Жаңалықтар

Өзен-көлдері

Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Ол теңіз деңгейінен 560 метр биіктіктегі Нияз тауынан басталып, Ертіске құяды.
18.12.2015 10:39 86189

Өзен-көлдері

Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Ол теңіз деңгейінен 560 метр биіктіктегі Нияз тауынан басталып, Ертіске құяды. Өзеннің ұзындығы — 2450 километр (бұл әлемдегі екінші лектегі ең ұзын сала), су аумағы — 177 мың шаршы километр, бастауынан сағасына дейінгі құлдырауы 513 метр, орташа еңісі – бір километрге шаққанда 21 сантиметр.

Есілдің Сарыарқадағы негізгі салалары — Жабай, Ақанбүрлық, Иманбұрлық өзендері. Облыстың жазық жерінде өзенге Тереңсай, Шудасай, Александров, Омутнин жылғалары құяды.

Есіл — тек қана қар қоректендіретін өзен. Көктемде су деңгейі кейде 10-11 метрге дейін котеріліп, өзен сай-саланы суға толтырады.

Есілде Сергеевка, Есіл және Петропавл су қоймалары бар. Олардан магистральді су құбырларына су алынады, оған қоса олар табиғатқа көрік беріп тұр.

XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында салынған Сергеевка су қоймасы 30 километрдей жерге созылып жатыр. Ол – Қазақстандағы ірі жасанды су бассейндерінің бірі. Оның ені 4-8 километр, тереңдігі – 32 метр, су көлемі — 85 миллион текше метр. 33 метрлік бөгет жергілікті жерге электр қуатын өндіреді. Одан Сергеевка қаласы мен Есіл су құбырына су алынады.

Есіл су құбырын толтыру 1982 жылы басталған болатын. Өзеннің тереңдігі 6 метр болғанда су көлемі 1,5 миллион текше метр. Онда тәулігіне 100 мың текше метр су алатын және беретін насостар орнатылған, одан Пресновка су құбырының желісі басталады.

1973 жылы салынған Петропавл су қоймасы облыс орталығының іргесінде. Одан "Қарғалы аралына" дейінгі қашықгық 30 километр, ені 100-175 метр, алаңы – 5 шаршы километр, ең терең тұсы 6 метр, толық көлемі – 19,2 миллион текше метр. Петропавл қалалық және Соколовка топтық су құбырлары және дербес насос станциясы бар ЖЭО-2 одан су алады.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңнан астам көл бар, олардың алаңы 4800 шаршы километр. Облыс аумағының 3,9 пайызын алып жатқан көлдері жөнінен облысымызға теңдестер табылмайды.

Көлдердің атауларында түркі және славян гидронимдері басым. Көбіне-көп оларда судың бір белгісі (Горькое, Соленое, Жаманкөл, Ақкөл, Қаракөл, Питное, Жалтыркөл, Қызьшсор, Широкое) көрініс тапқан. Кейде кісі аттары көрініс береді: Илиханов, Пономарев, Шитов, Марошкин, т.б. Өсімдіктер мен жануарлардың құрметіне аталған көлдер көп-ақ: Текекөл, Камышное, Рогозянка, Волчье, Собачье, Кобылье, Қоянды көл.

Солтүстікқазақстандық көлдердің орташа аумағы бір шаршы километрге тең – мұндай су көздері 10 пайыздай. Аумақтары 750,3 шаршы километрден 29,8 шаршы километрге дейін бірте-бірте кеми беретін кейбір көлдердің тізімі мынадай: Сілетітеңіз, Әлкен Қарой, Шағалалытеңіз, Теке, Кіші Қарой, Қалибек, Имантау, Алабота, Қақ, Әлкен Торанғұл, Меңгесер, Шалқар, Становое.

Айдындардың тереңдігі әртүрлі. Мәселен, Шалқардың тереңдігі 15 метр. Жақсы Жалғызтау — 10,3, Имантау — 10, Меңгесер 0,8 метр, Көбісінің тереңдігі — 1,5-2,5 метр. Су көлемі айдынның аумағына, тереңдігіне және жыл мезгіліне байланысты. Осы көрсеткіш Шалқар көлінде орта есеппен 267,0 миллион текше метрді, Меңгесерде 16,4 миллион текше метрді құрайды.

Көлдер химиялық құрамы жөнінен алуан түрлі, көбісі гидрокарбонат немесе хлорид сыныбына жатады. Мамандардың есебі бойынша тұщы көлдердің суы 4 миллиард текше метрдің үстінде. Оның ішінде Шағалалы теңіз — 600, Имантау — 279, Саумалкөл — 99 миллион текше метр. Өңірдің барлық дерлік елді мекендері тұщы және сортаң көлдердің жағалауларына орналасқан.

Көлдер қамысқа, су өсімдіктеріне, шымтезек шөгінділеріне бай. Жаманкөл, Меңгесер, Снежинка-Кревое көлдерінде емдік лай бар.

Көлдерде суда жүзетін құстардың 30-ға жуық түрі бар Балық түрлері де осыншама Негізгі балықтар — тұқы мен алабұға.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға