Жаңалықтар

Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС (1836 – 38) – Бөкей ордасында Жәңгір хан мен орыс үстемдігіне қарсы болған ұлт-азаттық көтеріліс. И. Т. б. к. Исатай Тайманұлының Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов қиянатына қарсы шығып 1834 жылғы би, старшын сайлауында ханмен кетісуінен, ата қонысынан айрылуынан кейін басталған. 1936 ж. 17 наурызда Қарауылқожа хан бұйрығы бойынша, 500-дей қолмен Исатайды ұстауға шықты. Исатай 200 қолмен оған қарсы аттанды. Бетпе-бет келгенде бес адам (Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Үбі Үсін, Есенәлі Боранбайұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы) ұран салып, қарсыластарын жекпе-жекке шақырды. Олардың батылдығынан сескенген Қарауылқожа кейін қайтуға мәжбүр болды. Исатай 1836 ж. шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара жатқанда оған жол-жөнекей 100 шақты адам келіп қосылды. Исатай 1837 ж. 11 шілдеде Орынбор ген-губернаторы В.А. Перовскийге, 1837 ж. 2 қарашада ханға жазған шағым хаттарында халыққа жасалған қиянаттарды атап көрсетті. Оған біраз рулардың адамдары (600) қол қойды. Тексеру жүргізілгенімен Исатайдың талаптары ескерусіз қалды. Бұрын да үміттері шамалы патша әкімш-не сенімдері біржола жоғалды. И. Т. б. к-тің қимылы шұғыл өзгеріп, дауды заң жолынан гөрі енді жаңадан халық жасақшыларын жинап, көтерілістің күшімен шешпек болды. 1836 ж. қазанда қыстауға Каспий т. жағалауына құлаған Исатай жасағы бар-жоғы бір айдың ішінде екі-үш есе көбейіп, ордалы жұртқа айналды (20 ауыл). Олар енді Қарауылқожадан рұқсат сұрамай, өздерінің қыстауына қолайлы жерлерді күшпен тартып ала бастады. 1837 жылдың 16 қыркүйегінде Исатай батыр екі жүз адамдық жасақпен Қарауылқожаның ауылын шапты. 1837 жылдың 26 мамырында Теректі мекеніндегі Балқы бидің, кейінірек байбақты руының билеушісі Шөкі Нұралыхановтың және басқа да ондаған ел билеушілердің ауылдары тып-типыл таланып, олжаланды. Бұл хабарды естіген Орынбор ген.-губернаторы Перовский Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактары отрядын Исатайды тұтқындап, Орынборға алып келуге жібереді. Бірақ Покатилов Исатайды таба алмайды, себебі орыс отрядының ізін бақылаған халық Исатайды жауға бермейді. Сөйтіп Покатилов жорығы сәтсіздікке ұшырап, кейін қайтады. 1837 жылдың қазан айында Исатай Тайманұлы 3500-дей қолмен хан ордасына 12 шақырым таяп келіп орналасады. Ордаға бірден шабуыл жасамай, ханмен хат алмасып, екі жұмаға жуық өздерінің талаптарының орындалуын күтеді. Осы кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. 1837 ж. 15 қарашада Геке басқарған 1200-дей патша әскері И. Т. б. к-ті басып тастады. Осы соғыста Исатайдың баласы әйелімен бірге қаза тапты. Күші басым жау қолына төтеп бере алмай, Махамбет Өтемісұлы және т.б. сенімді 40 жолдасымен түн жамылып, қарулы тосқауылды бұзып, Жайықтан өтіп кетті. Исатайдың жұбайы төрт ұлымен Баймұхаммед Айшуақұлы сұлтанның қолына түседі. Кіші жүз даласында Исатайдың халықты қанауға қарсы қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалысқа ұласады. Ресей империясының қазақ жерлерін иемденіп алғанын көрген Исатай озбырлықтың қай жақтан болып отырғанын түсінеді. Адай руының сұлтаны, Кіші жүздің батыс жағындағы руларға хан болуды көздеп, Хиуа ханының көмегін күтіп жүрген Қайыпқали Есімов төрені уақытша қолдап, өзінің қолын нығайтып, жауды жеңудің жолын қарастыру үшін келісімге келеді. И. Т. б. к. әуел бастан-ақ хандық құрылымға емес, хан әділетсіздігіне қарсы күресті. Исатай қазақ өмірінде хандықтан басқа құрылымды көрген жоқ, ол хандықты төңкеріп тастағанда елдің ертеңгі күні не болатынын жақсы білді. Ресей әкімшілігіне бағынбасқа жол жоқ-ты. Ал оның сорақылығы ханнан асып түспесе, әсте кем емес-ті. Бір жағынан елдің осындай жағдайға душар болуы оған мұрындық болып отырған сұлтандардың сатқындығынан еді. Оларға халық емес, билік керек екеніне бұқараның көзі жетті. 1838 ж. Исатай Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақшы болды. Осы шайқаста Ақбұлақ өз-нің бойында жаудың қоршауында қалып, қаза тапты (1838 ж. 12 шілде). И. Т. б. к. жеңіліске ұшырап, түпкі ой-мақсаттарына жетпесе де, халықтың сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 02:43 33400

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС (1836 – 38) – Бөкей ордасында Жәңгір хан мен орыс үстемдігіне қарсы болған ұлт-азаттық көтеріліс. И. Т. б. к. Исатай Тайманұлының Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов қиянатына қарсы шығып 1834 жылғы би, старшын сайлауында ханмен кетісуінен, ата қонысынан айрылуынан кейін басталған. 1936 ж. 17 наурызда Қарауылқожа хан бұйрығы бойынша, 500-дей қолмен Исатайды ұстауға шықты. Исатай 200 қолмен оған қарсы аттанды. Бетпе-бет келгенде бес адам (Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Үбі Үсін, Есенәлі Боранбайұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы) ұран салып, қарсыластарын жекпе-жекке шақырды. Олардың батылдығынан сескенген Қарауылқожа кейін қайтуға мәжбүр болды. Исатай 1836 ж. шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара жатқанда оған жол-жөнекей 100 шақты адам келіп қосылды. Исатай 1837 ж. 11 шілдеде Орынбор ген-губернаторы В.А. Перовскийге, 1837 ж. 2 қарашада ханға жазған шағым хаттарында халыққа жасалған қиянаттарды атап көрсетті. Оған біраз рулардың адамдары (600) қол қойды. Тексеру жүргізілгенімен Исатайдың талаптары ескерусіз қалды. Бұрын да үміттері шамалы патша әкімш-не сенімдері біржола жоғалды. И. Т. б. к-тің қимылы шұғыл өзгеріп, дауды заң жолынан гөрі енді жаңадан халық жасақшыларын жинап, көтерілістің күшімен шешпек болды. 1836 ж. қазанда қыстауға Каспий т. жағалауына құлаған Исатай жасағы бар-жоғы бір айдың ішінде екі-үш есе көбейіп, ордалы жұртқа айналды (20 ауыл). Олар енді Қарауылқожадан рұқсат сұрамай, өздерінің қыстауына қолайлы жерлерді күшпен тартып ала бастады. 1837 жылдың 16 қыркүйегінде Исатай батыр екі жүз адамдық жасақпен Қарауылқожаның ауылын шапты. 1837 жылдың 26 мамырында Теректі мекеніндегі Балқы бидің, кейінірек байбақты руының билеушісі Шөкі Нұралыхановтың және басқа да ондаған ел билеушілердің ауылдары тып-типыл таланып, олжаланды. Бұл хабарды естіген Орынбор ген.-губернаторы Перовский Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактары отрядын Исатайды тұтқындап, Орынборға алып келуге жібереді. Бірақ Покатилов Исатайды таба алмайды, себебі орыс отрядының ізін бақылаған халық Исатайды жауға бермейді. Сөйтіп Покатилов жорығы сәтсіздікке ұшырап, кейін қайтады. 1837 жылдың қазан айында Исатай Тайманұлы 3500-дей қолмен хан ордасына 12 шақырым таяп келіп орналасады. Ордаға бірден шабуыл жасамай, ханмен хат алмасып, екі жұмаға жуық өздерінің талаптарының орындалуын күтеді. Осы кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. 1837 ж. 15 қарашада Геке басқарған 1200-дей патша әскері И. Т. б. к-ті басып тастады. Осы соғыста Исатайдың баласы әйелімен бірге қаза тапты. Күші басым жау қолына төтеп бере алмай, Махамбет Өтемісұлы және т.б. сенімді 40 жолдасымен түн жамылып, қарулы тосқауылды бұзып, Жайықтан өтіп кетті. Исатайдың жұбайы төрт ұлымен Баймұхаммед Айшуақұлы сұлтанның қолына түседі. Кіші жүз даласында Исатайдың халықты қанауға қарсы қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалысқа ұласады. Ресей империясының қазақ жерлерін иемденіп алғанын көрген Исатай озбырлықтың қай жақтан болып отырғанын түсінеді. Адай руының сұлтаны, Кіші жүздің батыс жағындағы руларға хан болуды көздеп, Хиуа ханының көмегін күтіп жүрген Қайыпқали Есімов төрені уақытша қолдап, өзінің қолын нығайтып, жауды жеңудің жолын қарастыру үшін келісімге келеді. И. Т. б. к. әуел бастан-ақ хандық құрылымға емес, хан әділетсіздігіне қарсы күресті. Исатай қазақ өмірінде хандықтан басқа құрылымды көрген жоқ, ол хандықты төңкеріп тастағанда елдің ертеңгі күні не болатынын жақсы білді. Ресей әкімшілігіне бағынбасқа жол жоқ-ты. Ал оның сорақылығы ханнан асып түспесе, әсте кем емес-ті. Бір жағынан елдің осындай жағдайға душар болуы оған мұрындық болып отырған сұлтандардың сатқындығынан еді. Оларға халық емес, билік керек екеніне бұқараның көзі жетті. 1838 ж. Исатай Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақшы болды. Осы шайқаста Ақбұлақ өз-нің бойында жаудың қоршауында қалып, қаза тапты (1838 ж. 12 шілде). И. Т. б. к. жеңіліске ұшырап, түпкі ой-мақсаттарына жетпесе де, халықтың сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға