Жаңалықтар

Аңырақай шайқасы

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Аңырақай шайқасы — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі (1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730). Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келді (1727). Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы бедерлі жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40 – 45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Итішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120 км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Көлдің ұзындығы – 10 – 12 км, ені – 2 км. Оның қасындағы шайқас өткен соғыс алаңының ұзындығы – 30 – 35 км, ені – 20 км. Аңырақай шайқасына 30 – 35 мың қазақ, 35 – 40 мың жоңғар әскері қатысты деген болжам бар. Орыс зерттеушілерінің деректеріне қарағанда 1723 – 25 жылдары қырғынға көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10 мың жасақ шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15 мыңдай болған. Адамдары көбірек сақталған Кіші жүз жер шалғайлығынан 10 – 15 мыңдай әскермен келді деп топшылауға болады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасында алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әртүрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы Дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қарабатыр, жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақты Саңырық, ысты – Төлек, шапырашты – Қазыбек бек, албан Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), Кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17 – 20 жасар Әбілмансұрдің (Абылайдың) жауға «Абылайлап» шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар – шымыр Ақша, күнту Барлыбай, сиқым Қарабатыр, т.б. шейіт болды. Итішпестің Алакөлі маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады. Оған шайқастың соңғы жағында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Болат ханның інісі Сәмеке (Шахмұхамед) ұлы хандыққа сайланбады. Көпшілік Болат ханның баласы Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолының көбісін Сәмеке хан соңынан ертіп солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Бұл жеңіс Орта Азиядағы саяси ахуалды күрт өзгертіп, етектен тартқандар енді қазақ елімен санаса бастады. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.
08.11.2012 11:14 5740

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Аңырақай шайқасы — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі (1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730). Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келді (1727). Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы бедерлі жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40 – 45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Итішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120 км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Көлдің ұзындығы – 10 – 12 км, ені – 2 км. Оның қасындағы шайқас өткен соғыс алаңының ұзындығы – 30 – 35 км, ені – 20 км. Аңырақай шайқасына 30 – 35 мың қазақ, 35 – 40 мың жоңғар әскері қатысты деген болжам бар. Орыс зерттеушілерінің деректеріне қарағанда 1723 – 25 жылдары қырғынға көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10 мың жасақ шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15 мыңдай болған. Адамдары көбірек сақталған Кіші жүз жер шалғайлығынан 10 – 15 мыңдай әскермен келді деп топшылауға болады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасында алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әртүрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы Дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қарабатыр, жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақты Саңырық, ысты – Төлек, шапырашты – Қазыбек бек, албан Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), Кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17 – 20 жасар Әбілмансұрдің (Абылайдың) жауға «Абылайлап» шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар – шымыр Ақша, күнту Барлыбай, сиқым Қарабатыр, т.б. шейіт болды. Итішпестің Алакөлі маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады. Оған шайқастың соңғы жағында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Болат ханның інісі Сәмеке (Шахмұхамед) ұлы хандыққа сайланбады. Көпшілік Болат ханның баласы Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолының көбісін Сәмеке хан соңынан ертіп солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Бұл жеңіс Орта Азиядағы саяси ахуалды күрт өзгертіп, етектен тартқандар енді қазақ елімен санаса бастады. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға