Жаңалықтар

Ататүрік

Соңғы редакциялау: 12 қазан, 2012 Ататүрік, Ғази Мұстафа Кемал Ататүрік —  Түркия Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті, түрік әлемінің ұлы қайраткері. Ататүрік 1881 ж. Селаникте (Салоникте) туған; ол осындағы әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбулдағы Бас штабтың академиясын (1905) бітірген. 1908 ж. Жас түріктер төңкерісіне қатысты. 1911 – 12 ж. Италия мен Түркия арасында болған соғысқа, 1912 – 13 ж. Балқан соғысына қатысып, өзінің әскери шеберлігін танытты. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Дарданелл, Кавказ, Сирия-Палестина майдандарындағы қолбасшылық қызметі үшін Ататүрікке түменбасы (генерал) және «Мұстафа Кемал паша» лауазымы берілді. Мүдрос келісім-шартынан (1918 ж. 30 қазан) кейін Түркияға батыс елдері тарапынан қауіп төне бастады. Осыған байланысты Ататүрік басшылығымен «Ұлт бірлігі және азаттығы» партиясы басқыншыларға қарсы күресті өрістете отырып, 1919 ж. 22 маусымда халыққа «Отан тұтастығы және ұлт азаттығы қауіпте!» деген үндеу тастады. 1920 ж. сәуір айында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы болып сайланды. Мәжіліс Түркия тәуелсіз республика болуы керек деген шешім қабылдады. Бас қолбасшы ретінде Сақария қаласы үшін гректермен болған 22 тәулікке созылған ұрыста жеңіске жетуіне орай 1921 ж. қыркүйек айында Ататүрікке маршал дәрежесі мен «Ғази» (Gasі – жеңімпаз) атағы берілді. 1923 ж. 10 қазанда Ататүрік Түркия президенті болып тағайындалды. Мұстафа Кемалға «Ататүрік» («Түріктердің атасы») лауазымы 1934 ж. 24 қарашада Түркия парламентінің арнайы қаулысымен оның түрік халқының алдында сіңірген зор еңбегі үшін берілді. Ататүрік тұсында ел тарихында тұңғыш рет банк жүйесі жасалды, еркін кәсіпкерліктің өрістеуіне кең жол ашылды, өркениетті сыртқы экономикалық байланыстар қалыптасты. Ататүріктің тікелей басқаруымен Түркияда саясат, құқық, оқу-ағарту, ғылым, әскери іс, т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды. Сұлтандық, халифат, шариғат соттары таратылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, араб жазуының орнына латын әліпбиі (1928) қабылданды, дін мемлекеттен бөлінді. 1926 ж. 1 қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл санау жүйесіне көшті. Ататүрік тарих ғылымы мен тіл білімі салаларына ерекше көңіл бөлді. 1931 ж. Түрік тарих қоғамы құрылды, 1932 ж. Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылып, тіл саясатының негізі қаланды. Ататүріктің басшылығымен түрік тілі бүкілхалықтық тілге айналды. 1938 ж. 10 қарашада Стамбул қаласында қайтыс болды.    
08.11.2012 11:38 7328

Соңғы редакциялау:

12 қазан, 2012

Ататүрік, Ғази Мұстафа Кемал Ататүрік —  Түркия Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті, түрік әлемінің ұлы қайраткері. Ататүрік 1881 ж. Селаникте (Салоникте) туған; ол осындағы әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбулдағы Бас штабтың академиясын (1905) бітірген. 1908 ж. Жас түріктер төңкерісіне қатысты. 1911 – 12 ж. Италия мен Түркия арасында болған соғысқа, 1912 – 13 ж. Балқан соғысына қатысып, өзінің әскери шеберлігін танытты. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Дарданелл, Кавказ, Сирия-Палестина майдандарындағы қолбасшылық қызметі үшін Ататүрікке түменбасы (генерал) және «Мұстафа Кемал паша» лауазымы берілді.

Мүдрос келісім-шартынан (1918 ж. 30 қазан) кейін Түркияға батыс елдері тарапынан қауіп төне бастады. Осыған байланысты Ататүрік басшылығымен «Ұлт бірлігі және азаттығы» партиясы басқыншыларға қарсы күресті өрістете отырып, 1919 ж. 22 маусымда халыққа «Отан тұтастығы және ұлт азаттығы қауіпте!» деген үндеу тастады. 1920 ж. сәуір айында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы болып сайланды. Мәжіліс Түркия тәуелсіз республика болуы керек деген шешім қабылдады. Бас қолбасшы ретінде Сақария қаласы үшін гректермен болған 22 тәулікке созылған ұрыста жеңіске жетуіне орай 1921 ж. қыркүйек айында Ататүрікке маршал дәрежесі мен «Ғази» (Gasі – жеңімпаз) атағы берілді. 1923 ж. 10 қазанда Ататүрік Түркия президенті болып тағайындалды. Мұстафа Кемалға «Ататүрік» («Түріктердің атасы») лауазымы 1934 ж. 24 қарашада Түркия парламентінің арнайы қаулысымен оның түрік халқының алдында сіңірген зор еңбегі үшін берілді.

Ататүрік тұсында ел тарихында тұңғыш рет банк жүйесі жасалды, еркін кәсіпкерліктің өрістеуіне кең жол ашылды, өркениетті сыртқы экономикалық байланыстар қалыптасты. Ататүріктің тікелей басқаруымен Түркияда саясат, құқық, оқу-ағарту, ғылым, әскери іс, т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды. Сұлтандық, халифат, шариғат соттары таратылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, араб жазуының орнына латын әліпбиі (1928) қабылданды, дін мемлекеттен бөлінді. 1926 ж. 1 қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл санау жүйесіне көшті. Ататүрік тарих ғылымы мен тіл білімі салаларына ерекше көңіл бөлді. 1931 ж. Түрік тарих қоғамы құрылды, 1932 ж. Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылып, тіл саясатының негізі қаланды. Ататүріктің басшылығымен түрік тілі бүкілхалықтық тілге айналды. 1938 ж. 10 қарашада Стамбул қаласында қайтыс болды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға