Жаңалықтар

Майлин Бейімбет

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МАЙЛИН Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы (15. 11.1894, қазіргі Қостанай обл. Таран ауд. Бейімбет Майлин атынд. а. — 26.2. 1938) — жазушы. 1911 — 12 ж. Арғынбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы ұалия медресесінде (1914 — 15), Троицк қ-ндағы Уәзифа медресесінде оқыған. 1923 — 25 ж. Қостанай губ. “Ауыл” газетінде, 1925 — 28 ж. “Еңбекші қазақ” газетінде, 1928 — 32 ж. респ. “Ауыл тілі” газетінде әдеби қызметкер, редактор болды. 1932 — 37 ж. “Социалистік Қазақстан” газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. Уфадағы ұалия медресесінде оқыған жылдары татардың ұ.Ибрагимов, М.ұафури, т.б. ақын-жазушыларымен шығарм. байланыста болды. Осы оқу орнындағы “Садақ” қолжазба журналында “Мұсылмандық белгісі” атты тұңғыш өлеңі жарық көрді (1913). Оның алғашқы шығармалары — “Қостанай уезі, Дамбар болысы” очеркі, “Мұқтаждық”, “Көңіліме” атты өлеңі (1914), “Мал” (1914), “Шұғаның белгісі” повесі (1914), “Болған іс” әңгімесі “Айқап” журналында, “Қазақ” газетінде жарияланды. М. шығарм-нда поэзиялық туындылар да елеулі орын алады. Ол өлеңдерінде [“Кедейге” (1922), “Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз” (1923), “Жазғы жайлауда” (1926), “Наурыз түлегі” (1927), “Көк сиыр” (1930), “Біздің жастар” (1933), т.б.] уақыт шындығын поэтик. тереңдікпен бейнеледі. М. қарапайым ауыл қазағының типтік бейнесін жасады: “Мырқымбай” (1922), “Кедейдің кейістігі” (1925), “Әйт, шу... ала атым” (1924), “Қарасор” (1925), “Бер, Мырқымбай, қолыңды!” (1926), “Әй, Мырқымбай” (1928), т.б. Ол оннан астам поэма жазды, “Байдың қызы” (1917), “Рәзия қыз” (1919), “Қашқын келіншек”, “Зайкүл” (1921), “Маржан” (1923) поэмаларында қазақ әйелдерінің тағдырын жырлады. М. — әңгіме жанрының шебері. Реалистік суреткерлікпен, сатир.-юморлық шыншылдықпен жазған әңгімелерінде (“Қанды кек”, 1916; “Сексен сом”, 1918; “Күлпаш”, 1922; “Талақ”, 1923; “Қара шелек”, 1930, т.б.) ауыл адамдары басынан кешкен тарихи-әлеум., тұрмыстық өмір шындығы суреттеледі. Әсіресе 20 ғ-дың 20 — 30-жылдарындағы қазақ байларын заңсыз тәркілеу, зорлықпен ұжымдастыру кезеңіндегі адамдар психологиясының әр алуан құбылыстары (“Ақталған еңбек”, 1928; “Сары ала тон”, 1928; “Шапайдың хаты”, 1928; “Арыстанбайдың Мұқышы”, 1930; “Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры”, 1930; “Биғайшаның хаты”, 1931), солақай саясаттың құрбандары (“Аштық құрбаны”, 1927), шолақ белсенділердің кесапат қылықтары, т.б. мәселелер сыншылдықпен әшкереленеді. М-нің сатир. фельетондар (“Сойқанды содырлар”, 1928; “Кесінділер”, 1929) мен очерктер (“Алыптарды аралағанда”, 1934) жинақтарында уақыт шындығы шынайы бейнеленеді. М. 15-ке жуық повесть жазған қаламгер. Алғашқы “Шұғаның белгісі” (1914) повесі қазақ прозасының классик. шығармаларының бірі болып табылады. М. қазақ әйелдері тағдырына бірнеше повесть арнады. Солардың ішіндегі  көлемдісі — “Раушан — коммунист” (1923, өңделген нұсқасы 1929) повесі. “Берен” повесінде жазушы бұрын сауатсыз ғұмыр кешкен қазақ қызының оқып, білім алып, мұғалім, халық ағартушысы болғанын суреттейді. Қазақтың жаңа ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы “Азамат Азаматыч” (1934) романына арқау болған. М. “Қызыл жалау” (1931 — 36); “Қоңсылар”, “Тартыс” (толық аяқталмаған) романдарында 20 ғ-дың 20 — 30-жылдарындағы қазақ ауылының тарихи өзгерістері, адамдар танымының түрлі құбылыстары көркем суреттелген. М. драма саласында 25-тей пьеса, либретто, сценарий жазған. “Шаншар молда” (алғашқы нұсқасы “Жат сабақ”, 1926) атты тұңғыш пьесасынан бастап бір және екі актілі бірнеше драм. шығармалар — “Ауыл мектебі”, “Неке қияр” (1926), “Көзілдірік” (1929), “Талтаңбайдың тәртібі” (1930), “Жасырын жиылыс” (1932), “Шұға” (1933), “Майдан” (1933), “Жалбыр” (1935), “Амангелді” (1936), т.б. жазған. “Аманкелді” сценариі бойынша (В.Иванов, ұ.Мүсіреповпен бірге) кинофильм түсірілді (1936). “Жалбыр” либреттосы бойынша опера (муз. Е.Г. Брусиловскийдікі) қойылды (1935). М. қазақ сөз өнерінің публицистика саласына да мол үлес қосқан қаламгер. Т. Тебегенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:01 21452

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МАЙЛИН Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы (15. 11.1894, қазіргі Қостанай обл. Таран ауд. Бейімбет Майлин атынд. а. — 26.2. 1938) — жазушы. 1911 — 12 ж. Арғынбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы ұалия медресесінде (1914 — 15), Троицк қ-ндағы Уәзифа медресесінде оқыған. 1923 — 25 ж. Қостанай губ. “Ауыл” газетінде, 1925 — 28 ж. “Еңбекші қазақ” газетінде, 1928 — 32 ж. респ. “Ауыл тілі” газетінде әдеби қызметкер, редактор болды. 1932 — 37 ж. “Социалистік Қазақстан” газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. Уфадағы ұалия медресесінде оқыған жылдары татардың ұ.Ибрагимов, М.ұафури, т.б. ақын-жазушыларымен шығарм. байланыста болды. Осы оқу орнындағы “Садақ” қолжазба журналында “Мұсылмандық белгісі” атты тұңғыш өлеңі жарық көрді (1913). Оның алғашқы шығармалары — “Қостанай уезі, Дамбар болысы” очеркі, “Мұқтаждық”, “Көңіліме” атты өлеңі (1914), “Мал” (1914), “Шұғаның белгісі” повесі (1914), “Болған іс” әңгімесі “Айқап” журналында, “Қазақ” газетінде жарияланды. М. шығарм-нда поэзиялық туындылар да елеулі орын алады. Ол өлеңдерінде [“Кедейге” (1922), “Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз” (1923), “Жазғы жайлауда” (1926), “Наурыз түлегі” (1927), “Көк сиыр” (1930), “Біздің жастар” (1933), т.б.] уақыт шындығын поэтик. тереңдікпен бейнеледі. М. қарапайым ауыл қазағының типтік бейнесін жасады: “Мырқымбай” (1922), “Кедейдің кейістігі” (1925), “Әйт, шу... ала атым” (1924), “Қарасор” (1925), “Бер, Мырқымбай, қолыңды!” (1926), “Әй, Мырқымбай” (1928), т.б. Ол оннан астам поэма жазды, “Байдың қызы” (1917), “Рәзия қыз” (1919), “Қашқын келіншек”, “Зайкүл” (1921), “Маржан” (1923) поэмаларында қазақ әйелдерінің тағдырын жырлады. М. — әңгіме жанрының шебері. Реалистік суреткерлікпен, сатир.-юморлық шыншылдықпен жазған әңгімелерінде (“Қанды кек”, 1916; “Сексен сом”, 1918; “Күлпаш”, 1922; “Талақ”, 1923; “Қара шелек”, 1930, т.б.) ауыл адамдары басынан кешкен тарихи-әлеум., тұрмыстық өмір шындығы суреттеледі. Әсіресе 20 ғ-дың 20 — 30-жылдарындағы қазақ байларын заңсыз тәркілеу, зорлықпен ұжымдастыру кезеңіндегі адамдар психологиясының әр алуан құбылыстары (“Ақталған еңбек”, 1928; “Сары ала тон”, 1928; “Шапайдың хаты”, 1928; “Арыстанбайдың Мұқышы”, 1930; “Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры”, 1930; “Биғайшаның хаты”, 1931), солақай саясаттың құрбандары (“Аштық құрбаны”, 1927), шолақ белсенділердің кесапат қылықтары, т.б. мәселелер сыншылдықпен әшкереленеді. М-нің сатир. фельетондар (“Сойқанды содырлар”, 1928; “Кесінділер”, 1929) мен очерктер (“Алыптарды аралағанда”, 1934) жинақтарында уақыт шындығы шынайы бейнеленеді. М. 15-ке жуық повесть жазған қаламгер. Алғашқы “Шұғаның белгісі” (1914) повесі қазақ прозасының классик. шығармаларының бірі болып табылады. М. қазақ әйелдері тағдырына бірнеше повесть арнады. Солардың ішіндегі  көлемдісі — “Раушан — коммунист” (1923, өңделген нұсқасы 1929) повесі. “Берен” повесінде жазушы бұрын сауатсыз ғұмыр кешкен қазақ қызының оқып, білім алып, мұғалім, халық ағартушысы болғанын суреттейді. Қазақтың жаңа ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы “Азамат Азаматыч” (1934) романына арқау болған. М. “Қызыл жалау” (1931 — 36); “Қоңсылар”, “Тартыс” (толық аяқталмаған) романдарында 20 ғ-дың 20 — 30-жылдарындағы қазақ ауылының тарихи өзгерістері, адамдар танымының түрлі құбылыстары көркем суреттелген. М. драма саласында 25-тей пьеса, либретто, сценарий жазған. “Шаншар молда” (алғашқы нұсқасы “Жат сабақ”, 1926) атты тұңғыш пьесасынан бастап бір және екі актілі бірнеше драм. шығармалар — “Ауыл мектебі”, “Неке қияр” (1926), “Көзілдірік” (1929), “Талтаңбайдың тәртібі” (1930), “Жасырын жиылыс” (1932), “Шұға” (1933), “Майдан” (1933), “Жалбыр” (1935), “Амангелді” (1936), т.б. жазған. “Аманкелді” сценариі бойынша (В.Иванов, ұ.Мүсіреповпен бірге) кинофильм түсірілді (1936). “Жалбыр” либреттосы бойынша опера (муз. Е.Г. Брусиловскийдікі) қойылды (1935). М. қазақ сөз өнерінің публицистика саласына да мол үлес қосқан қаламгер.

Т. Тебегенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға