, екі жастық қойылған. Оған Абайдың үш ішекті домбырасы сүйеулі тұр. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Үстел үстіндегі тағы бір мұрағат — Абайға шақша жасап берген шебердің қолтаңбасы. Абайдың өзі ойнап, кейін Семейдегі өлкетану мұражайына өткізілген тоғызқұмалақ, дойбы тақталары мен ақынның күмістелген белдігі де — бағалы қазыналар. Ақын ғұмырының соңғы күндеріне дейін рухани серігі болған араб, парсы, түрік және орыс тілдеріндегі кітаптар мен ескі басылымдар ұлы тұлғаның дүниетаным әлемінен сыр шертеді.

Төргі бөлменің кіреберісінде, оң жақ қабырғада ілулі тұрған күміс белдік пен тақия Құнанбай қажынікі. Ауызғы бөлме ортасында дөңгелек үстел үстінде сыртында күмістен бердер салынған ошақ бұтындай үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл — Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек — Әйгерімдікі. Үлкен жез леген мен қаз мойынды жез шәйнек — Абайдың шешесі Ұлжан бәйбішенің дүниесі. Абайды нәресте кезінде анасының суға шомылдыратын ыдысы да осы болған. Оң жақ босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан.

Дәліз бойымен ілгері жүргенде түкпірдегі бөлменің оң жағында тұрған сүйек төсек — Еркежандікі. Оның үстінде тұтылған шымылдық пен төсекжапқыш Еркежанның келіні Камалиядан алынған. Еркежан мен Камалияның білезіктері де осында. Солардың қатарында Абай үйіне келін боп түскендегі Камалияның киімдері, құндыз бөркі мен камзолы сақтаулы. Абай Камалияның қолында дүниеден қайтқан. Камалия Абайдың туғанына жүз жыл толған мерекесіне қатысып, мұражай-үйдегі заттардың көбін өз қолымен табыс етіп, кейбір дүдәмал жайттарды анықтап беруге жәрдемдескен. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы — Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Әсіресе, Абайдың күміс ер-тоқымы тарихи құндылығымен қымбат.

Мұражай-үйдің шошала темп-сы жазы, қысы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. Айыр бұтақтары бар адалбақандарға бұрын ет ілінген. Шошаладағы тай қазан мен ағаш соқа, аң ұстайтын қақпан түрлері т.б. ақын заманының куәлары.

Б.Сапаралы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға