Жаңалықтар

Мегалит мәдениеті

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МЕГАЛИТ МӘДЕНИЕТІ — негізгі ескерткіштері қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола дәуірлеріне байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік құрылыстар кеңінен тараған Бат. Еуропа елдері ғылымына тән және басқа елдер ғылымына батыстан енген. М. м. 20 ғ-дың басында О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд, Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. 20 ғ-дың басында ғылымда алдымен мегалиттік құрылыстарды ғана қамтитын ерекше М. м. жайлы пікірлер қалыптасты. Осы тәсіл мегалиттік құрылыстарды тек әлдеқандай бір этн. топтарға таңатын, ал бұл ескерткіштердің таралуын осы топтардың бір өлкеден екінші өлкелерге жылжуымен түсіндіретін пікірлердің туындауына мүмкіндік берді. Бұдан келіп көне дәуірлерде алып мегалиттер салумен шұғылданған ерекше “құрылысшы” халық өмір сүрген, ол мұхит жағалауларымен жылжып отырған дегенге саятын көзқарас пайда болды. 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап Бат. Еуропаның неолит пен қола дәуірлерін қамтитын көне мәдениеттерін кеңінен зерттеу ісі қарқынды дамыды. Осы кезден бастап мегалиттер салумен шұғылданған ерекше халық жайлы болжам пікірлер өмір сүруін тоқтатты. Түрлі деңгейде зерттелген Бат. Еуропа М. м. қатарына көптеген мәдениеттерді жатқызуға болады. Гүлдену мерзімі б.з.б. 2400 — 2300 жылдарға тұстас келетін Франциядағы Сена-Уаза-Марна (СУМ) мәдениетінің қабырғалары үлкен тастармен көмкерілген, ішінде 70-ке дейін адам жерленген “жабық галерея” түріндегі қабірханалары белгілі. Шақпақ тастан жасалып, жақсы өңделген балталар, жапырақ пішіндес қанжарлар мен түбі тегіс қарапайым көзелер көптеп табылған. Бретань мегалиттер дәуірі мәдениетінің өз ерекшеліктері бар. Британияда мегалиттер жергілікті уиндмиллхилл мәдениетінің кезінде тарайды. Мұндағы 1925 ж. зерттелген негізгі ескерткіш Уиндмилл-Хилл қонысының алғашқы қабаттары б.з.б. 3-мыңжылдықтың басымен мерзімделеді. Кейінгі неолитте, б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Оңт. Англия мен Шотландияда райнио-клектон мәдениеті қалыптасты. Осы мәдениет ауқымында Британияның атақты ескерткіші Стонхендждің ерте бөлігі пайда болды (бұл мегалиттік ескерткіш 3 кезеңде салынған, 3 бөліктен тұрады). Англияның мегалиттер дәуіріндегі айрықша ескерткіштерінің бірі — Эвбюри кешені. Бұған диам. 350 м үлкен кромлех, менгирлер аллеясы, Овертон-Хилл ғұрыптық құрылысы, көптеген “ұзын обалар” мен мегалиттік қабірлер, күшейтілген қалашық және жалпы Еуропаның ең үлкен обаларының бірі саналатын биікт. 37,5 м Сильбюри-Хилл обасы кіреді. Ирландияның үлкен тас обалар астындағы мегалиттік қабірханалары, негізінен, жергілікті клайд-карлингорд мәдениетіне қарасты. Бат. Еуропаның неолиттік мәдениеттері бір-бірімен байланыста дамыды, мұның өзі мегалиттік ескерткіштердің кең тарауына әсер етті. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:11 6092

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МЕГАЛИТ МӘДЕНИЕТІ — негізгі ескерткіштері қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола дәуірлеріне байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік құрылыстар кеңінен тараған Бат. Еуропа елдері ғылымына тән және басқа елдер ғылымына батыстан енген. М. м. 20 ғ-дың басында О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд, Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. 20 ғ-дың басында ғылымда алдымен мегалиттік құрылыстарды ғана қамтитын ерекше М. м. жайлы пікірлер қалыптасты. Осы тәсіл мегалиттік құрылыстарды тек әлдеқандай бір этн. топтарға таңатын, ал бұл ескерткіштердің таралуын осы топтардың бір өлкеден екінші өлкелерге жылжуымен түсіндіретін пікірлердің туындауына мүмкіндік берді. Бұдан келіп көне дәуірлерде алып мегалиттер салумен шұғылданған ерекше “құрылысшы” халық өмір сүрген, ол мұхит жағалауларымен жылжып отырған дегенге саятын көзқарас пайда болды. 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап Бат. Еуропаның неолит пен қола дәуірлерін қамтитын көне мәдениеттерін кеңінен зерттеу ісі қарқынды дамыды. Осы кезден бастап мегалиттер салумен шұғылданған ерекше халық жайлы болжам пікірлер өмір сүруін тоқтатты. Түрлі деңгейде зерттелген Бат. Еуропа М. м. қатарына көптеген мәдениеттерді жатқызуға болады. Гүлдену мерзімі б.з.б. 2400 — 2300 жылдарға тұстас келетін Франциядағы Сена-Уаза-Марна (СУМ) мәдениетінің қабырғалары үлкен тастармен көмкерілген, ішінде 70-ке дейін адам жерленген “жабық галерея” түріндегі қабірханалары белгілі. Шақпақ тастан жасалып, жақсы өңделген балталар, жапырақ пішіндес қанжарлар мен түбі тегіс қарапайым көзелер көптеп табылған. Бретань мегалиттер дәуірі мәдениетінің өз ерекшеліктері бар. Британияда мегалиттер жергілікті уиндмиллхилл мәдениетінің кезінде тарайды. Мұндағы 1925 ж. зерттелген негізгі ескерткіш Уиндмилл-Хилл қонысының алғашқы қабаттары б.з.б. 3-мыңжылдықтың басымен мерзімделеді. Кейінгі неолитте, б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Оңт. Англия мен Шотландияда райнио-клектон мәдениеті қалыптасты. Осы мәдениет ауқымында Британияның атақты ескерткіші Стонхендждің ерте бөлігі пайда болды (бұл мегалиттік ескерткіш 3 кезеңде салынған, 3 бөліктен тұрады). Англияның мегалиттер дәуіріндегі айрықша ескерткіштерінің бірі — Эвбюри кешені. Бұған диам. 350 м үлкен кромлех, менгирлер аллеясы, Овертон-Хилл ғұрыптық құрылысы, көптеген “ұзын обалар” мен мегалиттік қабірлер, күшейтілген қалашық және жалпы Еуропаның ең үлкен обаларының бірі саналатын биікт. 37,5 м Сильбюри-Хилл обасы кіреді. Ирландияның үлкен тас обалар астындағы мегалиттік қабірханалары, негізінен, жергілікті клайд-карлингорд мәдениетіне қарасты. Бат. Еуропаның неолиттік мәдениеттері бір-бірімен байланыста дамыды, мұның өзі мегалиттік ескерткіштердің кең тарауына әсер етті.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға