Жаңалықтар

Кредит жүйесі

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы. Ақша және ақша қорларына иелік етіп отырғандар арасындағы қатынастар кредиттік қатынастардың негізгі және бастапқы түрі болып табылады. Осы қатынастардың аясында кредиттің негізгі түрлері дами түседі. Банктер мен бейбанктік (банктен тыс) кредит-қаржы мекемелері елдегі К. ж-нің негізгі буындары болып табылады. Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер. Қызмет көрсету сипаты бойынша ерекшеленетін қазіргі банктердің негізгі түрлері: орт. (эмиссиялық), коммерциялық, арнайы (инвестициялық, ипотекалық, жинақ) банктері болып келеді. Меншік нысаны бойынша банктер: мемл., акцион., жеке, кооп., муниципалдық және коммуналдық, мемлекет қатысатын аралас, мемлекетаралық болып бөлінеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, бейбанктік кредит-қаржы мекемелеріне: жинақ кассалары, пошта-жинақ жүйелері, сондай-ақ жинақ және несие-жинақ мекемелерінің басқа да түрлері, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары, инвестициялық, холдингтік және қаржы компаниялары, экономиканың әр түрлі салаларындағы мамандандырылған бейбанктік кредит мекемелері, бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар жасайтын делдалдар, қор биржалары жатады. Бейбанктік кредит мекемелеріне, сондай-ақ, ұсақ несиеге қажеттілікті қанағаттандыру үшін бірлескен ақша қорын жасау мақсатында ұсақ тауар өндірушілерді, жұмысшылар мен қызметшілерді біріктіретін кредит кооперациясы да жатады. Кредит кооперативтері қалалық және ауылдық-селолық болып, ал операцияларының сипаты бойынша несиелік, жинақ кооперативтері және сақтандыру кепілдіктері болып бөлінеді. Әр елдің кредит кооперативтерінде ұйымдық нысанына қарай айырмашылықтар кездеседі. Мыс., АҚШ-та фермерлік кредит кооперативтері, федералдық жер банктерінің қауымдастықтары а. ш-нда, ал қалаларда кредит одақтары әрекет етеді. Жапонияда а. ш., балық аулау және қалалық кредит кооперативтері жұмыс істейді. Қазақстанда К. ж. банктік және бейбанктік қаржы-кредит ұйымдарын қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы мин., екінші деңгейдегі банктер (соның ішінде Қазақстанның Даму банкі де бар) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бейбанктік қаржы-кредит ұйымдары сияқты қаржы-кредит ин-ттары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – Қазақстанның орт. банкі және ол елдегі банк жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады. Елдің эмиссиялық, сақтық, кассалық орт. ретінде оның норма жасау, бақылау құқы бар, ол соңғы сатыдағы несиегер, банктердің банкі рөлін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын белгілейді (қ. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі). Қазақстан Республикасының Қаржы мин. экономиканың әр түрлі секторларын қаржыландыру мен оларға кредиттер беру жөніндегі мемл. міндеттерді үнемі жүзеге асырады және Қазақстанның ұлттық банкімен өзара бірлікте іс-қимыл жасайды. Қазақстанның барлық банктері ұлттық банк пен оның бөлімшелерінен басқалары банк жүйесінің екінші деңгейін құрайды. Бұлар, негізінен, салымдар түрінде тартылған ақша капиталы мен жинақтары есебінен әмбебаптық банк операцияларын жүзеге асыратын кредит мекемелері болып табылады; есеп айырысу мен төлем операцияларын, бағалы қағаздар эмиссиясын жүргізеді, несиелер береді, т.б. операцияларды жүзеге асырады. 2002 ж. 1 наурызындағы есеп бойынша Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі 42 банк жұмыс істеді. Бұлардың ішінде 1 мемлекетаралық, 2 мемл., 16 шетелдіктер қатысатын (бейрезиденттер банктерінің еншілес банктерін қосқанда) банктер бар. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі 26 банктің бөлімшелік жүйесі болды, бөлімшелердің жалпы саны – 422. Республикада 13 шетелдік банктің өкілдіктері ашылды. Қазақстандағы бейбанктік ұйымдарда кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және басқа ұйымдар бар. 2002 ж. 1 сәуіріне дейін республикада 26 ломбард, 20 кредит серіктестігі (соның ішінде 15 ауылдық-селолық кредит серіктестігі) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 35 ұйым тіркелді. Бұлардың арасында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Қазагроқаржы”, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” ЖАҚ-тары, “Астана-қаржы” ААҚ, “Микрокредит” ҒӨБ, “Қазақстанда қауымдастықтарды кредиттеу қоры” қоғамдық қорлары, т.б. бар. Е. Оқаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
08.11.2012 11:49 8414

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы. Ақша және ақша қорларына иелік етіп отырғандар арасындағы қатынастар кредиттік қатынастардың негізгі және бастапқы түрі болып табылады. Осы қатынастардың аясында кредиттің негізгі түрлері дами түседі. Банктер мен бейбанктік (банктен тыс) кредит-қаржы мекемелері елдегі К. ж-нің негізгі буындары болып табылады. Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер. Қызмет көрсету сипаты бойынша ерекшеленетін қазіргі банктердің негізгі түрлері: орт. (эмиссиялық), коммерциялық, арнайы (инвестициялық, ипотекалық, жинақ) банктері болып келеді. Меншік нысаны бойынша банктер: мемл., акцион., жеке, кооп., муниципалдық және коммуналдық, мемлекет қатысатын аралас, мемлекетаралық болып бөлінеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, бейбанктік кредит-қаржы мекемелеріне: жинақ кассалары, пошта-жинақ жүйелері, сондай-ақ жинақ және несие-жинақ мекемелерінің басқа да түрлері, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары, инвестициялық, холдингтік және қаржы компаниялары, экономиканың әр түрлі салаларындағы мамандандырылған бейбанктік кредит мекемелері, бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар жасайтын делдалдар, қор биржалары жатады. Бейбанктік кредит мекемелеріне, сондай-ақ, ұсақ несиеге қажеттілікті қанағаттандыру үшін бірлескен ақша қорын жасау мақсатында ұсақ тауар өндірушілерді, жұмысшылар мен қызметшілерді біріктіретін кредит кооперациясы да жатады. Кредит кооперативтері қалалық және ауылдық-селолық болып, ал операцияларының сипаты бойынша несиелік, жинақ кооперативтері және сақтандыру кепілдіктері болып бөлінеді. Әр елдің кредит кооперативтерінде ұйымдық нысанына қарай айырмашылықтар кездеседі. Мыс., АҚШ-та фермерлік кредит кооперативтері, федералдық жер банктерінің қауымдастықтары а. ш-нда, ал қалаларда кредит одақтары әрекет етеді. Жапонияда а. ш., балық аулау және қалалық кредит кооперативтері жұмыс істейді. Қазақстанда К. ж. банктік және бейбанктік қаржы-кредит ұйымдарын қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы мин., екінші деңгейдегі банктер (соның ішінде Қазақстанның Даму банкі де бар) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бейбанктік қаржы-кредит ұйымдары сияқты қаржы-кредит ин-ттары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – Қазақстанның орт. банкі және ол елдегі банк жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады. Елдің эмиссиялық, сақтық, кассалық орт. ретінде оның норма жасау, бақылау құқы бар, ол соңғы сатыдағы несиегер, банктердің банкі рөлін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын белгілейді (қ. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі). Қазақстан Республикасының Қаржы мин. экономиканың әр түрлі секторларын қаржыландыру мен оларға кредиттер беру жөніндегі мемл. міндеттерді үнемі жүзеге асырады және Қазақстанның ұлттық банкімен өзара бірлікте іс-қимыл жасайды. Қазақстанның барлық банктері ұлттық банк пен оның бөлімшелерінен басқалары банк жүйесінің екінші деңгейін құрайды. Бұлар, негізінен, салымдар түрінде тартылған ақша капиталы мен жинақтары есебінен әмбебаптық банк операцияларын жүзеге асыратын кредит мекемелері болып табылады; есеп айырысу мен төлем операцияларын, бағалы қағаздар эмиссиясын жүргізеді, несиелер береді, т.б. операцияларды жүзеге асырады.

2002 ж. 1 наурызындағы есеп бойынша Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі 42 банк жұмыс істеді. Бұлардың ішінде 1 мемлекетаралық, 2 мемл., 16 шетелдіктер қатысатын (бейрезиденттер банктерінің еншілес банктерін қосқанда) банктер бар. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі 26 банктің бөлімшелік жүйесі болды, бөлімшелердің жалпы саны – 422. Республикада 13 шетелдік банктің өкілдіктері ашылды. Қазақстандағы бейбанктік ұйымдарда кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және басқа ұйымдар бар. 2002 ж. 1 сәуіріне дейін республикада 26 ломбард, 20 кредит серіктестігі (соның ішінде 15 ауылдық-селолық кредит серіктестігі) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 35 ұйым тіркелді. Бұлардың арасында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Қазагроқаржы”, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” ЖАҚ-тары, “Астана-қаржы” ААҚ, “Микрокредит” ҒӨБ, “Қазақстанда қауымдастықтарды кредиттеу қоры” қоғамдық қорлары, т.б. бар.

Е. Оқаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға