Жаңалықтар

Майкоп мәдениеті

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МАЙКОП МӘДЕНИЕТІ — Солт. Кавказ баурайы таулы белдеміндегі Қара т-ден Шешенстан, Ингушетияға дейінгі алқапты қоныстанған тайпаларға ортақ археол. ескерткіштердің ғылыми атауы. 1897 — 98 ж. Н.И. Василевский зерттеген Белая өз. маңындағы Майкоп қорғанына байланысты осылай аталған. Қазба жұмыстары барысында аршылған қабірден адамның 3 қаңқасы және арыстан (65 дана), өгіз (19 дана) бейнелі алтын қапсырмалар, алтыннан жасалған шеңберлер (38 дана) және моншақтар табылған. Сонымен қатар, 2 алтын, 14 күміс ыдыс, алтын және күмістен жасалған өгіз мүсіндері қондырылған 6 алтын түтікше, ленталар, перюза және ақықтан жасалған моншақтар шыққан. Обаның биікт. 10,6 м, аум. 5,3´3,7 м. Бұл мәдениетке жататын тағы бір обаны (биікт. 9,6 м) Н.И. Василевский 1898 ж. Царская бекетінің маңынан тапқан. Екі камералы дольмен секілді плита тастардан тұрғызылған қабірден бір қырынан жатқызылған адамның қаңқасы аршылған. Оның жанына алтыннан жасалған сырға, сақина, моншақтар, мыс құралдар, қару-жарақтар, мыс қазан және тастан жасалған жебе ұштары қойылған. өзақ жылдарға созылған зерттеудің нәтижесінде Кубань өңірінде адамды бір қырынан тізесін бүгіп және оны бояп жерлеу ғұрпы болғандығы анықталды. Кейіннен бұл мәдениетке ұқсас ескерткіштерді Н.И. Василевский Кубанның басқа өңірлерінен де тапты. Жинақталған мәліметтер негізінде А.Тальгрен 1911 ж. “Кубанның үлкен обалары” атты мәдениетті бөліп көрсетті. Ол “Кубанның үлкен обаларын” б.з.б. 2000 ж. болған деп болжады. А.В. Шмидт 1929 ж. Солт. Кавказдың мыс-қола кезеңіне жататын ескерткіштерді алғаш топтастырып, оларды ерте кубань, орта кубань, соңғы кубань деп үш кезеңге бөлді. Ол М. м. Солт. Кавказ мәдениетіне қарағанда ертеректе қалыптасқанын дәлелдеп, бұл мәдениетке жататын жеті жерлеу ескерткішін атап көрсетті. 1950 ж. А.А. Иессен М. м-не 34 ескерткішті жатқызып, олардың мерзімін б.з.б. 2400 ж. белгіледі. Қарастырылып отырған мәдениет, заттық деректері бай ескерткіштермен қатар заттары аз кездесетін, бірақ жерлеу ғұрпы ұқсас ескерткіштерден де тұрады. М. м-нің жерлеу ескерткіштеріне төмендегідей ғұрыптар тән: 1) оба үйіндісі кромлех типтес болып қаланған тас құрылыстардан тұрады; 2) қабір шұңқырларының пішіні төртбұрышты, бұрыштары дөңгеленген, едендері малта тастармен жабылған және кей кезде қабырғалары бөренелермен көмкеріледі; 3) адам мәйіттерінің жерленуі арқасы мен аяқтары бүгілген күйде болады немесе бір қырынан бүктеліп, бастары оңт. кейде оңт.-шығысқа қаратылып қойылады, көп жағдайда охра жағылады; 4) мәйіт жанына қойылған заттар қатарына мыстан жасалған, өндірісте пайдаланылатын құралдар жатады. 20 ғ-дың ортасынан М. м-не тән ескерткіштер Солт.-Батыс Кавказ, Қабарда Бестауы, Кавказдың шығыс өңірлерінен табылып, зерттелген. М. м-нің қоныстары алғаш Қабардадан, Қара т. жағалауынан табылды. Қоныстары: Мешоко, Скала, Хутор, Веселый, Хаджох. М. м-н қалыптастырған тайпалар, заттай деректерге қарағанда, егіншілікпен және мал ш-мен айналысқан. Жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар бұл тайпалардың діни наным-сенімдері жайында аз мәлімет бергенімен, олардың өлікті жерлеуге үлкен мән бергендігін көрсетеді. М. м-нің өмір сүрген мерзімі алдыңғы мәдени ескерткіштермен салыстырыла зерттеліп, б.з.б. 2500 — 2000 ж. екендігі анықталды. А. Чотбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:58 5847

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МАЙКОП МӘДЕНИЕТІ — Солт. Кавказ баурайы таулы белдеміндегі Қара т-ден Шешенстан, Ингушетияға дейінгі алқапты қоныстанған тайпаларға ортақ археол. ескерткіштердің ғылыми атауы. 1897 — 98 ж. Н.И. Василевский зерттеген Белая өз. маңындағы Майкоп қорғанына байланысты осылай аталған. Қазба жұмыстары барысында аршылған қабірден адамның 3 қаңқасы және арыстан (65 дана), өгіз (19 дана) бейнелі алтын қапсырмалар, алтыннан жасалған шеңберлер (38 дана) және моншақтар табылған. Сонымен қатар, 2 алтын, 14 күміс ыдыс, алтын және күмістен жасалған өгіз мүсіндері қондырылған 6 алтын түтікше, ленталар, перюза және ақықтан жасалған моншақтар шыққан. Обаның биікт. 10,6 м, аум. 5,3´3,7 м. Бұл мәдениетке жататын тағы бір обаны (биікт. 9,6 м) Н.И. Василевский 1898 ж. Царская бекетінің маңынан тапқан. Екі камералы дольмен секілді плита тастардан тұрғызылған қабірден бір қырынан жатқызылған адамның қаңқасы аршылған. Оның жанына алтыннан жасалған сырға, сақина, моншақтар, мыс құралдар, қару-жарақтар, мыс қазан және тастан жасалған жебе ұштары қойылған. өзақ жылдарға созылған зерттеудің нәтижесінде Кубань өңірінде адамды бір қырынан тізесін бүгіп және оны бояп жерлеу ғұрпы болғандығы анықталды. Кейіннен бұл мәдениетке ұқсас ескерткіштерді Н.И. Василевский Кубанның басқа өңірлерінен де тапты. Жинақталған мәліметтер негізінде А.Тальгрен 1911 ж. “Кубанның үлкен обалары” атты мәдениетті бөліп көрсетті. Ол “Кубанның үлкен обаларын” б.з.б. 2000 ж. болған деп болжады. А.В. Шмидт 1929 ж. Солт. Кавказдың мыс-қола кезеңіне жататын ескерткіштерді алғаш топтастырып, оларды ерте кубань, орта кубань, соңғы кубань деп үш кезеңге бөлді. Ол М. м. Солт. Кавказ мәдениетіне қарағанда ертеректе қалыптасқанын дәлелдеп, бұл мәдениетке жататын жеті жерлеу ескерткішін атап көрсетті. 1950 ж. А.А. Иессен М. м-не 34 ескерткішті жатқызып, олардың мерзімін б.з.б. 2400 ж. белгіледі. Қарастырылып отырған мәдениет, заттық деректері бай ескерткіштермен қатар заттары аз кездесетін, бірақ жерлеу ғұрпы ұқсас ескерткіштерден де тұрады. М. м-нің жерлеу ескерткіштеріне төмендегідей ғұрыптар тән: 1) оба үйіндісі кромлех типтес болып қаланған тас құрылыстардан тұрады; 2) қабір шұңқырларының пішіні төртбұрышты, бұрыштары дөңгеленген, едендері малта тастармен жабылған және кей кезде қабырғалары бөренелермен көмкеріледі; 3) адам мәйіттерінің жерленуі арқасы мен аяқтары бүгілген күйде болады немесе бір қырынан бүктеліп, бастары оңт. кейде оңт.-шығысқа қаратылып қойылады, көп жағдайда охра жағылады; 4) мәйіт жанына қойылған заттар қатарына мыстан жасалған, өндірісте пайдаланылатын құралдар жатады. 20 ғ-дың ортасынан М. м-не тән ескерткіштер Солт.-Батыс Кавказ, Қабарда Бестауы, Кавказдың шығыс өңірлерінен табылып, зерттелген. М. м-нің қоныстары алғаш Қабардадан, Қара т. жағалауынан табылды. Қоныстары: Мешоко, Скала, Хутор, Веселый, Хаджох. М. м-н қалыптастырған тайпалар, заттай деректерге қарағанда, егіншілікпен және мал ш-мен айналысқан. Жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар бұл тайпалардың діни наным-сенімдері жайында аз мәлімет бергенімен, олардың өлікті жерлеуге үлкен мән бергендігін көрсетеді. М. м-нің өмір сүрген мерзімі алдыңғы мәдени ескерткіштермен салыстырыла зерттеліп, б.з.б. 2500 — 2000 ж. екендігі анықталды.

А. Чотбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға