Жаңалықтар

Портрет

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл Портрет (франц. portraіt, portraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры. П. бейнелеу өнерінің барлық түрімен [сұңғат (живопись), мүсін, графика, мозаика, т.б.] жазыла береді. П-тің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. П. кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. П. жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, монументті, мозайка, т.б.), салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді. П-те жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді. П. ежелгі Мысыр, Іосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі. Көне дәуірдегі озық П. үлгісі мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.б. 16 ғасыр). Орта ғасырларда П. өнері Қытайда, Жапонияда дамып, Орт. Азия, Әзербайжан, Ауғанстан (Бекзад Камал әд-Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық П. қанат жайды. Еуропада П. өнерін қайта өрлеу дәуірі суретшілері (Б. ди Джотто, Мазаччо, С.Боттичелли, Леонардо да Винчи, С.Рафаэль, Тициан, т.б.) дамытты (15-16 ғасырлар). П-тің нағыз гүлденген кезеңі — Х.Рембрант, Х. ван Рейн, Ф.Хальс, А. ван Дейк және Д.Веласкес, т.б. өмір сүрген дәуір (17 ғасырда). Ресейде П. 18 ғасырда (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиковский, т.б.) өркендеп, одан әрі оны И.Репин, В.Серов, М.Сарьян, мүсіншілер В.Мухина, Е.Вучетич, т.б. жалғастырды. Қазақ тарихында мүсіндік П-тің дені ежелгі түркі қағандығы (5-8 ғасырлар) мен қыпшақ заманы (8-13 ғасырлар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов П. ағымында көп еңбек етті (“Сұлтан Мамырхан Рүстемов”, “Тезек төре”, қарындаш, 1856 ж., “Алатау қырғызы” түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғасырдың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, І.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. П. жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С.Айтбаев, А.Аканаев, С.Досмағанбетов, Е.Сергебаев, М.Аманжолов, А.Дүзелханов, Ж.Сыдықов, Д.Қасымов, Б.Мырзахметов, Ә.Жұмабай, Н.Далай, т.б. П. өнерін жаңа қырынан дамытты.   Ә. Төлебиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
08.11.2012 12:21 16607

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

Портрет (франц. portraіt, portraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры. П. бейнелеу өнерінің барлық түрімен [сұңғат (живопись), мүсін, графика, мозаика, т.б.] жазыла береді. П-тің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. П. кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. П. жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, монументті, мозайка, т.б.), салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді. П-те жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді. П. ежелгі Мысыр, Іосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі. Көне дәуірдегі озық П. үлгісі мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.б. 16 ғасыр). Орта ғасырларда П. өнері Қытайда, Жапонияда дамып, Орт. Азия, Әзербайжан, Ауғанстан (Бекзад Камал әд-Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық П. қанат жайды. Еуропада П. өнерін қайта өрлеу дәуірі суретшілері (Б. ди Джотто, Мазаччо, С.Боттичелли, Леонардо да Винчи, С.Рафаэль, Тициан, т.б.) дамытты (15-16 ғасырлар). П-тің нағыз гүлденген кезеңі — Х.Рембрант, Х. ван Рейн, Ф.Хальс, А. ван Дейк және Д.Веласкес, т.б. өмір сүрген дәуір (17 ғасырда). Ресейде П. 18 ғасырда (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиковский, т.б.) өркендеп, одан әрі оны И.Репин, В.Серов, М.Сарьян, мүсіншілер В.Мухина, Е.Вучетич, т.б. жалғастырды. Қазақ тарихында мүсіндік П-тің дені ежелгі түркі қағандығы (5-8 ғасырлар) мен қыпшақ заманы (8-13 ғасырлар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов П. ағымында көп еңбек етті (“Сұлтан Мамырхан Рүстемов”, “Тезек төре”, қарындаш, 1856 ж., “Алатау қырғызы” түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғасырдың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, І.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. П. жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С.Айтбаев, А.Аканаев, С.Досмағанбетов, Е.Сергебаев, М.Аманжолов, А.Дүзелханов, Ж.Сыдықов, Д.Қасымов, Б.Мырзахметов, Ә.Жұмабай, Н.Далай, т.б. П. өнерін жаңа қырынан дамытты.

 

Ә. Төлебиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға