Жаңалықтар

Ноғайлы дәуірінің әдебиеті

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл Ноғайлы дәуірінің әдебиеті – Алтын Орданың ыдырау кезеңі мен қазақ хандығы құрылғанға дейінгі әдебиет. Ноғайлы дәуірі 14 – 16 ғ-лар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этн. топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді. Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды. Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты. Маңғыт ноғайлар Маңғыстау жерінде Кіші жүз қазақтарымен аралас-құралас тұрған. Кавказ ноғайлары (адыгей, қарашай, бұлғар, абхаз, ингуш, құмық, т.б.) кіші және үлкен Ноғай ордасының құрамында болды. Н. д. ә., негізінен, екі түрлі арнада дамыды: бірі – фольклор, екіншісі – ауыз әдебиеті. Фольклор саласында көптеген ғұрып өлеңдері мен ертегілер, шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Тотынама”, “Калила мен Димна”, т.б.) кең тарады. Қаһармандық мазмұндағы классик. эпос үлгілері (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Сайын”, т.б.) бұл кезеңде этн. сананың қозғаушы күші ретінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңғырып, толықтырылып, қайтадан эпик. айналымға түсті. Сонымен қатар ноғайлы заманының тарихи оқиғаларын қамтыған эпостық жырлар да бой көрсетті. Олар бірде жеке батырлардың іс-әрекеттеріне негізделсе (“Ер Тарғын”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”), бірде ондаған жырлардан құралатын, генеол. жүйеге негізделген эпик. топтама үлгісіне құрылды (“Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай – Қази”, “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, “Едіге”, “Нұрадин”, “Мұсахан”, т.б.). “Қырымның қырық батыры” деп аталған бұл жырлар Қазақстанның батыс аймақтарында сақталған. Оның толық нұсқасы 1942 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынса, кей үлгілерін (“Қарасай – Қази”, “Едіге”, “Орақ – Мамай”) 20 ғ-дың бас кезінде Нұртуған ақын жазбаша түрде қайта жаңғыртқан. Ноғайлы ұлысының кейін қазақ халқының этногенезін құраған көптеген түркі тайпаларын қамтығаны белгілі. Сондықтан ұлыс құрамындағы жеке ру-тайпа батырлары жыр үлгілерінде ноғайлы деген жалпы атау аясында көрінеді. Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиеті өкілдері қатарында Кетбұға, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез (Шалкиіз) жыраулар болды. Олардың шығармалары негізінен авторлық әдебиет көрінісі ретінде жыраулық поэзияға жол салды. Мұндай туындылар қазақ және ноғай әдебиетінде қатар сақталған, ортақ шығарма болып табылады. Олардың қатарында “Айсылдың ұлы Әмет батыр”, “Бозжігіт”, “Шора батыр”, “Әділ сұлтан” эпостық жырларын, “Тақырлауға қонған қаз, тырна” (Асан қайғы), “Алаң да алаң, алаң жұрт” (Қазтуған), “Би Темірге айтқаны”, “Шағырмақ бұлт жай тастар” (Шалгез), “Айнала бұлақ басы тең”, “Қоғалы көлдер қом сулар” (Доспамбет), “Ер Шобан” (Естерекұлы Ер Шобан), т.б. көптеген толғауларды атауға болады. Қазақ арасында ноғайлы жырлары, сондай-ақ ноғай әдебиетінде қазақ жырлары молынан сақталған. Ноғай әдебиетінің үлгісі ретінде жарық көрген “Біз – қазақпыз”, “Жорықта өлген жігіттің жыры”, “Асқар тау”, “Сары қыз”, “Алалай жыры”, “Ботагөз”, т.б. қазақ жырлары соның айғағы. Сонымен қатар оларда Асан қайғы Сәбитұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет Азауұлы, Қазтуған Сүйінішұлының қазақ әдебиетіне беймәлім шығармалары да баршылық. Осы тарихи кезеңде туған жазба әдебиет үлгілері де бар, бірақ олардың қай тарихи кезеңге жататындығы туралы түрлі пікірлер айтылып келеді. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді Дешті Қыпшақ немесе Алтын Орда дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Бірақ мұндай дәуірлеудің әлі де анықтай түсетін тұстары жеткілікті. Біріншіден, “Дешті Қыпшақ” (11 – 16 ғ-лар) өте кең ұғым, ол этн. негіздегі мемл. бірлестіктен гөрі тарихи-геогр. ұғымға жақын. Екіншіден, Алтын Орда дәуірінде (1243 – 1503) өмір сүрген шайырлар Құтыб “Хұсрау – Шырын”,  Хорезми “Мұхаббатнама”, Сайф Сараи “Гүлистан би-т-түрки”, Мұхаммед Салих “Шайбанинаме” сияқты жазба мұралар қалдырғанымен, олар ноғайлы дәуірінің этн. санасы мен эпик. дәстүрінен дараланып тұрады. Бұл жазба ескерткіштердің кейінгі ноғай әдебиетінде сақталмауы да көп нәрседен хабар береді, қ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Н. д. ә. үлгілерін М.Османов, В.В. Радлов, А.Жәнібек, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, А.Сикалиев, Ә.Дербісалин, т.б. ғалымдар зерттеді.     Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
08.11.2012 11:28 13584

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

Ноғайлы дәуірінің әдебиеті – Алтын Орданың ыдырау кезеңі мен қазақ хандығы құрылғанға дейінгі әдебиет. Ноғайлы дәуірі 14 – 16 ғ-лар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этн. топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді. Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды. Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты. Маңғыт ноғайлар Маңғыстау жерінде Кіші жүз қазақтарымен аралас-құралас тұрған. Кавказ ноғайлары (адыгей, қарашай, бұлғар, абхаз, ингуш, құмық, т.б.) кіші және үлкен Ноғай ордасының құрамында болды. Н. д. ә., негізінен, екі түрлі арнада дамыды: бірі – фольклор, екіншісі – ауыз әдебиеті. Фольклор саласында көптеген ғұрып өлеңдері мен ертегілер, шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Тотынама”, “Калила мен Димна”, т.б.) кең тарады. Қаһармандық мазмұндағы классик. эпос үлгілері (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Сайын”, т.б.) бұл кезеңде этн. сананың қозғаушы күші ретінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңғырып, толықтырылып, қайтадан эпик. айналымға түсті. Сонымен қатар ноғайлы заманының тарихи оқиғаларын қамтыған эпостық жырлар да бой көрсетті. Олар бірде жеке батырлардың іс-әрекеттеріне негізделсе (“Ер Тарғын”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”), бірде ондаған жырлардан құралатын, генеол. жүйеге негізделген эпик. топтама үлгісіне құрылды (“Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай – Қази”, “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, “Едіге”, “Нұрадин”, “Мұсахан”, т.б.). “Қырымның қырық батыры” деп аталған бұл жырлар Қазақстанның батыс аймақтарында сақталған. Оның толық нұсқасы 1942 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынса, кей үлгілерін (“Қарасай – Қази”, “Едіге”, “Орақ – Мамай”) 20 ғ-дың бас кезінде Нұртуған ақын жазбаша түрде қайта жаңғыртқан. Ноғайлы ұлысының кейін қазақ халқының этногенезін құраған көптеген түркі тайпаларын қамтығаны белгілі. Сондықтан ұлыс құрамындағы жеке ру-тайпа батырлары жыр үлгілерінде ноғайлы деген жалпы атау аясында көрінеді. Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиеті өкілдері қатарында Кетбұға, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез (Шалкиіз) жыраулар болды. Олардың шығармалары негізінен авторлық әдебиет көрінісі ретінде жыраулық поэзияға жол салды. Мұндай туындылар қазақ және ноғай әдебиетінде қатар сақталған, ортақ шығарма болып табылады. Олардың қатарында “Айсылдың ұлы Әмет батыр”, “Бозжігіт”, “Шора батыр”, “Әділ сұлтан” эпостық жырларын, “Тақырлауға қонған қаз, тырна” (Асан қайғы), “Алаң да алаң, алаң жұрт” (Қазтуған), “Би Темірге айтқаны”, “Шағырмақ бұлт жай тастар” (Шалгез), “Айнала бұлақ басы тең”, “Қоғалы көлдер қом сулар” (Доспамбет), “Ер Шобан” (Естерекұлы Ер Шобан), т.б. көптеген толғауларды атауға болады. Қазақ арасында ноғайлы жырлары, сондай-ақ ноғай әдебиетінде қазақ жырлары молынан сақталған. Ноғай әдебиетінің үлгісі ретінде жарық көрген “Біз – қазақпыз”, “Жорықта өлген жігіттің жыры”, “Асқар тау”, “Сары қыз”, “Алалай жыры”, “Ботагөз”, т.б. қазақ жырлары соның айғағы. Сонымен қатар оларда Асан қайғы Сәбитұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет Азауұлы, Қазтуған Сүйінішұлының қазақ әдебиетіне беймәлім шығармалары да баршылық. Осы тарихи кезеңде туған жазба әдебиет үлгілері де бар, бірақ олардың қай тарихи кезеңге жататындығы туралы түрлі пікірлер айтылып келеді. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді Дешті Қыпшақ немесе Алтын Орда дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Бірақ мұндай дәуірлеудің әлі де анықтай түсетін тұстары жеткілікті. Біріншіден, “Дешті Қыпшақ” (11 – 16 ғ-лар) өте кең ұғым, ол этн. негіздегі мемл. бірлестіктен гөрі тарихи-геогр. ұғымға жақын. Екіншіден, Алтын Орда дәуірінде (1243 – 1503) өмір сүрген шайырлар Құтыб “Хұсрау – Шырын”,  Хорезми “Мұхаббатнама”, Сайф Сараи “Гүлистан би-т-түрки”, Мұхаммед Салих “Шайбанинаме” сияқты жазба мұралар қалдырғанымен, олар ноғайлы дәуірінің этн. санасы мен эпик. дәстүрінен дараланып тұрады. Бұл жазба ескерткіштердің кейінгі ноғай әдебиетінде сақталмауы да көп нәрседен хабар береді, қ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Н. д. ә. үлгілерін М.Османов, В.В. Радлов, А.Жәнібек, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, А.Сикалиев, Ә.Дербісалин, т.б. ғалымдар зерттеді.

 

 

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға