Жаңалықтар

Қажымұқан

12 қазан, 2012 Қажымұқан, Мұқан Мұңайтпасұлы — французша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы; әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ. Қажымұқан 1883 ж. (бұрынғы деректерде 1871 ж. деп жазылып келді) Ақмола облысының Қараөткел ауылында өмірге келген. Оның палуандық жолы 1901 ж. басталады. Омбы қаласында жаңадан ашылған циркте орыстың тұңғыш кәсіби палуандарының бірі Иван Злобинмен белдеседі. Қазақ баласының ерен күшін көрген ол Мұқанға Петербургтегі күрес мектебіне түсуге кеңес береді. Сөйтіп, Мұқан палуандар арасында “Ваня ағай” деген атпен әйгілі болған Иван Лебедевтің күрес мектебіне 1903 ж. оқуға түсіп, екі жыл оқиды. Мұқан алғашқы ірі табысқа 1908 ж. жетті. Германияның Кельн қаласында өткен жарыстағы шешуші белдесуде немістің атақты палуаны Генрих Веберді жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы болды. 1909 ж. Рига қаласында дүние жүзінің атақты палуандары қатысқан үлкен жарыста бас бәйгені жеңіп алды. Ал 1910 ж. Варшавада өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальға ие болды. Осы жылы дүние жүзінің чемпионы, ресейлік Иван Шемякин екеуі Америкаға барды. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен өткен жарыста үлкен алтын медаль алып қайтты. Бұл бәсекелерде Мұқан жарысты ұйымдастырушылардың ұйғаруымен бірде “жапон Ямагата Муханура”,  енді бірде “Муканов-Муханура” болып күресіп жүрді. 1911 ж. Мекке-Мединеге барып, Джидда қаласында өткен жарыста 25 палуанды жыққаны үшін “қажы”  атағы беріліп, Қажымұқан атанды. Палуандарға арналған “Геркулес” журналында сол кезде “Палуандық асқан қасиеті үшін оған “қажы” атағы  берілді” деп жазды. Бүкіл дүние жүзіне атағы жайылған палуан Муханура-Муканов бұдан былай “Қажымұқан” деген атпен күресетін болды” деп жазылды. Мұқан бұл есіммен күреске бірінші рет Ресейдің (1912 жылдың 3-мамыры) Саратов қаласында ағайынды Никитиндер циркінде шықты. Қажымұқанның жеңісті жолдары жалғасып, Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда бірқатар жеңістерге жетті. 1913 ж. Троицк қаласында, 1914 ж. Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сол жылы Уфа қаласындағы ірі жарыста жеңімпаз болды. Ол Харбин, Токио қалаларында жапон халқының ұлттық күресі джиу-джицуден сол елдің атақты палуандары Саракики Жиндофумен және Оно Окитаромен белдесіп, көрермендердің көңілінен шықты. Ол Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Варшава, Будапешт, Берлин, Прага, Лондон қалаларында өнер көрсетті. Қазақ палуаны барлық жарыстарда күреске Ресейдің атынан түсіп жүрді. «Қажымұқанмын қазақта күшім асқан, Достарым алып палуан орыстардан. «Черный Иван» атанып он екі жыл, Жиырма төрт патшаның жерін басқам» деп өзі айтқандай орыстың атақты палуандары, дүние жүзінің чемпионы атағын жеңіп алған Иван Поддубныймен, Иван Шемякинмен, Иван Зайкинмен және атақты палуан Вейланд Шульцпен өмір бойы дос болып өтті. 1927 ж. Қажымұқан Мұңайтпасовқа “Қазақ даласының батыры” атағын берді. Ұлы палуан 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында жасының егде тартқанына қарамай ел аралап, күш өнерін көрсетіп, жиналған жүз мың сом қаржыға ұшақ жасатып, оған Амангелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жіберді. Қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев осы ұшақпен 120-дан аса жауынгерлік тапсырма орындады. Қажымұқан өзінің спорттық жолында 48 алтын, күміс, қола медаль алған. Ол алып күш иесі еді; бойы 186 см, салмағы 130 кг болған. Қажымұқан 1948 ж. 12-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темірлан ауылында дүние салды. Астана және Шымкент қалаларындағы орталық стадионға ұлы палуанның есімі берілген. Алматы, Астана, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атындағы көшелер бар.  
08.11.2012 10:43 7097

12 қазан, 2012

Қажымұқан, Мұқан Мұңайтпасұлы — французша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы; әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ. Қажымұқан 1883 ж. (бұрынғы деректерде 1871 ж. деп жазылып келді) Ақмола облысының Қараөткел ауылында өмірге келген. Оның палуандық жолы 1901 ж. басталады. Омбы қаласында жаңадан ашылған циркте орыстың тұңғыш кәсіби палуандарының бірі Иван Злобинмен белдеседі. Қазақ баласының ерен күшін көрген ол Мұқанға Петербургтегі күрес мектебіне түсуге кеңес береді. Сөйтіп, Мұқан палуандар арасында “Ваня ағай” деген атпен әйгілі болған Иван Лебедевтің күрес мектебіне 1903 ж. оқуға түсіп, екі жыл оқиды. Мұқан алғашқы ірі табысқа 1908 ж. жетті. Германияның Кельн қаласында өткен жарыстағы шешуші белдесуде немістің атақты палуаны Генрих Веберді жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы болды. 1909 ж. Рига қаласында дүние жүзінің атақты палуандары қатысқан үлкен жарыста бас бәйгені жеңіп алды. Ал 1910 ж. Варшавада өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальға ие болды. Осы жылы дүние жүзінің чемпионы, ресейлік Иван Шемякин екеуі Америкаға барды. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен өткен жарыста үлкен алтын медаль алып қайтты. Бұл бәсекелерде Мұқан жарысты ұйымдастырушылардың ұйғаруымен бірде “жапон Ямагата Муханура”,  енді бірде “Муканов-Муханура” болып күресіп жүрді. 1911 ж. Мекке-Мединеге барып, Джидда қаласында өткен жарыста 25 палуанды жыққаны үшін “қажы”  атағы беріліп, Қажымұқан атанды. Палуандарға арналған “Геркулес” журналында сол кезде “Палуандық асқан қасиеті үшін оған “қажы” атағы  берілді” деп жазды. Бүкіл дүние жүзіне атағы жайылған палуан Муханура-Муканов бұдан былай “Қажымұқан” деген атпен күресетін болды” деп жазылды. Мұқан бұл есіммен күреске бірінші рет Ресейдің (1912 жылдың 3-мамыры) Саратов қаласында ағайынды Никитиндер циркінде шықты. Қажымұқанның жеңісті жолдары жалғасып, Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда бірқатар жеңістерге жетті. 1913 ж. Троицк қаласында, 1914 ж. Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сол жылы Уфа қаласындағы ірі жарыста жеңімпаз болды. Ол Харбин, Токио қалаларында жапон халқының ұлттық күресі джиу-джицуден сол елдің атақты палуандары Саракики Жиндофумен және Оно Окитаромен белдесіп, көрермендердің көңілінен шықты. Ол Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Варшава, Будапешт, Берлин, Прага, Лондон қалаларында өнер көрсетті. Қазақ палуаны барлық жарыстарда күреске Ресейдің атынан түсіп жүрді.

«Қажымұқанмын қазақта күшім асқан, Достарым алып палуан орыстардан. «Черный Иван» атанып он екі жыл, Жиырма төрт патшаның жерін басқам» деп өзі айтқандай орыстың атақты палуандары, дүние жүзінің чемпионы атағын жеңіп алған Иван Поддубныймен, Иван Шемякинмен, Иван Зайкинмен және атақты палуан Вейланд Шульцпен өмір бойы дос болып өтті.

1927 ж. Қажымұқан Мұңайтпасовқа “Қазақ даласының батыры” атағын берді. Ұлы палуан 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында жасының егде тартқанына қарамай ел аралап, күш өнерін көрсетіп, жиналған жүз мың сом қаржыға ұшақ жасатып, оған Амангелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жіберді. Қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев осы ұшақпен 120-дан аса жауынгерлік тапсырма орындады. Қажымұқан өзінің спорттық жолында 48 алтын, күміс, қола медаль алған. Ол алып күш иесі еді; бойы 186 см, салмағы 130 кг болған. Қажымұқан 1948 ж. 12-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темірлан ауылында дүние салды. Астана және Шымкент қалаларындағы орталық стадионға ұлы палуанның есімі берілген. Алматы, Астана, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атындағы көшелер бар.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға