Жаңалықтар

Мағауин Мұхтар

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МАҒАУИН Мұхтар Мұқанұлы [2.2.1940, Шығ. Қазақстан обл. Аягөз ауд.] — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемл. сыйл. лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы ун-ттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, “Жазушы” баспасында, “Жалын” альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер ин-тында, ҚазПИ-да аға ғыл. қызметкер, доцент, “Жазушы” баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан “Жұлдыз” журналының бас редакторы. “Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген “Ақша қар” (1969), “Бір атаның балалары” (1973), “Қияндағы қыстау” (1977), “Көк кептер” (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен “Көк мұнар” (1971), “Шақан шері” (1984) романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломат. қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеум. жағдай  көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеум. топ өкілдерінің тағдыры психол.-филос. тереңдікпен көркем бейнеленген. “Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығарм-н (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады. Ол “Алдаспан”, “Бес ғасыр жырлайды”, “Ай, заман-ай, заман-ай” атты ақын-жыраулар шығармаларының антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды. “ұасырлар бедері”, “Қазақ тарихының әліппесі” зерттеу еңбектері қазақ тарихының 500 жылдық кезеңін қамтиды. М. “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” (1992) оқулығы мен хрестоматиясының (1993), т.б. оқу құралдарының авторы. Қаламгер шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылған. Ол “Түркі дүниесіне қызмет” халықар. сыйл. лауреаты (1997). Т. Тебегенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:56 10395

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МАҒАУИН Мұхтар Мұқанұлы [2.2.1940, Шығ. Қазақстан обл. Аягөз ауд.] — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемл. сыйл. лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы ун-ттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, “Жазушы” баспасында, “Жалын” альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер ин-тында, ҚазПИ-да аға ғыл. қызметкер, доцент, “Жазушы” баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан “Жұлдыз” журналының бас редакторы. “Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген “Ақша қар” (1969), “Бір атаның балалары” (1973), “Қияндағы қыстау” (1977), “Көк кептер” (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен “Көк мұнар” (1971), “Шақан шері” (1984) романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломат. қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеум. жағдай  көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеум. топ өкілдерінің тағдыры психол.-филос. тереңдікпен көркем бейнеленген. “Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығарм-н (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады. Ол “Алдаспан”, “Бес ғасыр жырлайды”, “Ай, заман-ай, заман-ай” атты ақын-жыраулар шығармаларының антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды. “ұасырлар бедері”, “Қазақ тарихының әліппесі” зерттеу еңбектері қазақ тарихының 500 жылдық кезеңін қамтиды. М. “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” (1992) оқулығы мен хрестоматиясының (1993), т.б. оқу құралдарының авторы. Қаламгер шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылған. Ол “Түркі дүниесіне қызмет” халықар. сыйл. лауреаты (1997).

Т. Тебегенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға