Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (6.7.1940 ж. т., Алматы обл. Қаскелең ауд. Шамалған а.) – мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Президенті. Экон. ғыл. докт. (1992), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1993). 1958 ж. Днепродзержинск қ-ндағы (Украина) №8 тех. уч-щені, 1967 ж. Қарағанды металлургия комб. жанындағы жоғары тех. оқу орнын бітірді. Еңбек жолын Темірт  ау қ-ндағы “Қазметаллургқұрылыс” тресінің жұмысшысы болып бастаған. Кейін Қарағанды металлургия з-тында (Қарметкомбинат) шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, газ айдаушы болды. 1969 – 73 ж. Теміртау қ-ндағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973 – 77 ж. Қарағанды металлургия комбинатының партком жетекшісі, 1977 – 79 ж. Қарағанды қалалық партия к-тінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979 – 84 ж. Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 ж. Қазақстан Мин. Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы (1990 ж. ақпан – сәуір) болды. 1990 ж. 25 наурызда КСРО-да президенттік басқару ин-ты енгізілуіне орай 12-сайланған республика Жоғ. Кеңесі “Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылдады (24.4. 1990) және сол күні Н. Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. Сонымен бірге Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы қызметін қоса атқарды. Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 ж. 10 желтоқсанда қол қой­ылған “Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы” заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1991 ж. 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда Н. республика азаматтарының 98,78% дауысына ие болып, жеңіске жетті. 1995 ж. 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н-тың президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Парламентінің шешімімен 1999 ж. 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Н. 79,78%, 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда 91%-дан астам дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде қысқа мерзім ішінде ұлттық қауіпсіздік құрылымы, қарулы күштер, мемл. рәміздер, мемл. басқару жүйесі секілді жаңа Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері қаланды. Егемен Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшысының алдында елде нарықтық экономиканы қалыптастыру, демократия, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған кең көлемді шараларды іске асыру міндеттері тұрды. Н-тың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демокр. ин-ттарды дамытуға бағытталды. Елдің күнделікті өміріне сөз бостандығы, сайлау құқығы, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т.б. азаматтық қоғамның либералдық құндылықтары енгізіле бастады. Президенттің бастамасымен және тікелей бақылауымен елде сайлау заңнамасын, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен бейүкіметтік ұйымдардың қызметін жетілдіру, жергілікті өкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Экон., саяси және демокр. өзгерістердің нәтижелі жүргізілуіне президенттік басқару нысанындағы мемл. құрылыс үлгісі игі әсерін тигізді. Н. кеңестік жоспарлы әкімш. жүйе мен бірыңғай халық ш. кешенінің құлдырауынан кей­ін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды. Бастапқы кезеңде ағымдағы мәселелерді шешумен қатар болашаққа арналған жоспарларды әзірлеуді қолға алды. 1992 жылдың басында “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын” әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Сол жылдардағы қажырлы еңбектің нәтижесінде елде инфляция деңгейін төмендету, өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық ш-ты реформалау, т.б. іс-шаралар жүзеге асырылды. 1997 жылдың басына қарай елде реформалар жүргізу барысында қол жеткізілген нәтижелер мемл. стратег. мақсат-міндеттердің жаңа сапалық деңгейіне шығуына мүмкіндік берді. Осындай жағдайда Н-тың жетекшілігімен “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” әзірленіп, мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясының іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді. 1997 ж. 20 қазанда Н. Ақмола қ-н Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). Н-тың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестиц. ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықар. қаржы ин-ттарымен қарқынды экон. ынтымақтасуға игі ықпал етті. Экономиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту, т.б. шараларды көздейтін ірі әлеум. бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды, Қазақстан кірісі жағынан орта деңгейдегі елдердің тобына қосылды, елде тұрақты әлеум.-экон. дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрылды. Республика экономикасын одан әрі дамыту мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновац. даму стратегиясы әзірленіп, инвестиц. және инновац. қорлар құрылды. Елдің ішкі саясатында Н. Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне ерекше мән береді. Оның бастамасымен республикада жүргізілген саяси реформалар мынадай нәтижелер берді: Қазақстанда демокр. ин-ттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көппартиялық жүйе орнықты; 5 мыңнан астам бейүкіметтік ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам ин-ттары мен құрылымдары жасақталды; тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның үстемдігі; сөз бостандығы қамтамасыз етілді, мемл. емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылды; адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалды; Қазақстан діни сенім бостандығын қамтамасыз етіп, конфессияаралық келісім мен діни тең құқылық орнықты. Н. саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын ұсынып, мемл., саяси және қоғамдық ин-ттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздеді. Оның мәні – Қазақстанды батыс демократиясы мен қағидаттарына және Оңт.-Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибелеріне, халықтың негізгі дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру. Н. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемл. бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орт. құрылды (2000). Н. қазіргі заманғы әлемдік өзгерістерді және елдегі саяси-әлеум. реформаларды ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасап, оның стратег. мақсат-міндеттерін, негізгі принциптері мен басты бағыттарын айқындады. Өзара байланыс ауқымын кеңейту мақсатында Н. Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және ТМД органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Н-тың 1994 ж. наурызда ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы идеясы ерекше маңызға ие болды. Оның ойынша, бұл одақ ТМД елдері ықпалдасуының болашақтағы нысаны ретінде Еуразия өркениетіне серпіліс береді. Н-тың түрлі мәдениеттер, діндер, өркениеттер арасында жүйелі сұхбат орнату бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясаты ерекше мәнге ие. Н. ғылымның дамуына, білім беру жүйесін реформалауды іске асыруға қомақты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан халықтары ассамблеясының жетекшісі (1995) және Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы (1992), сондай-ақ Орт. Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде елде азаматтық келісім ахуалын орнықтырып, Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықар. саяси, экон., мәдени ынтымақтастық аясын кеңейтуге үлесін қосып келеді. 1992 ж. Н-қа “ТМД-дағы аса маңызды республикалардың бірінде жаңа саяси, экон. және әлеум. жүйені дамытып, нығайтуға сіңірген қомақты үлесі үшін” “Капри сыйлығы” берілді. 1998 ж. желтоқсанда Түркия Республикасының 75 жылдығына орай “Түркі әлемі халықтарының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін” сыйлығы, 1999 ж. 8 маусымда “Түркі әлеміне қызмет еткені үшін” сыйлығы, 1996 ж. 22 маусымда прогресті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Кранс-Монтана халықар. форумының арнаулы жүлдесі, т.б. табыс етілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Ресейдің жоғары мемл. наградасы – Қасиетті апостол Андрей Первозванный  (12.10.1998), Өзбекстанның “Буюк хизматлари учун” (Үздік табыстары үшін), Румын елінің аса мәртебелі наградасы – “Стяуа Ромынией” (Румыния жұлдызы), т.б. ордендермен марапатталды. 1999 ж. 26 қазанда Н-қа “Алтын Атлант” сыйлығы мен халықар. технол. академиясының мүшелік дипломы және Ниобий медалі берілді.   Шығ.: Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления, А.-А., 1988; Без правых и левых, М., 1991; Әділеттің ақ жолы, А., 1991; Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства, А., 1992; Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана, А., 1993; Ресурстарды сақтау және нарыққа өту стратегиясы: нарық және әлеуметтік-экономикалық даму, А., 1994; Слово об Абае, А., 1995; Ғасырлар тоғысында, А., 1996; О времени, о судьбах, о себе, Лонд., 1997; Жаңа Астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам, Аст., 1998; Тарих толқынында, А., 1999; Туған елім – тірегім, А., 2001; Стратегия трансформаций общества и возрождения евразийской цивилизации, М., 2002; Бейбітшілік кіндігі, А., 2002; Сындарлы он жыл, А., 2002; Бәйтерек, А., 2005. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 11:10 5030

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (6.7.1940 ж. т., Алматы обл. Қаскелең ауд. Шамалған а.) – мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Президенті. Экон. ғыл. докт. (1992), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1993). 1958 ж. Днепродзержинск қ-ндағы (Украина) №8 тех. уч-щені, 1967 ж. Қарағанды металлургия комб. жанындағы жоғары тех. оқу орнын бітірді. Еңбек жолын Темірт  ау қ-ндағы “Қазметаллургқұрылыс” тресінің жұмысшысы болып бастаған. Кейін Қарағанды металлургия з-тында (Қарметкомбинат) шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, газ айдаушы болды. 1969 – 73 ж. Теміртау қ-ндағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973 – 77 ж. Қарағанды металлургия комбинатының партком жетекшісі, 1977 – 79 ж. Қарағанды қалалық партия к-тінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979 – 84 ж. Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 ж. Қазақстан Мин. Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы (1990 ж. ақпан – сәуір) болды. 1990 ж. 25 наурызда КСРО-да президенттік басқару ин-ты енгізілуіне орай 12-сайланған республика Жоғ. Кеңесі “Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылдады (24.4. 1990) және сол күні Н. Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. Сонымен бірге Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы қызметін қоса атқарды. Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 ж. 10 желтоқсанда қол қой­ылған “Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы” заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1991 ж. 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда Н. республика азаматтарының 98,78% дауысына ие болып, жеңіске жетті. 1995 ж. 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н-тың президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Парламентінің шешімімен 1999 ж. 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Н. 79,78%, 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда 91%-дан астам дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде қысқа мерзім ішінде ұлттық қауіпсіздік құрылымы, қарулы күштер, мемл. рәміздер, мемл. басқару жүйесі секілді жаңа Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері қаланды. Егемен Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшысының алдында елде нарықтық экономиканы қалыптастыру, демократия, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған кең көлемді шараларды іске асыру міндеттері тұрды. Н-тың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демокр. ин-ттарды дамытуға бағытталды. Елдің күнделікті өміріне сөз бостандығы, сайлау құқығы, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т.б. азаматтық қоғамның либералдық құндылықтары енгізіле бастады. Президенттің бастамасымен және тікелей бақылауымен елде сайлау заңнамасын, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен бейүкіметтік ұйымдардың қызметін жетілдіру, жергілікті өкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Экон., саяси және демокр. өзгерістердің нәтижелі жүргізілуіне президенттік басқару нысанындағы мемл. құрылыс үлгісі игі әсерін тигізді. Н. кеңестік жоспарлы әкімш. жүйе мен бірыңғай халық ш. кешенінің құлдырауынан кей­ін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды. Бастапқы кезеңде ағымдағы мәселелерді шешумен қатар болашаққа арналған жоспарларды әзірлеуді қолға алды. 1992 жылдың басында “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын” әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Сол жылдардағы қажырлы еңбектің нәтижесінде елде инфляция деңгейін төмендету, өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық ш-ты реформалау, т.б. іс-шаралар жүзеге асырылды. 1997 жылдың басына қарай елде реформалар жүргізу барысында қол жеткізілген нәтижелер мемл. стратег. мақсат-міндеттердің жаңа сапалық деңгейіне шығуына мүмкіндік берді. Осындай жағдайда Н-тың жетекшілігімен “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” әзірленіп, мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясының іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді. 1997 ж. 20 қазанда Н. Ақмола қ-н Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). Н-тың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестиц. ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықар. қаржы ин-ттарымен қарқынды экон. ынтымақтасуға игі ықпал етті. Экономиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту, т.б. шараларды көздейтін ірі әлеум. бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды, Қазақстан кірісі жағынан орта деңгейдегі елдердің тобына қосылды, елде тұрақты әлеум.-экон. дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрылды. Республика экономикасын одан әрі дамыту мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновац. даму стратегиясы әзірленіп, инвестиц. және инновац. қорлар құрылды. Елдің ішкі саясатында Н. Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне ерекше мән береді. Оның бастамасымен республикада жүргізілген саяси реформалар мынадай нәтижелер берді: Қазақстанда демокр. ин-ттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көппартиялық жүйе орнықты; 5 мыңнан астам бейүкіметтік ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам ин-ттары мен құрылымдары жасақталды; тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның үстемдігі; сөз бостандығы қамтамасыз етілді, мемл. емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылды; адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалды; Қазақстан діни сенім бостандығын қамтамасыз етіп, конфессияаралық келісім мен діни тең құқылық орнықты. Н. саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын ұсынып, мемл., саяси және қоғамдық ин-ттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздеді. Оның мәні – Қазақстанды батыс демократиясы мен қағидаттарына және Оңт.-Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибелеріне, халықтың негізгі дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру. Н. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемл. бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орт. құрылды (2000). Н. қазіргі заманғы әлемдік өзгерістерді және елдегі саяси-әлеум. реформаларды ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасап, оның стратег. мақсат-міндеттерін, негізгі принциптері мен басты бағыттарын айқындады. Өзара байланыс ауқымын кеңейту мақсатында Н. Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және ТМД органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Н-тың 1994 ж. наурызда ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы идеясы ерекше маңызға ие болды. Оның ойынша, бұл одақ ТМД елдері ықпалдасуының болашақтағы нысаны ретінде Еуразия өркениетіне серпіліс береді. Н-тың түрлі мәдениеттер, діндер, өркениеттер арасында жүйелі сұхбат орнату бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясаты ерекше мәнге ие. Н. ғылымның дамуына, білім беру жүйесін реформалауды іске асыруға қомақты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан халықтары ассамблеясының жетекшісі (1995) және Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы (1992), сондай-ақ Орт. Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде елде азаматтық келісім ахуалын орнықтырып, Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықар. саяси, экон., мәдени ынтымақтастық аясын кеңейтуге үлесін қосып келеді. 1992 ж. Н-қа “ТМД-дағы аса маңызды республикалардың бірінде жаңа саяси, экон. және әлеум. жүйені дамытып, нығайтуға сіңірген қомақты үлесі үшін” “Капри сыйлығы” берілді. 1998 ж. желтоқсанда Түркия Республикасының 75 жылдығына орай “Түркі әлемі халықтарының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін” сыйлығы, 1999 ж. 8 маусымда “Түркі әлеміне қызмет еткені үшін” сыйлығы, 1996 ж. 22 маусымда прогресті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Кранс-Монтана халықар. форумының арнаулы жүлдесі, т.б. табыс етілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Ресейдің жоғары мемл. наградасы – Қасиетті апостол Андрей Первозванный  (12.10.1998), Өзбекстанның “Буюк хизматлари учун” (Үздік табыстары үшін), Румын елінің аса мәртебелі наградасы – “Стяуа Ромынией” (Румыния жұлдызы), т.б. ордендермен марапатталды. 1999 ж. 26 қазанда Н-қа “Алтын Атлант” сыйлығы мен халықар. технол. академиясының мүшелік дипломы және Ниобий медалі берілді.

 

Шығ.: Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления, А.-А., 1988; Без правых и левых, М., 1991; Әділеттің ақ жолы, А., 1991; Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства, А., 1992; Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана, А., 1993; Ресурстарды сақтау және нарыққа өту стратегиясы: нарық және әлеуметтік-экономикалық даму, А., 1994; Слово об Абае, А., 1995; Ғасырлар тоғысында, А., 1996; О времени, о судьбах, о себе, Лонд., 1997; Жаңа Астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам, Аст., 1998; Тарих толқынында, А., 1999; Туған елім – тірегім, А., 2001; Стратегия трансформаций общества и возрождения евразийской цивилизации, М., 2002; Бейбітшілік кіндігі, А., 2002; Сындарлы он жыл, А., 2002; Бәйтерек, А., 2005.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға