Жаңалықтар

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14 ғ-лардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдік шеберлігі, образ жасауы жағынан бұл күрделі де кесек туынды. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), ұ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уәлиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870). Баян мен Қозының “ғашықтығы жайындағы” (Ш.Уәлиханов) бұл жырды С.А. Кастанье, Н.Абрамов, Г.Н. Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Н. Пантусов, Р.Ш. Әбдірахманов, Е.З. Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Ақын Г.Н. Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894, 1905 ж. Қазан қ-нда жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. М.Әуезов Алматыда шығарды. Содан бері бірнеше рет жеке түрде, түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Жырды М.ұабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеп, оның тарихи-әлеум. мәнін ашты. Жыр соңғы рет 2002 ж. Астана қ-нда басылып шықты. Кітап 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде жырдың 8 нұсқасы [Ш.Уәлиханов, В.В. Радлов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Г.Н. Потанин, Шөже ақын, Н.И. Ильминский, Дәуіт (қытай қазағы), Жанақ ақын] жинақталып берілген, 2-бөлім зерттеулерден құралған. Сондай-ақ, жырдың бір нұсқасы 2003 ж. Мәскеу қ-нда “Козы Корпеш – Баян сулу. Кыз Жибек: Казахский романический эпос” деген атпен 2 тілде (қазақ, орыс) басылып шықты. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мыс., башқұрттарда ол “Қозы Курпәс мәнән Маян сылу”, бараба татарларында “Қозы Көрпеш”, алтайлықтарда “Қозы Эркеш” деп аталады. “Қ. К. – Б. с.” жырының негізінде “Махаббат дастаны” кинофильмі (сценарийін жазған ұ.Мүсірепов) түсірілді (1954), драмалық шығарма (ұ.Мүсірепов) жазылды (1940). Н. Төреқұлов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 
08.11.2012 11:11 22493

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

“Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14 ғ-лардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдік шеберлігі, образ жасауы жағынан бұл күрделі де кесек туынды. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), ұ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уәлиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870). Баян мен Қозының “ғашықтығы жайындағы” (Ш.Уәлиханов) бұл жырды С.А. Кастанье, Н.Абрамов, Г.Н. Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Н. Пантусов, Р.Ш. Әбдірахманов, Е.З. Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Ақын Г.Н. Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894, 1905 ж. Қазан қ-нда жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. М.Әуезов Алматыда шығарды. Содан бері бірнеше рет жеке түрде, түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Жырды М.ұабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеп, оның тарихи-әлеум. мәнін ашты. Жыр соңғы рет 2002 ж. Астана қ-нда басылып шықты. Кітап 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде жырдың 8 нұсқасы [Ш.Уәлиханов, В.В. Радлов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Г.Н. Потанин, Шөже ақын, Н.И. Ильминский, Дәуіт (қытай қазағы), Жанақ ақын] жинақталып берілген, 2-бөлім зерттеулерден құралған. Сондай-ақ, жырдың бір нұсқасы 2003 ж. Мәскеу қ-нда “Козы Корпеш – Баян сулу. Кыз Жибек: Казахский романический эпос” деген атпен 2 тілде (қазақ, орыс) басылып шықты. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мыс., башқұрттарда ол “Қозы Курпәс мәнән Маян сылу”, бараба татарларында “Қозы Көрпеш”, алтайлықтарда “Қозы Эркеш” деп аталады. “Қ. К. – Б. с.” жырының негізінде “Махаббат дастаны” кинофильмі (сценарийін жазған ұ.Мүсірепов) түсірілді (1954), драмалық шығарма (ұ.Мүсірепов) жазылды (1940).

Н. Төреқұлов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға