Жаңалықтар

Қазақ балеті

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ балеті – ұлттық сахна өнерінің бір түрі. Мазмұны муз.-хореогр. образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғ-дың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 ж. қазақ драма театры жанында муз. студия құрылды. Осы студияда классик. би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін (“Қара жорға”, “Келіншек”, “Бүркіт – қоян”) көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесасын негізге алып, Әли Ардобус қойған “Айман – Шолпан” муз. спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде қазақ муз. театры (қазіргі Қазақ опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың “Шұға”, “Қыз Жібек” қойылымдарына араласқан балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классик. би сабақтарын енгізіп, ұлттық қазақ хореогр. өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, К.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.) 30-жылдардың соңына қарай Қ. б. жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды “Қалқаман – Мамыр” балетінің (24.6.1938) тұсаукесер қойылымы Қ. б. үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған – М.Әуезов, комп. – В.Великанов, балетмейстері – Л.Жуков, суретшісі – О.Таңсықбаев). 1937 ж. 17 қаңтарында муз. театр негізінде Қазақ мемл. опера және балет театры құрылды. 40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады (“Аққу көлі”, “Коппеллия”, “Шопениано”, “Жизель”). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еур. бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореогр. өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетек. А.Селезневтың ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореогр. уч-щесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 ж. балет труппасының жетек. М.Моисеев В.Великановпен бірге “Қамбар – Назым” балетін сахнаға шығарады. 50-жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстрі Д.Әбіровтің келуімен Қ. б-н дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классик. орыс балеті дәстүрлерін сақтай отырып, “Қамбар – Назым”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты эпостық, фольклорлық мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-онкүндігінде үлкен театр сахнасында “Достық жолымен” балеті (балетмейстерлері Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қ. б. сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті. 60-жылдары “Шопениана”, “Болеро”, “Франческа да Римини” бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстр ретінде жемісті еңбек етті. 1974 ж. А.Хачатурянның “Спартак” балеті қойылуы Қ. б. өнері дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Республиканың Мемл. сыйлығын алды. 70 – 80-жылдары балет сахнасы балетмейстр мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған “Фрески” балеті (1981) Қазақстан муз.-хореогр. өнері жетістігінің жарқын көрінісі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың “Ақсақ құлан” балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың “Әлия” балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қарапайым қазақ қызының  бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды. 80 – 90-жылдары Қ. б. үшін тың ізденістермен сипаталады. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде жақын және алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар қызықты балеттер қойды (“Мадам Баттерфляй”, 1996 – балетмейстерлері Асами Маки және Киози Метани. “Корсар”, “Ұйқыдағы ару”, 1991, В.Владимиров). 1991 – 2000 ж. аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңлілі Гүлнұр және Гүлнар Ғаббасовалар, т.б. Қ. б-нің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. “Дәстүр сыйлығы” балет фестивалі, “Галина Уланова сыйлығы”, “Қазақстандықтар – әлем балетінің жұлдыздары” атты байқаулар өтті. 21 ғ-дың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістермен белгілі. Б.Аюханов жетекшілік ететін Мемл. академ. классик. би ансамблі республикадағы балет өнеріне 60-жылдары “Алматының жас балеті” би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылған бұл ұжым репертуарында бүгінде 37 бір актылы балет, 50-ден астам концерттік нөмір бар. Ұжым – камералық, аспаптық және симф. музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классик. әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды (“Гамлет”, муз. А.Исакова, “Татьяна Ларина”, муз. П.Чайковский – М.Плетнев, “Қылмыс пен жаза”, муз. Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты (“Батырлар”, А.Исакова, “Қыз Жібек”, Е.Брусиловский, “Ананың көз жасы”, Н.Зәкіров, “Шыңғысханның арпалысы”, М.Ерғалиева). 2000 ж. Астанада К.Байсейітова атынд. опера және балет театры ашылды. Г. Жұмасейітова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:12 20027

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ балеті – ұлттық сахна өнерінің бір түрі. Мазмұны муз.-хореогр. образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғ-дың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 ж. қазақ драма театры жанында муз. студия құрылды. Осы студияда классик. би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін (“Қара жорға”, “Келіншек”, “Бүркіт – қоян”) көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесасын негізге алып, Әли Ардобус қойған “Айман – Шолпан” муз. спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде қазақ муз. театры (қазіргі Қазақ опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың “Шұға”, “Қыз Жібек” қойылымдарына араласқан балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классик. би сабақтарын енгізіп, ұлттық қазақ хореогр. өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, К.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.) 30-жылдардың соңына қарай Қ. б. жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды “Қалқаман – Мамыр” балетінің (24.6.1938) тұсаукесер қойылымы Қ. б. үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған – М.Әуезов, комп. – В.Великанов, балетмейстері – Л.Жуков, суретшісі – О.Таңсықбаев). 1937 ж. 17 қаңтарында муз. театр негізінде Қазақ мемл. опера және балет театры құрылды. 40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады (“Аққу көлі”, “Коппеллия”, “Шопениано”, “Жизель”). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еур. бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореогр. өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетек. А.Селезневтың ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореогр. уч-щесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 ж. балет труппасының жетек. М.Моисеев В.Великановпен бірге “Қамбар – Назым” балетін сахнаға шығарады. 50-жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстрі Д.Әбіровтің келуімен Қ. б-н дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классик. орыс балеті дәстүрлерін сақтай отырып, “Қамбар – Назым”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты эпостық, фольклорлық мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-онкүндігінде үлкен театр сахнасында “Достық жолымен” балеті (балетмейстерлері Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қ. б. сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті. 60-жылдары “Шопениана”, “Болеро”, “Франческа да Римини” бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстр ретінде жемісті еңбек етті. 1974 ж. А.Хачатурянның “Спартак” балеті қойылуы Қ. б. өнері дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Республиканың Мемл. сыйлығын алды. 70 – 80-жылдары балет сахнасы балетмейстр мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды.

Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған “Фрески” балеті (1981) Қазақстан муз.-хореогр. өнері жетістігінің жарқын көрінісі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың “Ақсақ құлан” балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың “Әлия” балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қарапайым қазақ қызының  бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды.

80 – 90-жылдары Қ. б. үшін тың ізденістермен сипаталады. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде жақын және алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар қызықты балеттер қойды (“Мадам Баттерфляй”, 1996 – балетмейстерлері Асами Маки және Киози Метани. “Корсар”, “Ұйқыдағы ару”, 1991, В.Владимиров). 1991 – 2000 ж. аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңлілі Гүлнұр және Гүлнар Ғаббасовалар, т.б. Қ. б-нің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. “Дәстүр сыйлығы” балет фестивалі, “Галина Уланова сыйлығы”, “Қазақстандықтар – әлем балетінің жұлдыздары” атты байқаулар өтті. 21 ғ-дың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістермен белгілі.

Б.Аюханов жетекшілік ететін Мемл. академ. классик. би ансамблі республикадағы балет өнеріне 60-жылдары “Алматының жас балеті” би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылған бұл ұжым репертуарында бүгінде 37 бір актылы балет, 50-ден астам концерттік нөмір бар. Ұжым – камералық, аспаптық және симф. музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классик. әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды (“Гамлет”, муз. А.Исакова, “Татьяна Ларина”, муз. П.Чайковский – М.Плетнев, “Қылмыс пен жаза”, муз. Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты (“Батырлар”, А.Исакова, “Қыз Жібек”, Е.Брусиловский, “Ананың көз жасы”, Н.Зәкіров, “Шыңғысханның арпалысы”, М.Ерғалиева). 2000 ж. Астанада К.Байсейітова атынд. опера және балет театры ашылды.

Г. Жұмасейітова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға