Жаңалықтар

Момышұлы Бауыржан

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Момышұлы Бауыржан  —  әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (12.12.1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). 1910 ж. 24 желтоқсанда Жамбыл  облысы Жуалы  ауданы Көлбастау қонысында малшы отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген  соң  әр түрлі жұмыстар істеді, Жуалы аудандық Кеңесінің хатшысы болды. 1932  ж. әскер қатарына алынып, мергендік өнерін игерді. Ауылына  оралған соң, қаржы орындарында жұмыс істеді. 1936 ж. қайтадан армияға шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болды. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман-есен дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюково, Бородино, Трашково, т.б. қала, деревнялар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсетті. Оның жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада “ошақты”  және “икемді қорғаныс”  ұғымдарының қалыптасуы осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Ол бұл теорияны жүзеге асыруда бүкіл әскер түрлерінің өзара тығыз байланыста әрекет етуіне баса көңіл бөліп отырды. Танк, артиллерия, т.б. әскери бөлімдерді (бөлімшелерді) полктар мен дивизиялар командирлерінің қол астына бере отырып, олардың (полктар мен дивизиялардың) өздігінше жауынгерлік қимылдар жүргізуіне мүмкіндік жасау тактикасын қолдады. Өзі қашан да ұрыс тағдыры шешілетін жерде болды. Әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырды. Оның атақ, даңқы, батырлығы Александр Бектің “Волоколамск тас жолы” (“Арпалыс”) атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. 1950 ж. Кеңес Армиясы Бас штабының Мәскеудегі арнаулы Жоғары әскери академиясын бітіріп, Калинин қаласындағы әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. 1956 ж. демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы — Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп, сомдауға арналған. Жазушы қаламынан “Офицер жазбалары” (1962), “Артымызда Москва” (“Москва үшін шайқас”) (1963), “Генерал Панфилов” (1965), “Куба әсерлері” (1969), “Жонарқа” кітаптары, екі томдық шығармалар жинағы (1969), “Ұшқан ұя” (1974), “Соғыс психологиясы”, “Қанмен жазылған кітап” (1990, 1991), т.б. туындылар туған. “Ұшқан ұя” кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1976) атанды. 1982 ж. 10-маусымда Алматы қаласында қайтыс болды. Шығармалары бірнеше шет ел тілдеріне аударылды. “Москва үшін шайқас” кітабы негізінде көркем фильм түсірілген. Қазақстанда ауылдарға, көшелерге, республикалық әскери балалар мектебіне, т.б. есімі берілген.
08.11.2012 12:06 9613

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Момышұлы Бауыржан  —  әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (12.12.1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). 1910 ж. 24 желтоқсанда Жамбыл  облысы Жуалы  ауданы Көлбастау қонысында малшы отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген  соң  әр түрлі жұмыстар істеді, Жуалы аудандық Кеңесінің хатшысы болды. 1932  ж. әскер қатарына алынып, мергендік өнерін игерді. Ауылына  оралған соң, қаржы орындарында жұмыс істеді. 1936 ж. қайтадан армияға шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болды. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман-есен дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюково, Бородино, Трашково, т.б. қала, деревнялар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсетті. Оның жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада “ошақты”  және “икемді қорғаныс”  ұғымдарының қалыптасуы осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Ол бұл теорияны жүзеге асыруда бүкіл әскер түрлерінің өзара тығыз байланыста әрекет етуіне баса көңіл бөліп отырды. Танк, артиллерия, т.б. әскери бөлімдерді (бөлімшелерді) полктар мен дивизиялар командирлерінің қол астына бере отырып, олардың (полктар мен дивизиялардың) өздігінше жауынгерлік қимылдар жүргізуіне мүмкіндік жасау тактикасын қолдады. Өзі қашан да ұрыс тағдыры шешілетін жерде болды. Әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырды. Оның атақ, даңқы, батырлығы Александр Бектің “Волоколамск тас жолы” (“Арпалыс”) атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. 1950 ж. Кеңес Армиясы Бас штабының Мәскеудегі арнаулы Жоғары әскери академиясын бітіріп, Калинин қаласындағы әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. 1956 ж. демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы — Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп, сомдауға арналған. Жазушы қаламынан “Офицер жазбалары” (1962), “Артымызда Москва” (“Москва үшін шайқас”) (1963), “Генерал Панфилов” (1965), “Куба әсерлері” (1969), “Жонарқа” кітаптары, екі томдық шығармалар жинағы (1969), “Ұшқан ұя” (1974), “Соғыс психологиясы”, “Қанмен жазылған кітап” (1990, 1991), т.б. туындылар туған. “Ұшқан ұя” кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1976) атанды. 1982 ж. 10-маусымда Алматы қаласында қайтыс болды. Шығармалары бірнеше шет ел тілдеріне аударылды. “Москва үшін шайқас” кітабы негізінде көркем фильм түсірілген. Қазақстанда ауылдарға, көшелерге, республикалық әскери балалар мектебіне, т.б. есімі берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға