Жаңалықтар

Музей

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 МУЗЕЙ, мұражай (грек. museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. М. заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғыл. тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. М. ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғыл. мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. М. алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. М-лердің қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. М-дің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер М-лері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археол. бағыттағы және әскери-тарихи М-лер құрылды. 19 ғ. этнограф. зерттеулердің дамуы нәтижесінде этногр. М-лер құрылып, олар ғыл.-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қ-ларында құрылған этногр. М-лер. Ашық аспан астындағы алғашқы этногр. М-лер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғыл. ізденістермен айналысты. М. негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи М-лер (жалпы тарих, археол., антропол., этнограф., нумиcмат., т.б.), көркемөнер М. (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. М-лер), жаратылыстану М-і (биол., зоол., геол., минералдық, палеонтол., т.б), тех. М-лер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді М-лер (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану М-лері), мемориалдық М-лер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған М-лер). М. ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, М-дің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғыл.-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады. Мыс. Қазақстандық музейлерде кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді. М-лердің қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғыл. ин-ттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда М-лер тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери уч-щесі жанынан губ. М. ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орт. Мемл. музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 М-лер болса, қазіргі таңда М-лер саны 154-ке жетті. Оңт. мемл. М. (1830), Ә.Қастеев атынд. респ. өнер М-і (1935) Президенттік мәдени орт. (2000), Мемл. алтын және асыл металдар М-і (1994), ҚР өұА Археология М-і (1973), өлттық валюта М-і (1993), Кітап М-і (1978) Ықылас атынд. Респ. халық саз аспаптар М-і (1980), “М.Әуезов үйі” ғыл. орт. М-і (1962), т.б. Мемориалдық М-лер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемл. тарихи-мәдени қорық-М-і, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен ұ.Мүсіреповтің, ұaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық М-лері. 1889 ж. 20 маусымда халықар. “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықар. музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықар. М-лер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет М-лері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықар. музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр Халықар. музей күні болып белгіленді. Қазіргі таңда М-лер қызметі қоғамдық ин-т ретінде әлеум. қоғамдық-экон. жағдайға сай жүргізілуде. Т.Қартаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:30 4245

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

МУЗЕЙ, мұражай (грек. museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. М. заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғыл. тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. М. ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғыл. мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. М. алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. М-лердің қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. М-дің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер М-лері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археол. бағыттағы және әскери-тарихи М-лер құрылды. 19 ғ. этнограф. зерттеулердің дамуы нәтижесінде этногр. М-лер құрылып, олар ғыл.-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қ-ларында құрылған этногр. М-лер. Ашық аспан астындағы алғашқы этногр. М-лер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғыл. ізденістермен айналысты. М. негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи М-лер (жалпы тарих, археол., антропол., этнограф., нумиcмат., т.б.), көркемөнер М. (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. М-лер), жаратылыстану М-і (биол., зоол., геол., минералдық, палеонтол., т.б), тех. М-лер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді М-лер (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану М-лері), мемориалдық М-лер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған М-лер). М. ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, М-дің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғыл.-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады. Мыс. Қазақстандық музейлерде кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.

М-лердің қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғыл. ин-ттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда М-лер тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери уч-щесі жанынан губ. М. ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орт. Мемл. музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 М-лер болса, қазіргі таңда М-лер саны 154-ке жетті. Оңт. мемл. М. (1830), Ә.Қастеев атынд. респ. өнер М-і (1935) Президенттік мәдени орт. (2000), Мемл. алтын және асыл металдар М-і (1994), ҚР өұА Археология М-і (1973), өлттық валюта М-і (1993), Кітап М-і (1978) Ықылас атынд. Респ. халық саз аспаптар М-і (1980), “М.Әуезов үйі” ғыл. орт. М-і (1962), т.б. Мемориалдық М-лер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемл. тарихи-мәдени қорық-М-і, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен ұ.Мүсіреповтің, ұaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық М-лері. 1889 ж. 20 маусымда халықар. “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықар. музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықар. М-лер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет М-лері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықар. музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр Халықар. музей күні болып белгіленді. Қазіргі таңда М-лер қызметі қоғамдық ин-т ретінде әлеум. қоғамдық-экон. жағдайға сай жүргізілуде.

Т.Қартаева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға