Жаңалықтар

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Мұқанов Сәбит Мұқанұлы – Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1954), қоғам қайраткері.1900 ж. 22-сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып, ағасы Мұстафаның қолында тәрбиеленеді. Ауыл молдасынан білім алып, 10 жасынан жылқышы, сушы, отыншы, орыс поселкесінде аула сыпырушы болып еңбекке араласты. Омбыдағы мұғалімдер курсында (1919), Орынбор рабфагінде (1926), Санкт-Петербург университетінде (1928), Мәскеудегі Қызыл профессура институтында оқыған (1935). 1919 – 51 ж. мұғалім, кеңес қызметкері, “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторы, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1936 – 37, 1943 – 51), т.б. қызметтер атқарды. Мұқановтың саяси белсенділігі мен кеңестік идеологияға деген айрықша ықыласы оның шығармашылығының барша қырына әсер етті. Оның қаламынан туған 80 мың жолға жуық өлеңдер мен 20-дай поэма, 10 шақты повесть, романдары, көптеген әңгіме, очерк, пьесалары, бірнеше монография, зерттеу еңбектері бар. Алғашқы өлеңі мен мақалалары 1922 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш кітапшасы 1924 ж. шықты. 20 жасынан поэмалар жаза бастады. “Сұлушаш” поэмасы өлеңмен жазылған роман (1928). Прозада роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты. 1928 ж. жазылған “Адасқандардан” (“Мөлдір махаббат”) бастап, “Теміртас”, “Есіл”, “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), “Менің мектептерім” (1941), “Өмір мектебі” (1953), “Балуан Шолақ” (1942), “Аққан жұлдыз”, т.б. романдарында халық тағдыры мен замана қыспағындағы жанталасқан әрекет, ерлік күресі мен психологиялық иірімдер терең бейнеленеді. Драматургия саласында да жемісті еңбек етті. “Шоқан Уәлиханов” (1953), “Қашқар қызы” (1958), “Сәкен Сейфуллин” (1964), т.б. драмалық шығармалары бар. Сын мен әдебиеттануға қосқан үлесі де аз емес. 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның шығармалары 46 тілге аударылған. 1973 ж. 18-сәуірде Алматыда дүниеден өтті. Бұрын 16 томдығы жарық көрсе, 2002 жылдан көп томдығы қайта шыға бастады. Есімі Алматының көшесіне, туған ауылына, облыстық драма театрына берілген. Алматыда ескерткіш мүсіні бар. Жазушының тұрған үйі мемориалдық мұражайға айналдырылған.
08.11.2012 11:57 11045

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы – Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1954), қоғам қайраткері.1900 ж. 22-сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып, ағасы Мұстафаның қолында тәрбиеленеді. Ауыл молдасынан білім алып, 10 жасынан жылқышы, сушы, отыншы, орыс поселкесінде аула сыпырушы болып еңбекке араласты. Омбыдағы мұғалімдер курсында (1919), Орынбор рабфагінде (1926), Санкт-Петербург университетінде (1928), Мәскеудегі Қызыл профессура институтында оқыған (1935). 1919 – 51 ж. мұғалім, кеңес қызметкері, “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторы, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1936 – 37, 1943 – 51), т.б. қызметтер атқарды. Мұқановтың саяси белсенділігі мен кеңестік идеологияға деген айрықша ықыласы оның шығармашылығының барша қырына әсер етті. Оның қаламынан туған 80 мың жолға жуық өлеңдер мен 20-дай поэма, 10 шақты повесть, романдары, көптеген әңгіме, очерк, пьесалары, бірнеше монография, зерттеу еңбектері бар. Алғашқы өлеңі мен мақалалары 1922 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш кітапшасы 1924 ж. шықты. 20 жасынан поэмалар жаза бастады. “Сұлушаш” поэмасы өлеңмен жазылған роман (1928). Прозада роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты. 1928 ж. жазылған “Адасқандардан” (“Мөлдір махаббат”) бастап, “Теміртас”, “Есіл”, “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), “Менің мектептерім” (1941), “Өмір мектебі” (1953), “Балуан Шолақ” (1942), “Аққан жұлдыз”, т.б. романдарында халық тағдыры мен замана қыспағындағы жанталасқан әрекет, ерлік күресі мен психологиялық иірімдер терең бейнеленеді. Драматургия саласында да жемісті еңбек етті. “Шоқан Уәлиханов” (1953), “Қашқар қызы” (1958), “Сәкен Сейфуллин” (1964), т.б. драмалық шығармалары бар. Сын мен әдебиеттануға қосқан үлесі де аз емес. 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның шығармалары 46 тілге аударылған. 1973 ж. 18-сәуірде Алматыда дүниеден өтті. Бұрын 16 томдығы жарық көрсе, 2002 жылдан көп томдығы қайта шыға бастады. Есімі Алматының көшесіне, туған ауылына, облыстық драма театрына берілген. Алматыда ескерткіш мүсіні бар. Жазушының тұрған үйі мемориалдық мұражайға айналдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға