Жаңалықтар

Алтынсарин Ыбырай

16 қазан 2012 Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) (2.11.1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. — 30.7.1889, Қостанай) — ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімш. орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек А. бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 — 59 ж. аралығында А. атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 ж. А-ге обл. басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан былай А-ның ағартушылық-пед. қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан ағартушылық идеяларымен қанаттанған А. көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. А-ның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. А. дүние жүзі пед. классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860 — 79 ж. арасында А. мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868 — 74 ж. Орынбор ген.-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап А. зайырлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол обл., уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол “Болыстық қазақ мектептері туралы записка” жазды. Мұнда А. тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. А-ның ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-қырғыз училищелерінің жақсы бітірген жастар алынды. А. қазақ жастары арасынан экон. салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, а. ш. уч-щелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер уч-щесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш уч-щесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. А. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай обл-ның барлық уездерінде қыздар уч-щелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат — ол қайтыс болған соң, екі жыл өткенде келіп, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар уч-щелері ашылды. А. орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ уч-щесінде Ушинскийдің “Балалар дүниесін”, Л.Н. Толстойдың “Әліппе және оқу құралын”, Д.И.Тихомировтың  “Грамматиканың қарапайым курсын” оқу құралы ретінде ұсынды. А-нің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның “Қазақ хрестоматиясы” атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. А. өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отырықшылыққа көшуі т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемл. қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 ж. “Оренбургский листок” газетінде өз наразылығын білдірді. А. — жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады (“Оқысаныз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар”). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (“Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі — Ел ақылға жарымас”). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (“Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу”). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның “Өнер-білім бар жұрттар” деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады (“Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді”). Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу А-нің лирик. өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің “Жаз”, “Өзен” атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы — Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, ақтың көбеюімен, табиғат пен адамның өзара табысып астасқан сәтімен қатар алып суреттейді. Күн мен Жердің мейірім-шапағатын ата-ана кейпінде, ал қызыл-жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу А-нің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады. А-нің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй” тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес “Аурудан аяған күштірек”, “Асыл шөп”, “Шеше мен бала”, “Бай мен жарлы баласы”, “Таза бұлақ” т.б. әңгімелері де әсерлі де көркем шығармалар. А. Ушинский, Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен А-нің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер жарық көрді. Арқалық қ-нда А. мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, А-ға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда А. атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың т.б. бар. Шығ.: Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Өлеңдер жинағы, А., 1935; Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; Избр. произв, А.-А., 1957; Собр. соч. в 3-х тт. Т.1-3, А.-А., 1975, 1978. Әңгімелер, А., 1980. Әдеб.: Дербісалин Ә.Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965; Тажибаев Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века, А.-А., 1958. М.Жармұхаметұлы, Б.Айтмамбетова  
08.11.2012 10:53 7709

16 қазан 2012

Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) (2.11.1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. — 30.7.1889, Қостанай) — ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімш. орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек А. бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 — 59 ж. аралығында А. атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 ж. А-ге обл. басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан былай А-ның ағартушылық-пед. қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан ағартушылық идеяларымен қанаттанған А. көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. А-ның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. А. дүние жүзі пед. классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860 — 79 ж. арасында А. мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868 — 74 ж. Орынбор ген.-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап А. зайырлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол обл., уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол “Болыстық қазақ мектептері туралы записка” жазды. Мұнда А. тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. А-ның ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-қырғыз училищелерінің жақсы бітірген жастар алынды. А. қазақ жастары арасынан экон. салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, а. ш. уч-щелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер уч-щесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш уч-щесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. А. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай обл-ның барлық уездерінде қыздар уч-щелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат — ол қайтыс болған соң, екі жыл өткенде келіп, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар уч-щелері ашылды.

А. орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады.

Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ уч-щесінде Ушинскийдің “Балалар дүниесін”, Л.Н. Толстойдың “Әліппе және оқу құралын”, Д.И.Тихомировтың  “Грамматиканың қарапайым курсын” оқу құралы ретінде ұсынды. А-нің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның “Қазақ хрестоматиясы” атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. А. өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отырықшылыққа көшуі т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемл. қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 ж. “Оренбургский листок” газетінде өз наразылығын білдірді.

А. — жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады (“Оқысаныз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар”). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (“Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі — Ел ақылға жарымас”). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (“Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу”). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның “Өнер-білім бар жұрттар” деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады (“Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді”).

Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу А-нің лирик. өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің “Жаз”, “Өзен” атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы — Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, ақтың көбеюімен, табиғат пен адамның өзара табысып астасқан сәтімен қатар алып суреттейді. Күн мен Жердің мейірім-шапағатын ата-ана кейпінде, ал қызыл-жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу А-нің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады.

А-нің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй” тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес “Аурудан аяған күштірек”, “Асыл шөп”, “Шеше мен бала”, “Бай мен жарлы баласы”, “Таза бұлақ” т.б. әңгімелері де әсерлі де көркем шығармалар. А. Ушинский, Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен А-нің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер жарық көрді. Арқалық қ-нда А. мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, А-ға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда А. атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың т.б. бар.

Шығ.: Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Өлеңдер жинағы, А., 1935; Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; Избр. произв, А.-А., 1957; Собр. соч. в 3-х тт. Т.1-3, А.-А., 1975, 1978. Әңгімелер, А., 1980.

Әдеб.: Дербісалин Ә.Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965; Тажибаев Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века, А.-А., 1958.

М.Жармұхаметұлы, Б.Айтмамбетова

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға