Жаңалықтар

Мұсабаев Талғат

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МҰСАБАЕВ Талғат Амангелдіұлы (7. 1. 1951 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы а.) – Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері ин-тын (1974) және Ақтөбе жоғары ұшқыштар уч-щесін (1993) бітірді. Алматы обл-ндағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қ.) қ-ндағы ұшқыштар, диспетчерлер және инж.-тех. кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды. 1990 ж. Ю.А. Гагарин атынд. ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. 1991 ж. М-қа “ұарышкер-сынақшы” квалификациясы берілді. 16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақт. 127 тәулік) “Союз-ТМ” ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды; 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақт. 11 сағ 06 мин) шықты. өшу кезінде қазақстандық ғыл.-зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақт. 208 тәулік) “Союз-ТМ-27” және “Мир” ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. өшу кезінде 5 рет (жалпы ұзақт. 30 сағ 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғыл.-зерттеулер мен эксперименттердің  қазақстандық 3-бағдарламасын орындады. 2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында “Союз-ТМ-32” ғарыш кемесімен Халықар. ғарыштық ст-на барған бірінші экспедицияның экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғыл.-зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады. М. ұшақ спортынан қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері. М. Қазақстан Республикасының “Халық қаһарманы” және Ресей Федерациясының Батыры, “Отан”, “Халықтар достығы”, 3-дәрежелі “За заслуги перед Отечеством” (Ресей) ордендерімен, NASA-ның “ұарышқа ұшқаны үшін” медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю. А. Гагарин атынд. ұарышкелер дайындау орталығының топ командирі. Р. Ақназарова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:46 9737

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МҰСАБАЕВ Талғат Амангелдіұлы (7. 1. 1951 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы а.) – Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері ин-тын (1974) және Ақтөбе жоғары ұшқыштар уч-щесін (1993) бітірді. Алматы обл-ндағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қ.) қ-ндағы ұшқыштар, диспетчерлер және инж.-тех. кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды. 1990 ж. Ю.А. Гагарин атынд. ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. 1991 ж. М-қа “ұарышкер-сынақшы” квалификациясы берілді. 16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақт. 127 тәулік) “Союз-ТМ” ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды; 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақт. 11 сағ 06 мин) шықты. өшу кезінде қазақстандық ғыл.-зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақт. 208 тәулік) “Союз-ТМ-27” және “Мир” ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. өшу кезінде 5 рет (жалпы ұзақт. 30 сағ 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғыл.-зерттеулер мен эксперименттердің  қазақстандық 3-бағдарламасын орындады. 2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында “Союз-ТМ-32” ғарыш кемесімен Халықар. ғарыштық ст-на барған бірінші экспедицияның экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғыл.-зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады. М. ұшақ спортынан қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері. М. Қазақстан Республикасының “Халық қаһарманы” және Ресей Федерациясының Батыры, “Отан”, “Халықтар достығы”, 3-дәрежелі “За заслуги перед Отечеством” (Ресей) ордендерімен, NASA-ның “ұарышқа ұшқаны үшін” медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю. А. Гагарин атынд. ұарышкелер дайындау орталығының топ командирі.

Р. Ақназарова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға