Жаңалықтар

Мәрсеков Райымжан

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МӘРСЕКОВ Райымжан Мәрсекұлы (1879, бұрынғы Семей обл. Өскемен у., Айыртау болысы — ө.ж.б.) — Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер, публицист. Өскеменде уездік орыс-қазақ мектебін, Омбыда классик. гимназияны (1897), Санкт-Петербург Императорлық ун-тінің заң ф-тін (1902) бітірген. Семейдің округтік сотында (1902 — 08), Омбының сот палатасында (1908 — 12) қызмет атқарды, Орыс географ. қоғамы Бат. Сібір бөлімінің Семей қ. бөлімшесінің белсенді мүшесі (1908 — 11) және Семейде заңгер-адвокат (1912 — 17) болды. 1917 ж. Семей обл. қазақ к-тінің төрағасы және Уақытша үкіметтің обл. атқару к-тінің мүшесі болып сайланды. 1917 ж. 27 сәуір — мамыр аралығында өткен Семей обл. қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі болып, күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына депутат болып сайланды. М. Семейде “Сарыарқа” газетін ұйымдастыруға қатысып, оның алғашқы редакторларының бірі (1917 — 19) және Алашорданың осы облыстағы белсенді мүшесі болды. 1918 — 19 ж. Семей обл. Земство басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 1918 — 19 ж. Семей обл-нда “Алаш” полкін жасақтауға белсене араласты. Алашорда үкіметінің атынан А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Аманжоловпен бірге Шәуешек қ-ндағы Ресей консулдығы арқылы большевиктерге қарсы күрес жүргізу үшін Қытай үкіметінен қару-жарақ алу туралы келіссөз жүргізуге қатысқан. Алашорда үкіметі таратылып, Қазақ автономиясы жарияланған соң 1920 — 22 жылдардың маусым айына дейін Семей губ. атқару к-тінің ақпарат-нұсқау бөлімінде нұсқаушы-тексеруші қызметін атқарған. Бірақ осы кезден бастап қоғамдық-саяси өмірден шеттетіліп, кеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған М. 1922 ж. Қытайға кетуге мәжбүр болды. М. оқып жүрген кезде “Дала уәлаяты” газетінде (1899 — 1900) әйел теңдігі, қазақ билерінің дауды шешуі мен сайлау жөнінде, кейін “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінде (1912 — 16) патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелеген және қоғамның болашағы қандай үлгіде дамуы қажет деген мәселелерді қарастырған мақалалар жариялады. Ол көптеген жауапты әрі лауазымды қызметтерде жүріп, қазақ соттарын ұйымдастыру, Алаш әскерін жасақтау, жер дауын шешу, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету, қазақ жастарын оқыту, т.б. мәселелерге білімі мен қажыр-қайратын жұмсады. М-тің кейінгі Қытайдағы тағдыры туралы деректер аз сақталған және онда қайшылықтар көп кездеседі. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:41 4997

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МӘРСЕКОВ Райымжан Мәрсекұлы (1879, бұрынғы Семей обл. Өскемен у., Айыртау болысы — ө.ж.б.) — Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер, публицист. Өскеменде уездік орыс-қазақ мектебін, Омбыда классик. гимназияны (1897), Санкт-Петербург Императорлық ун-тінің заң ф-тін (1902) бітірген. Семейдің округтік сотында (1902 — 08), Омбының сот палатасында (1908 — 12) қызмет атқарды, Орыс географ. қоғамы Бат. Сібір бөлімінің Семей қ. бөлімшесінің белсенді мүшесі (1908 — 11) және Семейде заңгер-адвокат (1912 — 17) болды. 1917 ж. Семей обл. қазақ к-тінің төрағасы және Уақытша үкіметтің обл. атқару к-тінің мүшесі болып сайланды. 1917 ж. 27 сәуір — мамыр аралығында өткен Семей обл. қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі болып, күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына депутат болып сайланды. М. Семейде “Сарыарқа” газетін ұйымдастыруға қатысып, оның алғашқы редакторларының бірі (1917 — 19) және Алашорданың осы облыстағы белсенді мүшесі болды. 1918 — 19 ж. Семей обл. Земство басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 1918 — 19 ж. Семей обл-нда “Алаш” полкін жасақтауға белсене араласты. Алашорда үкіметінің атынан А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Аманжоловпен бірге Шәуешек қ-ндағы Ресей консулдығы арқылы большевиктерге қарсы күрес жүргізу үшін Қытай үкіметінен қару-жарақ алу туралы келіссөз жүргізуге қатысқан. Алашорда үкіметі таратылып, Қазақ автономиясы жарияланған соң 1920 — 22 жылдардың маусым айына дейін Семей губ. атқару к-тінің ақпарат-нұсқау бөлімінде нұсқаушы-тексеруші қызметін атқарған. Бірақ осы кезден бастап қоғамдық-саяси өмірден шеттетіліп, кеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған М. 1922 ж. Қытайға кетуге мәжбүр болды.

М. оқып жүрген кезде “Дала уәлаяты” газетінде (1899 — 1900) әйел теңдігі, қазақ билерінің дауды шешуі мен сайлау жөнінде, кейін “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінде (1912 — 16) патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелеген және қоғамның болашағы қандай үлгіде дамуы қажет деген мәселелерді қарастырған мақалалар жариялады. Ол көптеген жауапты әрі лауазымды қызметтерде жүріп, қазақ соттарын ұйымдастыру, Алаш әскерін жасақтау, жер дауын шешу, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету, қазақ жастарын оқыту, т.б. мәселелерге білімі мен қажыр-қайратын жұмсады. М-тің кейінгі Қытайдағы тағдыры туралы деректер аз сақталған және онда қайшылықтар көп кездеседі.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға